Асқабақ пен орамжапырақ тұқымдастар

Сабақ туралы мәлімет

Сынып

7

Пән

Биология

Пән мұғалімі

Төреханова Жанна Болатбекқызы

Сабақтың тақырыбы

Асқабақ және орамжапырақ тұқымдастары

Мақсаты (білімділік)

Оқушыларға жабықтұқымды өсімдіктердің қосжарнақты класы және оған жататын асқабақ пен орамжапырақгүлділер тұқымдастары туралы жүйелі мәлімет беру.

Мақсаты (дамытушылық)

Тапсырмалар мен жұмыстар арқылы оқушылардың ойлау, қиял, есте сақтау және шығармашылық қабілеттерін дамыту, сабаққа қызығушылығын арттыру.

Мақсаты (тәрбиелік)

Өздігінен жұмыс істеуге, тапсырманы мұқият орындауға және алған білімді іс жүзінде қолдануға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Әдістері

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Тапсырмалар

Көрнекілігі

  • Слайдтар
  • Асқабақ
  • Қияр
  • Орамжапырақ

Сабақ жоспары

  1. Ұйымдастыру
  2. Рефлексия
  3. Үй тапсырмасын сұрау
  4. Жаңа сабақты түсіндіру
  5. «Артық болмас білгенің!»
  6. Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары
  7. Оқушыларды бағалау
  8. Үй тапсырмасын беру

Бекіту бөліміне кіретін тапсырмалар

Венн диаграммасы

Ерекшеліктері мен ұқсастықтарын салыстыру

Биологиялық диктант

Негізгі ұғымдарды бекіту

Сергіту: жұмбақтар

Белсенділік пен қызығушылықты арттыру

«Биологиялық пошта» ойыны

Тұқымдастарды ажырату белгілерін тану

Сабақтың жүру барысы

I. Ұйымдастыру және рефлексия

Мұғалім оқушылармен амандасып, көңіл күйді анықтау үшін карточкалар таратады: күн, бұлт, бұлт арасындағы күн. Әр оқушы өз көңіл күйіне сәйкес карточканы көтеріп, қысқаша пікір білдіреді.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасы «Бинго» ойыны арқылы сұралады, соңынан сауалнама арқылы қорытындыланады.

Сұрақтар

  1. Қосжарнақтылар класына қандай өсімдіктер жатады?
  2. Қосжарнақтылар класына жалпы сипаттама беріңіз.
  3. Көкнәр тұқымдасына сипаттама беріңіз.
  4. Алабота тұқымдасына қандай өсімдіктер жатады? Маңызы қандай?
  5. Сексеуіл қандай өсімдік? Оның қандай пайдасы бар?

Нәтиже

Оқушылардың жауаптары бойынша негізгі ұғымдар: қосжарнақтылардың белгілері, тұқымдастардың маңызы және өкіл өсімдіктері қайталанады.

III. Жаңа сабақ: Асқабақ және орамжапырақ тұқымдастары

Асқабақ тұқымдасы (Cucurbitaceae)

Асқабақ тұқымдастары — негізінен бақша дақылдары. «Бақша» сөзі парсы тіліндегі «шағын бақ» ұғымымен байланысты. Асқабақ, қарбыз, қауын, қияр — бақшада өсірілетін қосжарнақты өсімдіктер.

Әлемде бұл топтың шамамен 900 түрі белгілі, Қазақстанда 9 түрі кездеседі. Көпшілігі — біржылдық шөптекті өсімдіктер. Қазақстанда көпжылдық өкілі ретінде Қаратау маңында кездесетін құтырған қияр аталады.

Негізгі ерекшеліктері

  • Өркендері төселіп немесе шырмалып өседі (жатаған сабақты).
  • Сабақтарында мұртша болады — бұл түрі өзгерген өркен.
  • Жапырақтары: ұзын сағақты, жай жапырақ.
  • Гүлдері жапырақ қолтығында жеке немесе шашақты гүлшоғыр түрінде орналасады.
  • Көпшілігі даражынысты, кейде қосжынысты түрлері де кездеседі.

Гүл құрылысы (жалпы)

  • Тостағанша: 5 жапырақша.
  • Күлте: 5, тұтасып өскен.
  • Аталық: 5 (жиі 4-еуі тұтасып, 1-еуі бос болады; кейде 5-еуі де бірігеді).
  • Аналық жатыны: 3 ұялы.
  • Жемісі: қабақ.
  • Тұқымы көп (кейбір түрлері біртұқымды, мысалы чайот).

Орамжапырақгүлділер (Brassicaceae)

Орамжапырақгүлділерді кейде шаршыгүлділер деп те атайды. Бұл — қосжарнақты, көбіне шөптекті және шала бұталы өсімдіктер тобы. Жер шарында шамамен 3000-ға жуық түрі бар.

Ажыратып тану белгілері

  • Жапырақтары кезектесіп орналасады.
  • Бөбешік жапырақтары болмайды.
  • Гүлдері шашақ гүлшоғырына жиналады.
  • Гүл құрылысы «шаршы» тәрізді орналасуымен сипатталады.

Гүл құрылысы

  • Тостағанша: 4.
  • Күлте: 4.
  • Аталық: 6 (4-еуі ұзын, 2-еуі қысқа).
  • Аналық: 2 жеміс жапырақшасынан түзілген.
  • Жемісі: бұршаққын немесе бұршаққынша.
  • Гүл түсі: ақ, сары, қызғылт, ақшыл көк болуы мүмкін.

Гүл формуласы (мысал)

Жабайы шомыр: Т2+2К4А2+4Ж(2)

Өкіл өсімдіктер: қысқаша сипаттама

Асқабақ

  • Біржылдық шөптекті өсімдік; сабағы жатаған, ұзындығы 5 м-ге дейін.
  • Мұртша арқылы тірекке оралып өседі (мұртша — өзгерген өркен).
  • Жапырағы ірі, жиегі 5 салалы тілімденген.
  • Гүлі даражынысты, бірүйлі; жапырақ қолтығында жеке орналасады.
  • Жемісі — қабақ; тағамдық, дәрілік, малазықтық және сәндік маңызы бар.

Гүл формуласы

Аталық: Т(5)К(5)А(2)+(2)+1Ж0

Аналық: Т(5)К(5)А0Ж(3)

Қауын

  • Біржылдық шөптекті өсімдік.
  • Гүлі даражынысты, кейде қосжынысты болуы мүмкін.
  • Бунақденелілер арқылы тозаңданады.
  • Жемісі — қабақ; салмағы 20 кг-ға дейін жетуі ықтимал.
  • Қауыннан әртүрлі тағам өнімдері дайындалады (қағы, т.б.).

Қияр

  • Асқабақ тұқымдасының көкөністік дақылы.
  • Көпшілігі даражынысты; қосжынысты гүлдері сирек кездеседі.
  • Шамамен 30-ға жуық түрі бар, қауын туыстас өсімдіктерге жақын.
  • Жемісі — қабақ; тағамға кеңінен пайдаланылады.

«Артық болмас білгенің!» (халықтық емдік мәлімет)

Асқабақ пен дермене (жусанның бір түрі) ұрығын ұнтақтап, әрқайсысынан бір ас қасықтан алып, жарты келі қара мейізге қосып, темір келіде жаншып араластырады. Осы қоспадан бас бармақтай мөлшерде күніне 4 рет ішқұрты бар балаға берсе, бір күннің ішінде ішектегі құрттарды айдауға көмектеседі. Сонымен қатар бұл қоспа асқазан, ұлтабар және ішек жараларына да қолданылады.

Асқабақты сүтке қайнатып, ас орнына жиі ішсе — бауыр, көкбауыр және қант диабеті кезінде пайдалы болуы мүмкін. Ал асқабақ сабағын суға қайнатып ішсе — несеп айдауға көмектесіп, бүйрек пен жүрек тұсындағы ісінуді азайтуға ықпал етеді.

Ескерту: халықтық емдік тәсілдер дәрігердің кеңесін алмастырмайды.

IV. Бекіту тапсырмалары

1) Венн диаграммасы: ұқсастық пен айырмашылық

Асқабақ тұқымдасы

  • Жемісі — қабақ
  • Ұзын сағақты, жай жапырақты
  • Мұртшалы, көбіне жатаған

Ұқсастықтары

  • Жабықтұқымды өсімдіктер
  • Қосжарнақтылар
  • Гүлді өсімдіктер

Орамжапырақгүлділер

  • Жемісі — бұршаққын/бұршаққынша
  • Жапырақтары кезектесіп орналасады
  • Бөбешік жапырақтары болмайды

2) Биологиялық диктант

  1. Асқабақ пен орамжапырақ тұқымдастары қосжарнақтылар класына жатады.
  2. Бақша өсімдіктерінің негізгі ерекшелігі — шөптекті біржылдық болуы.
  3. Мұртша — түрі өзгерген өркен.
  4. Қазақстанда бақша өсімдіктерінің 9 түрі бар.
  5. Асқабақтың жемісі — қабақ.
  6. Орамжапырақгүлділердің жапырақтары кезектесіп орналасады.

3) Сергіту: жұмбақтар

Жұмбақтар

  1. Жерде жатып желінеді, күз түскенше желінбейді. Үндеместен төлдеп жатыр, су беріңдер шөлдеп жатыр. (Қауын, қарбыз)
  2. Отыз көйлек киінген, бір түйме жоқ ілінген. (Орамжапырақ)
  3. Сопақша көк өңі бар, пайдалы мөлдір сөлі бар. Піскен кезде жияр, оның аты… (Қияр)
  4. Іші сары, сырты қатты. Дәні — дәрі, дәмі — тәтті. Пісіріп жесең ас-тамақ, оның аты… (Асқабақ)
  5. Көк лағым көгенде тұрып семірген. (Қарбыз)
  6. Бұл не деген көп киім, жетпіс қабат көк киім. Түймелеуге жетпейді, жаңбыр одан өтпейді. (Қырыққабат)

4) «Биологиялық пошта» ойыны

Ойын барысында асқабақ және орамжапырақ тұқымдастарына тән ерекшеліктер жазылған «хаттар» ұсынылады. Оқушылар әр белгіні тиісті тұқымдаспен сәйкестендіріп, таңдауларын қысқаша дәлелдейді.

Мақсат

Нақты морфологиялық белгілер арқылы тұқымдастарды ажырату дағдысын қалыптастыру.

V. Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, сұрақтарға жауап беруі және бекіту тапсырмаларын орындауы бойынша қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.

  • Белсенділік және дәлелдеу
  • Терминдерді дұрыс қолдану
  • Салыстыру және қорытынды шығару

VI. Үй тапсырмасы

Оқулық

§25. Асқабақ және орамжапырақ тұқымдастары

Жазба жұмысы

«Бақша өсімдіктері» тақырыбына эссе жазу.

Практика

№9 зертханалық жұмыс