Менің ата - анам қарапайым адамдар

Сынып сағатының мазмұны

Тақырыбы

Мен таңдайтын мамандық...

Сыныбы

9-сынып

Мақсаты

  • Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, болашақ мамандыққа қатысты түсінігін тереңдету және қызығушылығын арттыру.
  • Мамандық әлемінің алуан түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру.
  • Ата-аналардың көмегімен мамандықтарға сипаттама беріп, қыр-сырын ашу.
  • Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, дұрыс таңдау жасай білуге баулу және жақсы қасиеттерді сіңіру.

Көрнекілік

Мамандықтар туралы суреттер, слайд-презентация.

Әдісі

«Хабар» телеарнасындағы «Кеш қалмаңыз!» бағдарламасы үлгісінде, ата-аналармен бірлесе өткізілген сынып сағаты.

Жүру барысы

Сахнаға екі жүргізуші шығады: Мұратова Аружан және Ақылбеков Айбек.

1-жүргізуші

Армысыздар, құрметті көрермендер, ұстаздар мен оқушылар!

«Хабар» телеарнасындағы «Кеш қалмаңыз!» бағдарламасының желісімен 9-сыныпта өтетін «Мен таңдайтын мамандық...» атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

2-жүргізуші

Қош келдіңіздер, бүгінгі кештің сыйлы қонақтары!

Ең алдымен бүгінгі шоудың жүргізушілерімен таныс болыңыздар! Сыныбымыздың үлгілі оқушыларының бірі, облыстық және республикалық жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы Ақылбеков Айбекке қошемет көрсетейік!

Білімді, парасатты, инабатты, алғыр, мектеп мақтанышы атанған сыныптасымыз Мұратова Аружанға да үлкен қошемет!

Неге мамандық таңдау маңызды?

Әр адам ерте ме, кеш пе «Қандай мамандық иесі боламын?» деген сұраққа жауап іздейді. Мамандық таңдау — өте жауапты іс. Өйткені таңдаған мамандығың ертеңгі өміріңе, болашағыңа ғана емес, қоғамның дамуына, елдің ертеңіне де әсер етеді.

Бүгінгі кездесуде оқушылар өз ой-пікірін ортаға салып, мамандықтар туралы толғанады. Мектеп студиясына әр саланың өкілдері де қонаққа шақырылған.

Оқушылар пікірі

Алдымен оқушылардың таңдауы мен уәжін тыңдайық.

Дина

Мамандық таңдау мен үшін оңай емес. Ата-анам мұғалім не дәрігер болуды ұсынады. Ауыл шаруашылығы саласы қыздарға ауыр сияқты, мұнайшылық кәсіп те жеңіл емес. Жалпы, қай саланың да өз қиындығы бар. Бірақ адамда ынта-ықылас, қызығушылық болса, алынбайтын қамал жоқ.

Ата-анам «кейін өкініп жүрме» деп жиі ақыл айтады, көп кеңеседі. Ойлана келе экология саласының маманы болуды мақсат еттім. Ата-анам бұл талабымды қолдайды.

Мөлдір

Ел экономикасын дамыту үшін мұнайшы, эколог, инженер, геолог сияқты мамандықтар қажет деп ойлаймын. Сонымен бірге шет тілдерін меңгеріп, шетелдіктермен еркін сөйлесетін деңгейге жету маңызды. Бұл — нарық талабы.

Менеджментті және басқару мәдениетін түсінбей, бәсекелі ортада алға шығу қиын екенін жастар жадында ұстағаны дұрыс.

Еламан

Компьютерді жетік меңгеріп қана қоймай, интернет мүмкіндіктерін тиімді пайдаланудың қыр-сырын да үйрену керек деп санаймын. Бірнеше шет тілін білу — үлкен артықшылық. Әрине, ең алдымен ана тілімді терең меңгеруім қажет.

Мен техник-программист мамандығын таңдағым келеді.

Аяжан

Ата-анам — қарапайым еңбек адамдары. Біздің отбасымызда жалғасып келе жатқан белгілі бір кәсіп бар деп айта алмаймын. Менің көптен бергі арманым — заң қызметкері болу.

Себебі ел ішінде кездесетін кейбір келеңсіз жайттар жүрегімді ауыртады: ашылмай жатқан қылмыстар, сыбайлас жемқорлық, әділетсіздіктер. Заң саласының маманы осындай мәселелердің алдын алуға үлес қоса алады деп ойлаймын.

Қонақпен сұхбат: ұстаз мамандығы

Алғашқы қонақ

Сүйікті ана, білікті маман, ұлағатты ұстаз — Кемалова Зауреш.

Мұғалім мамандығы — қай кезде де қажет, ескірмейтін, жойылмайтын мамандық.

Сұрақтар

  1. 1 Мыңдаған шәкірт тәрбиелеген ұстаз болу қиын ба? Бұл сіздің бала күнгі арманыңыз ба еді?
  2. 2 Неге бүгінгі жастардың көбі ұстаздықты таңдаудан гөрі заңгер, банкир, экономист сияқты мамандықтарды жоғары бағалайды деп ойлайсыз?
  3. 3 Ситуациялық сұрақ: сабаққа ата-ана қатысып отыр. Үй тапсырмасын сұрадыңыз, бірақ бірде-бір оқушы дайын емес. Не істер едіңіз?

Сұхбат қорытындысы: қонаққа алғыс айтылып, шығармашылық шабыт пен зор денсаулық тілегі білдіріледі.

Оқушы сөзі: журналистикаға қадам

Дария Бағытова

«Еңбек мұратқа жеткізер, жалқаулық абырой кеткізер», — деп атақты күрішші Ыбырай Жақаев айтқандай, өз кәсібінің нәсібін тауып жүрген мамандардың еңбегі өте зор.

Менің болашақта таңдаған мамандығым — журналист. Осы бағытта өзімді дамыту үшін қазірден бастап түрлі жұмыстар жасап жүрмін: бірнеше бейнебаян түсіріп, аяқтадым.

Бейнематериал

Бүгінгі ашық тәрбие сағатына арнайы «Керек кәсіп — бәрі де...» атты бейнематериал дайындалды. Енді экранға назар аударайық.