Балалар қыс жайлы тақпақтарыңды айтып беріңдерші
Тақырыбы: «Әдемі кілем»
Мақсаты
- Геометриялық пішіндер туралы ұғым қалыптастыру.
- Пішіндерді көлеміне қарай ажырата білуге үйрету.
- Түстерін атап, өз орнына дұрыс орналастыруға дағдыландыру.
- «Оң», «сол», «асты», «үсті» ұғымдарын меңгерту.
- Қоршаған ортаға сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың құрылымы
Ұйымдастыру бөлімі
Амандасу, балалардың көңіл күйін көтеру, сабаққа назар аударту.
Негізгі бөлім
Қыс туралы тақпақтар, күтпеген қонақ және пішіндерге арналған тапсырмалар.
Қорытынды
Тапсырмаларды бекіту, тақпақтар арқылы қорытындылау.
Ұйымдастыру бөлімі
Амандасу өлеңі
Біз қандаймыз, қандаймыз —
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Ренжуді білмейміз.
Қуанасың сен де, қуанамын мен де —
Арайлап атқан күнге.
Үлкенге де сіз, кішіге де сіз,
Баршаңызға құрметпен
Бас иеміз біз!
Саламатсыздар ма, апайлар!
Тәрбиеші сөзі
Балалар, қыс туралы тақпақтарыңды айтып беріңдерші.
Қыс туралы тақпақтар
Дильназ
Қыстың күні көңілді,
Көп қызықты көреміз.
Шығып алып далаға,
Сырғанақты тебеміз.
Күтпеген сәт
Қонаққа Сайқымазақ кіреді. Қолында үш шар бар (тапсырмалар).
Қонақ: Сайқымазақ
Сайқымазақтың сөзі
Саламатсыңдар ма, балалар! Мен сендерге ғажайып Сайқымазақтар елінен ұшып келдім. Сендерге көптеген қызықты тапсырмаларым бар. Ойнаймыз ба?
Тапсырмалар
1-тапсырма: Кірпіштерден үй құрастыру
Үйдің пішінін және түсін атап айту.
2-тапсырма: Үшбұрыштардан не құрастыруға болады?
Құрастырған бейненің түсін және көлемін (үлкен/кіші) айтып беру.
3-тапсырма: Дөңгелектерден аққала жасау
«Асты/үсті», «үлкен/кіші» ұғымдарын қолданып сипаттау.
Сайқымазақ: Жарайсыңдар, балалар! Тамаша! Менің тапсырмаларымды түгел орындадыңдар. Енді аққала мен шыршаға байланысты қандай тақпақ білесіңдер?
Қорытынды тақпақтар
Инкар
Көрікті шыршамыз,
Шамдары самғаған.
Көңілді ортамыз,
Айтамыз шырқап ән.
Нұржан
Қыс келгенде далаға
Қызығып мен тұрамын.
Аппақ қармен ойнаймын,
Аққалалар жасаймын.