Тәукенің хан тағына отыруы

Сабақ туралы мәлімет

Өңірі

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Қабанбай ауылы

Білім беру ұйымы

К. Төгісов атындағы орта мектеп

Пән мұғалімі

Тарих пәнінің мұғалімі С. Қанағатова

Сабақ тақырыбы

Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Тәуке ханның Қазақ хандығындағы ішкі талас-тартыс пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған мемлекет құру жолында енгізген өзгерістерін түсіндіру. «Жеті жарғы» заңдарының мазмұны туралы ұғым қалыптастыру.

Дамытушылық

Оқушыларды өз бетінше ой қорытуға, тұжырымын жүйелі жеткізуге дағдыландыру. Ізденіс жүргізуге, білімін толықтыруға бағыт-бағдар бере отырып, шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік

Туған халқына, Отанына, тарихи тұлғаларға және елдің тарихи даму кезеңдеріне құрмет сезімін қалыптастыру. Тарихи көзқарасын дамыта отырып, патриоттық тәрбие беру.

Сабақтың түрі

Ізденіс-зерттеушілік сабақ

Пәнаралық байланыс

Биология, әдебиет

Көрнекілігі

Интерактивті тақта, презентациялар, хандардың суреттері, ватман

Қолданылатын әдістер мен технологиялар

  • Оқыту тәсілдері

    Топтық және жеке жұмыс, топтастыру, тірек-сызба, Венн диаграммасы

  • Сын тұрғысынан ойлау

    СТО стратегиялары

  • РАФТ

    Рөл–Аудитория–Форма–Тақырып негізінде тапсырмалар

  • «Әр қадам басқан сайын»

    Қадамдап талдау және қорытынды жасау стратегиясы

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сыныптың дайындық деңгейін анықтау, оқу мақсатын қысқаша хабарлау, жұмыс ережелерін келісу.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Топтарға бөліну

  • I топ: Хандар тобы
  • II топ: Батырлар тобы

Интерактивті тақтадағы тапсырмалар

I топтың тапсырмасы

Хандарды билік ету реті бойынша дұрыс орналастыру.

  1. Шығай
  2. Есім
  3. Жәнібек
  4. Тәуекел
  5. Керей
  6. Жәңгір
  7. Бұрындық
  8. Хақназар
  9. Қасым

II топтың тапсырмасы

Берілген хандардың билікке келу жылдарын ретімен орналастыру.

  1. Шығай
  2. Есім
  3. Жәнібек
  4. Тәуекел
  5. Керей
  6. Жәңгір
  7. Бұрындық
  8. Хақназар
  9. Қасым

Үй тапсырмасын қорытындылау

Тақырыпты қазіргі Қазақстан қоғамындағы бірлік құндылықтарымен байланыстыру, Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі туралы қысқаша талқылау.

III. Жаңа сабақ

Тақырып

Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы

1-бөлім

Тәукенің хан тағына отыруы

2-бөлім

Тәуке ханның ішкі және сыртқы саясаты

3-бөлім

«Жеті жарғы»: мазмұны және Ұлы билер кеңесі

I. Қызығушылықты ояту

Қазақ хандығының геосаяси ортасын анықтау: көршілес елдер мен ықпал аймақтарын карта бойынша белгілеу.

  • Батысында: Ресей
  • Шығысында: Қытай
  • Оңтүстігінде: Қоқан, Бұқар, Хиуа
  • Іргелес көрші: Жоңғар

II. Мәтінмен жұмыс (оқулық)

Жеке оқу, топтық талдау және постер қорғау арқылы негізгі ойды жинақтау.

I топ

Тәукенің хан тағына отыруы

II топ

Тәуке ханның ішкі және сыртқы саясаты

III. «Әр қадам басқан сайын» стратегиясы

I топтың тапсырмасы

Стратегия қадамдарын сақтай отырып, «Жеті жарғының» тармақтарын атау және жүйелеу.

II топтың тапсырмасы

«Жеті жарғының» мазмұнын талдау: негізгі қағидаларды бөліп көрсету, дәлелдер келтіру (өз бетінше ізденіс).

IV. Дискуссиялық өрнек (жеке жұмыс)

Берілген пікірлер бойынша жеке шешім қабылдау және қысқаша уәж келтіру.

Иә Жоқ