Ережені сұрау
Сабақ туралы жалпы мәлімет
Мектеп
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, №1 Д.А.Қонаев атындағы мектеп-гимназия
Мұғалім
Бастауыш сынып мұғалімі: Кокобаева Б.Р.
Сабақтың тақырыбы
Жауқазын
Мақсат пен күтілетін нәтиже
Білімділік
Өлең мазмұнымен танысып, негізгі ойын анықтап айту.
Дамытушылық
Ой-өрісті кеңейту, сауатты сөйлеу және талдай білу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік
Бақтағы және бөлмедегі гүлдерді аялап, күтім жасауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер
Сын тұрғысынан ойлау стратегиясының элементтері, топтық жұмыс, талдау, мәтінмен жұмыс.
Көрнекіліктер
Жауқазын гүлінің муляжы, слайд, плакат, түрлі суреттер.
Күтілетін нәтиже
- Өлеңді өздігінен оқып, мағынасын ашады.
- «Жауқазын» сөзін талдауды (буын, дыбыс, тасымал) меңгереді.
- Өз пікірін сауатты әрі еркін жеткізеді.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу, түгендеу, оқу құралдарын тексеру, топ ережесін еске түсіру.
- Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Түстерді таңдау арқылы көңіл күй орнату
Көк түс
Көгілдір аспандай күніміз ашық болсын.
Сары түс
Күндей жарқырап, сабақты көңілді өткізейік.
Жасыл түс
Көктемдей жайқалып, өркендерің өсе берсін.
Шаттық шеңбері
Біз бақытты баламыз,
Ойнап-күліп аламыз.
Жетілсін деп санамыз,
Оқып-білім аламыз!
II. Үй тапсырмасы
90-жаттығу (топтарға бөлу)
- I топ — «Кім?»
- II топ — «Кімдер?»
- III топ — «Не?»
- IV топ — «Нелер?»
Өлең жаттау
«Бәйшешек» өлеңін жатқа айту.
III. Сергіту сәті
«Қарлығаш» қимыл-қозғалыс жаттығуы. Бойымызды да, ойымызды да сергітіп, топ ережесін сақтауды жалғастырамыз.
IV. Жаңа сабақ: «Жауқазын»
Ой ашар: сөзжұмбақ шешу
- 1) Он екі ай қалай аталады? (жыл)
- 2) Көктемнің алғашқы айы? (наурыз)
- 3) ҚР рәміздерінің бірі? (ту)
- 4) Біздің ұлтымыз? (қазақ)
- 5) Ең ардақты жан? (ана)
- 6) Үй құсы? (қаз)
- 7) Дастарханның сәні? (нан)
Осы жауаптардың негізінде бүгінгі сабақтың тақырыбы анықталады: «Жауқазын».
Ой қозғау
Жауқазын қандай гүл? Ол тек қызыл түсті бола ма? (Муляж және слайд арқылы пікірлерді жүйелеу.)
Топтық талдау: «Жауқазын» сөзі
- I топ — буынға бөлу, дыбыс/әріп санын анықтау.
- II топ — дыбыстық талдау (дауысты дыбыстар).
- III топ — дыбыстық талдау (дауыссыз дыбыстар).
- IV топ — тасымал түрлері: жау-қазын, жауқа-зын.
Оқулықпен жұмыс
104-бетті ашып, Несіпбек Айтовтың «Жауқазын» өлеңін оқимыз. Өлең мазмұнын талдаймыз.
Грамматикалық сұрақ
«Жауқазын» сөзіне қандай сұрақ қоямыз? (Ережені еске түсіру, жауап алу.)
Дәптермен жұмыс
- Көркем жазу: К, к
- Сөздік диктант: күн, бүршік, жаңбыр, торғай, раушан, жауқазын.
92-жаттығу (топпен жұмыс)
Тақырыптар
- I топ — Көктем
- II топ — Ағаш
- III топ — Құстар
- IV топ — Мал
Мәтін үлгісі
Көктем болды. Ағаштар бүршік жарды. Жылы жаққа кеткен құстар қайта келді. Мал көкке жайылатын болды.
Топпен жұмыс №2
I және III топ
Суреттер мен жазылған сөздер арқылы Венн диаграммасын құрастыру.
II және IV топ
Суреттер мен сөздер арқылы кластер құрастыру.
V. Бекіту кезеңі
- «Кім?», «Кімдер?», «Не?», «Нелер?» сұрақтарына сәйкес суреттерді тиісті орнына орналастыру.
- Бөлме өсімдігі мен жауқазынды салыстыру (ауызша, сурет арқылы).
Қорытынды және рефлексия
Бүгін біз нені үйрендік және нені білдік?
Кері байланыс
- Сабақ ұнаса — жасыл түсті көтеру.
- Қиындау болса — қызыл түсті көтеру.
Формативті бағалау
Сабақты ауызша бағалау және топтың белсенділігін талқылау: «Белсенді», «Жақсы», «Әлі де толықтыру қажет».
Сабақ мақсатына жеттік деп есептесек, қонақтарға алғыс айтамыз.