Топты таныстыру

«Тіл білгірі» интеллектуалдық сайысы

Мақсаты: қазақ тілінде ауызекі сөйлеу дағдыларын әдебиет пәнімен ұштастыра отырып қалыптастыру; өз тілін, туған жерін құрметтеуге тәрбиелеу; мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру.

Бұл интеллектуалдық сайыс 7-сынып оқушылары арасында ұйымдастырылады. Әр топ 4–5 оқушыдан құралады. Әр топтың атауы және топ басшысы болады.

Барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Бүгін 7 «Б» сыныбы оқушыларымен өткізілетін «Тіл білгірі» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Қазақ тілі — өте бай тіл. Ана тілінің күші мен құдіретін халқымыз ерте кезден-ақ танып, сөз өнерін барлық өнердің басы деп санаған. Сөз өнері — халық даналығының жемісі.

Әдебиет — халқымыздың рухани өмірінің айнасы, ана тіліміздің өміршеңдігінің, ұлттық болмысымыздың белгісі. Ендеше, бүгінгі сайыс барысында қазақ тілі мен әдебиет пәндері бойынша оқушыларымыздың ой-өрісін, білімін, ақылы мен ептілігін сарапқа саламыз.

Сыныпты топқа бөлу

1-топ: Мұқағали Мақатаев

Поэзия

Қалқам, мен Лермонтов, Пушкин де емен,
Есенинмін демедім ешкімге мен.
Қазақтың қара өлеңі — құдіретім,
Онда бір сұмдық сыр бар, әлі естілмеген.

Түзу-түзу тілінген таспадайын,
Қамшы өремін таспадан басқадайын.
Қаламасаң қамшымды, аулақ жүргін,
Қараша үйдің есігін ашпа, ағайын!

...Қасиетіңнен, қара өлең, айналайын,
Қазақтың дәл өзіңдей қарапайым.
Ақынмын деп қалай мен айта аламын,
Халқымның өзі айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып, өзіне қайтарамын...

2-топ: М. Әуезов шығармасы

Проза

Құрмаш қанша тәрбиелесе де, Көксерек ұрлық пен адал астың айырмасы не екенін ұға алмады. Құрмаш қасында болғанда таяқ жемейді, бірақ ер жете бастаған сайын иесі бұдан көз жазып қала берді.

Ол әлі күнге бір рет те жадырап ойнап көрген емес. Татулық жоқ, суық. Жалғыз-ақ атын біледі. Құрмаш пен әжесі шақырса — келеді.

Ауылға келген соң екі күннен кейін көзін ашты. «Жұрт асырауға көнеді» десті. Кішкентай Құрмаш оған «Көксерек» деп ат қойып алды.

3-топ: Абай Құнанбаев

Қара сөз & өлең

Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы.

Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Адам болам десеңіз.

Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан!

Топты таныстыру

Біреу озса сайыста, біреу артта қалады. Ренжімей тараса, озбағандар жарайды. Жарыс заңы ежелден — жеңімпазды анықтау. Озат болудың шарты — еңбектену, жалықпау.

Осыған орай сөз кезегін топ басшыларына береміз.

Әділқазылар алқасы

«Әділ қазы, ақ қазыға сәлем бер, әділдікке бас иеді күллі әлем. Жүйрік озар, сайыстарда неше бір — сарапқа сал, әділдікпен шеше біл», — дей келе сайысымызды бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстырамыз:

… (Әділқазылар тізімі осы жерге енгізіледі)