Төлдер айтысы
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы
«Төлдер айтысы» (ертегі)
Білім беру саласы
Қатынас
Бөлімі
Көркем әдебиет
Мақсаты
- Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту.
- Ертегінің мазмұнын түсінуге, төрт түлік төлдерінің атауын білуге және оларды ажырата алуға үйрету.
- Төлдерге қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.
Сөздік жұмыс
Төрт түлік, төл.
Көрнекіліктер
Үй жануарлары мен төлдерінің суреттері, аудиожазба.
Оқу іс-әрекетінің барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Балалар шаттық шеңберіне тұрады.
Сергіту сәті
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек,
Көңілді боп жүрейік.
Тәрбиеші: «Балалар, аналарың сендерді қалай еркелетеді?»
Балалар аналарының өздерін қалай еркелететінін айтады.
Гүлбағым
Анам мені «қошақаным» деп еркелетеді.
Қайрат
Атам мені «ботақаным» дейді.
Салтанат
Анам маған «құлыншағым» дейді.
Дидактикалық ойын: «Төлін тап»
Ойын шарты: Тақтаға үй жануарларының суреттері ілінеді. Балалар әр жануардың қасына оның төлін тауып, ілуі керек. Ойын осы ретпен жалғасады.
Дәптермен жұмыс
Балаларды «Төлдер айтысы» ертегісімен таныстыру.
«Төлдер айтысы» (ертегі)
Бір жерге жиналған лақ, құлын, бұзау, қошақан мен бота:
«Біздің иеміз қайсымызды жақсы көреді?» — деп бір-бірінен сұрады.
Сонда лақ тұрып:
«Мә-ә, мә-ә, әрине, мені жақсы көреді. Адам біздің сүтімізді ішеді, түбітімізді киімге пайдаланады», — деді.
Сонда құлын бір кісінеп алып:
«Лақ, сен орынсыз мақтанба. Бізден қазы-қарта, шұжық, қымыз алады. Адамның мінетін көлігі де — біз», — деді.
Бұзау тұрып:
«Сендер босқа мақтанасыңдар. Адам тіршілігіне ең қолайлы — сиыр малы. Бізден шелек-шелек сүт, қарын-қарын май, ірімшік алады. Иемізге бізден пайдалы түлік жоқ», — деді.
Қошақан тұрып:
«Сендер босқа мақтанасыңдар. Ием мені жақсы көреді. Адам киетін киім-кешекке қажетті маталар да, үйдегі төсеніш те біздің жүнімізден жасалады. Бізден пайдалысы жоқ», — деді.
Бота тұрып:
«Бәріңнен де иеміз мені жақсы көреді. Бізден алатын шұбаттың емдік қасиетін айтсаңшы — оған ештеңе жетпейді», — деді.
Осы кезде адам:
«Төлдерім, сендер босқа таласпаңдар. Әрқайсыңның өз орындарың бар. Адам үшін бәрің де керексіңдер!» — деді.
Талқылау сұрақтары
- Төлдер бір-бірімен не үшін айтысты?
- Лақ не деді?
- Құлын не айтты?
- Бұзау не деді?
- Қошақан мен бота не айтты?
- Адам не деп жауап берді?
Сергіту сәті (қимыл-қозғалыспен)
Сабау алып қолыма,
Қойдың жүнін сабадым.
Уызын ішіп сиырдың,
Уықтарды қададым.
Балалар өлең жолдарын қимылмен көрсетеді.
Дидактикалық ойын: «Төлдерді даусынан таны»
Ойын шарты: Аудиожазбадан төлдердің дауысын тыңдап, қай малдың дауысы екенін ажыратып айтады.
Дәптермен жұмыс: «Жұмбақтың шешуін тап»
Басында таяғы бар,
Төрт аяғы бар.
Сегіз тұяғы бар,
Иегінде сақалы бар.
Жауабы: ешкі
Аласа ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
Жауабы: қой
Екі айнасы бар,
Төрт тармағы бар.
Бір шыбыртқысы бар.
Жауабы: сиыр
Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.
Мойны ұзын, көзі үлкен —
Бұл не, өзің тауып ал?
Жауабы: түйе
Көкке шаншып құйрығын,
Шауып келеді жүйрігім.
Жауабы: жылқы
Қорытынды
Сұрақ-жауап
- Үй жануарларының адамдарға қандай пайдасы бар?
- Ешкі, қой, сиыр, түйе, жылқының төлдерін ата.
- Малдарды қалай шақырады?
Автор туралы мәлімет
Атырау қаласы, Атырау облысы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебі, мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі — Кузембаева Лайла Сеиткалиевна.