Сөздер мен сөз таптарын сәйкестендір

Құрылымды жоспар Сөз таптары

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушылардың сөз таптары туралы білімін, білігін және дағдыларын жетілдіру.

Дамытушылық

Қиялын дамыту, байланыстырып сөйлеу тілін арттыру, сауатты жазуға баулу.

Тәрбиелік

Адамгершілікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Негізгі ұғымдар

Зат есім Сын есім Етістік Сан есім

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа даярлық және сәлемдесу

Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше баламыз.
Қонақтарды көргенде,
«Сәлеметсіздер ме?» — деп,
Сәлемдесіп аламыз.

«Мен қандаймын?»

  • Ақылдымын
  • Әдептімін
  • Ұқыптымын
  • Сүйкімдімін
  • Әдемімін
  • Білімдімін
  • Зерекпін
  • Кішіпейілмін
  • Қазақтың ұлымын / қызымын
  • Әжемнің шуағымын
  • Отанның ұланымын
  • Сабырлымын
  • Мейірімдімін

Топтастыру

Оқушылар 4 топқа бөлінеді: зат есім, сын есім, етістік, сан есім.

II. Білу және түсіну

Өткен тақырыпты еске түсіру (сұрақ-жауап)

1-топ

  • Сөз және оның құрамы.
  • Түбір деген не?
  • Қосымша деген не?

2-топ

  • Жұрнақ деген не?
  • Жалғау деген не?

3-топ

  • Түбір мен қосымшаның жазылуы.

4-топ

  • Түбірлес сөздер және туынды сөздер.

Өз қиялыңнан ертегі құрастыру

Әр топ өзіне тиесілі сөз табын негізгі идея етіп алып, қысқа ертегі құрастырады.

1-топ: Зат есім 2-топ: Етістік 3-топ: Сан есім 4-топ: Сын есім

III. Талдау

1) Ертегілерді салыстыру: «Сөз таптары» әлемі

Суретші және жаңа бояулар

Өнердің бір шыңы — айналадағы көркем сұлулықты бейнелей алу. Әншілер мен жазушылар өнерімен танылса, бейнелеу өнерінің хас шеберлері — суретшілер.

Ерте заманда бір суретші дүниені Зат есім атты бояумен салыпты. Оның суреттерінде зәулім үйлер, асқар таулар, оқу құралдары мен әртүрлі заттар бейнеленген екен. Бірақ сыншылар табиғат толық көрінбейді депті.

Сонда суретші тың бояу қосып, Етістік бояуын пайдаланады. Заттар қозғалысқа еніп, құбылысқа айналады: таудан өзен ағады, үйлер аспанмен таласады, бұлт көшеді, күн шығады, бала жүгіріп, қыз күледі.

Осылайша сурет өмірді шынайы әрі әсерлі көрсете бастайды.

Етістік еліне келген Сын есім

Баяғыда Етістік деген әлемде әртүрлі заттар тіршілік етіпті. Бірақ олардың түсі де, пішіні де болмай, қызықсыз өмір сүріпті.

Бір күні бұл елге алыстан Сын есім қария келіп, тұрғындармен танысады. Ол бір заттан сұрапты:

— Сенің атың кім?
— Алма.
— Мұнда не істеп жүрсің?
— Күз келгенде біз пісеміз.

Қария: «Алма, сен енді қызыл, домалақ, дәмді алма бол!» — дегенде, алма бірден құлпырып шыға келіпті.

Қария бір апта бойы әр затқа түр мен өң, сапа дарытып, елге сән кіргізеді.

Сұрақтар арқылы бекіту

Шөп қандай болады?

Жасыл, сары.

Аспан қандай болады?

Көгілдір, үлкен.

Қария қай жерден келді?

Алыстан.

Кейін адамдар заттарды бояп, қимыл берген соң, енді олардың санын да дәл анықтауды мақсат тұтып, Сан есім атты шағын патшалық құрыпты. Ол әділ болып, барлығын тең ұстауға ұмтылыпты. Ақырында төрт патшалық бірігіп, Сөз таптары атты үлкен мемлекет құрған екен: зат есім, сын есім, етістік, сан есім тату өмір сүріпті.

2) Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу: Ережелер

  1. Заттың атын білдіретін сөз табын зат есім дейміз.
  2. Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табын етістік дейміз.
  3. Заттың сапасын, түр-түсін білдіретін сөз табын сын есім дейміз.
  4. Заттың санын, ретін білдіретін сөз табын сан есім дейміз.

2-жаттығу: Айтылым

Әр сөз табы туралы білетініңді айт: нені білдіреді және қандай сұрақтарға жауап береді?

1-топ

Зат есім — Етістік

2-топ

Сын есім — Сан есім

3-топ

Етістік — Сын есім

4-топ

Сан есім — Зат есім

IV. Қолдану

Дәптермен жұмыс

  • Күн ретін жазу.
  • Көркем жазу.

3-жаттығу: Сөздерді кестеге орналастыру

Сөздерді оқып, сұрақтар қойып, мағынасына қарай тиісті сөз табына бөліп жаз.

Зат есім

жұлдыз, ата, ақын, адам, құс

Етістік

оқыды, жуынды, жүзді

Сын есім

көк, үлкен, биік, жасыл

Сан есім

екі, жеті, отыз

5-жаттығу: Жаңылтпаш

Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім.
Неше кіші ішік піштім?

Жаңылтпашты оқып, жатқа айт. Сөздердің қай сөз табына жататынын анықта.

Етістік

оқиды

Сан есім

жатқа айтады

Сын есім

түсіндіреді

Зат есім

сөз таптарын анықтайды

6-жаттығу: Мәтінмен жұмыс

Мәтінді оқы. Мәтіннен борсық туралы не білетініңді айтып бер.

Зат есім

оқиды

Сын есім

әңгімелейді

Сан есім

мәтінге ат қояды

Етістік

мәтін түрін анықтайды

V. Жинақтау және қорытындылау

1) 7-жаттығу: Сәйкестендір

Зат есім

аққу, емен, оқулық, ауа

Етістік

биледі, өсті, тазалады, ұшты

Сын есім

әдепті, қызық, қоңыр, қышқыл

Сан есім

жеті, тоғыз, жиырма, елу, мың

2) Суретпен жұмыс

Зат есім

Суреттен заттың атын табу.

Етістік

Қимылын анықтау.

Сан есім

Заттардың санын анықтау.

Сын есім

Суретке жан бітіріп, бояу арқылы сипаттау.

VI. Үйге тапсырма

  • 6-жаттығу: борсық туралы берілген мәтінді оқу.
  • Мәтіннің бастапқы бөлігін көшіріп жазу.

VII. Бағалау және кері байланыс

Оқушыларды бағалау

Оқушылар өз білімдерін сәйкестендіру парақшалары арқылы бағалайды. Топтар бір-біріне жақсы тілектер айтады.

Кері байланыс

Маған сабақ ұнады

Не ұнағанын және нені үйренгеніңді бір-екі сөйлеммен жаз.

Мен сабақты түсінбедім

Қай тұсы қиын болғанын көрсетіп, сұрағыңды қалдыр.