Талдау стратегиясы

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Тақырыбы

І. Жансүгіров — «Әнші»

Сабақ түрі мен типі

Жаңа сабақ; жаңа материалды меңгеру

Оқытудың формасы

Ұжымдық (топтық жұмыстармен)

Көрнекілік

Интерактивті тақта, суреттер, кітап көрмесі, бағалау парағы

Сабақтың мақсаты

  • Ілияс Жансүгіровтің өмірі, қызметі, шығармашылығы туралы өздігінен білім алуға жағдай жасау; «Әнші» өлеңімен таныстыру; шығарманы талдап, түсініп, мәнерлеп оқуға үйрету.
  • Оқушылардың сөздік қорын, шығармашылық қабілетін және ой-өрісін дамыту.
  • Ілияс шығармалары арқылы эстетикалық тәрбие қалыптастыру.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

СТО стратегиялары Сұрақ-жауап Топпен жұмыс Талдау-жинақтау Топтастыру Баяндау Тест

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды топқа бөлу, таныстыру, сәлемдесу.
  • Топ басшыларына бағалау парағын тарату.

II. Жаңа сабақ

1) Қызығушылықты ояту

Ой қозғау: алдын ала тапсырмалар

1-топ: «Құлагер»

«І. Жансүгіров туралы не білесіңдер?» сұрағына «Сандар сыр шертеді» кестесі бойынша шолу жасайды.

Ілияс Жансүгіров: негізгі деректер

  • 1894 — Талдықорған өңірі, Ақсу ауылында дүниеге келді.
  • 1905–1911 — әкесінен хат танып, молдадан оқып, Қарағаштағы татар үлгісіндегі мектепте білім алды.
  • 1916 — «Әншіге» өлеңін жазады.
  • 1920 — Алматыға келіп, үш айлық мұғалімдер курсын аяқтайды.
  • 1925 — Мәскеудегі журналистика институтына түседі.
  • 1928 — елге оралып, «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде қызмет атқарады; «Сағанақ» атты тұңғыш кітабы жарық көреді.
  • 1934–1936 — Қазақстан көркем әдебиет баспасында поэзия бөлімін басқарады.
  • 1938 — саяси қуғын-сүргін құрбаны болып, ату жазасына кесіледі.

Ой қозғау: балаларға арналған шығармалар

2-топ: «Күйші»

«І. Жансүгіровтің балаларға арналған қандай шығармаларын білесіңдер?» сұрағын талқылайды.

  • «Шәркей»
  • «Бұлт»
  • «Сабын»
  • «Жазғытұрым»
  • «Анам тілі»
  • «Жас бұлбұлдарға» және т.б.

Кітап көрмесі арқылы ақынның өзге де шығармаларына қысқаша шолу жасайды.

Топтастыру

«Ілияс кім?» тақырыбы бойынша оқушылардың ойлары жинақталып, негізгі ұғымдар кластер түрінде беріледі.

2) Мағынаны тану

Жаңа тақырып: «Әнші» өлеңі

Түсіну: екі топ мәтінді өздігінен оқиды.

Бағдар сұрақ: өлең кім туралы?

Мұғалімнің қорытындысы: Әсет туралы

Әсет Найманбайұлы (1867–1923) — қазақтың атақты әнші-композиторы, суырыпсалма ақыны. Қарқаралы уезі Темірші болысындағы 8-ауылда (қазіргі Қарағанды облысы, Қоңырат ауданы, Қызыларай ауылы) туған. Керегетас, Қызыларай таулары мен Қаршығалы өзенінің бойы — Әсеттің атамекені.

Қорытынды сұрақ: «Әсет туралы не білдік? Ол кім?»

3) Оқулықпен жұмыс

Мәнерлеп оқу

  • Өлеңді дауыстап оқу.
  • Дұрыс екпін мен ырғаққа мән беру.

Сөздік жұмысы

Желқабыз (сын есім)
1) Әуесқой. 2) Жеңілтек мінезді, ұшқалақ.
Делебесін қоздыру (етістік)
Желіктіру, қызықтыру.

4) Талдау және жинақтау

Композициялық құрылым бойынша сатылай талдау

Шығарманың тақырыбы
Шығарманың авторы
Жанр түрі
Кейіпкерлері
Оқиғаның басталуы
Оқиғаның шиеленісуі
Шарықтау шегі
Аяқталуы
Идеясы мен шешімі

Еркін жауап: талдау сұрақтары

  1. 1.Өлең кімнің атынан жырланады?
  2. 2.Ән мен оның мәтіні қандай бірлікте болуы керек деген ой айтылады?
  3. 3.Әсет салған әннің нақыш-өрнегі қалай сипатталады?
  4. 4.Өлеңде қандай жер-су атаулары беріледі, не себепті?
  5. 5.Қандай көрші мемлекеттер аталады?
  6. 6.Әншіге және ақынның өзіне қоятын талабы қандай?
  7. 7.Өлеңді ой жүйесіне қарай неше бөлікке бөлуге болады? Әр бөлікке қандай атау берер едіңдер?

Өлең құрылысы

Өлең 11 буынды, шұбыртпалы ұйқас түрінде жазылған.

Ар-ғын-мын, а-тым Ә-сет, а-рын-да-ған (11)

А-рын-дап ән са-ла ма да-ры-ма-ған (11)

Ас-пан-ның а-я-сын-да ән шал-қыт-қан

Бұл-бұл-мын дау-сы көк-те да-мыл-да-ған (11)

Мәтінмен жұмыс: пікір білдіру

Мәтін

Тауықпын, тары тердім Найман шалдан,

Найман елі айы туған маңдайшадан.

Ойда — орыс, өрде — қытай қоныстасым,

Ауылым бар Ауғанға да теуіп барған.

Ән салсаң, өзімдей сал, аңыратып...

Ән салсаң, Әсеттей сал әсемдетіп...

Өз пікірім

Оқушы берілген үзіндінің негізгі ойын анықтап, көркем бейнелеу құралдары мен авторлық талаптың мәнін өз сөзімен түсіндіреді; дәлел ретінде өлеңнен мысал келтіреді.

Көркемдік тәсілдер: негізгі ұғымдар

Теңеу

Заттың не құбылыстың ерекше белгісін басқа затпен салыстыра суреттеу.

Үйректей, қаздай қалқып жүрмін жүзіп,

Аққудай аспандағы әнді өрлетіп,

Қоңыр қаздай мамырлатып,

Сулы інгендей күңірентіп,

Нөсердей жауындатып,

Қазандай дауылдатып,

Қамыстай сауылдатып...

Теңеулер арқылы әнші өз өнеріне деген жауапкершілікті де, халық ықыласын да айқын сезіндіреді.

Эпитет

Заттың не құбылыстың айрықша сипатын білдіретін бейнелі анықтауыш.

  • ми дала
  • меңіреу шөл
  • күміс көлдер
  • сар дала

Метафора

Затты не құбылысты ұқсастық арқылы басқа бір бейнемен алмастыра суреттеу.

Бұлбұлмын Тұлпармын Жорғамын Майдамын Тауықпын

құм — қыстау, өлке — көктеу

өзен — күзеу, жайлауым — жалпақ дала

сөз — жаңбыр, даусым — дауыл, әнім — ескек

III. Бекіту

Талқылау

Қазақтың халық композиторлары туралы білімді еске түсіру және Әсет дәуіріндегі әнші-ақындарды топтастыру.

Ақан сері Үкілі Ыбырай Біржан сал Жаяу Мұса Әміре Қашаубаев

Альтернативті тест (иә/жоқ)

  1. 1.І. Жансүгіров — біздің жерлесіміз бе?
  2. 2.Ол балаларға арнап шығармалар жазған ба?
  3. 3.«Әнші» өлеңі ұнады ма?
  4. 4.Әсет — халық композиторы ма?
  5. 5.Ілиястың шығармаларын әрі қарай оқимыз ба?
  6. 6.Өзіміз де өлең шығара аламыз ба?
  7. 7.Өнер және өнерлі адам туралы бір шумақ өлең жазу.

IV. Ой қорыту

INSERT стратегиясы

Білемін

Алдын ала бар білім мен түсініктер.

Не білдім?

Сабақта нақты меңгерілген жаңа ақпарат.

Білгім келеді

Қосымша ізденіс пен зерттеуге бағытталған сұрақтар.

Бағалау парағы арқылы оқушылар өзін-өзі бағалайды және кері байланыс береді.

V. Үй тапсырмасы

  • «Әнші» өлеңін оқу, талдау, ұнаған шумағын жаттау.
  • «Ел іші — өнер кеніші» тақырыбында шағын шығарма жазу.

Автор туралы мәлімет

Алматы облысы, Көксу ауданы, Мұқыры ауылы, Жапсарбаев атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі — Бейсенова Сәуле Серікқызы.