Оттекті бос күйінде алған кімдер

Қысқа мерзімді жоспар (Химия, 8-сынып)

Сабақ тақырыбы
Оксидтер: құрамы, номенклатурасы, жіктелуі, қасиеттері, алынуы.
Мұғалім
Қарағанды облысы, Саран қаласы, №7 ЖББМИ биология және химия мұғалімі Ермекова Гүлнар Садуақасқызы.

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың оксидтерді басқа заттардан ажырата алуына, олардың ерекшеліктерін түсінуіне, дұрыс атай алуына ықпал ету. Реакция теңдеулерін құрастыру, есептер шығару дағдыларын қалыптастыру және алған білімін өмірлік тәжірибеде қолдануға бағыттау.

Күтілетін нәтиже

A деңгейі

  • Оксидтерді ажыратады және дұрыс атайды.
  • Алыну жолдарын біледі және білімін бағалай алады.
  • Салыстыру және талдау жұмыстарын орындайды, материалға баға береді.
  • Тақырыпқа байланысты тәжірибе жұмыстарын жүргізеді, есептер шығарады.

B деңгейі

  • Оксидтерді ажыратады және дұрыс атайды.
  • Алыну жолдарын біледі және өз білімін бағалай алады.
  • Салыстыру жұмыстарын орындайды, алгоритм бойынша есеп шығарады.

C деңгейі

  • Оксидтерді ажыратады және дұрыс атайды.
  • Реакция теңдеулерін мұғалімнің көмегімен жаза алады.

Сабақ барысы

1) Топтарға біріктіру

2 минут

Оқушыларға жемістерді таңдап алу ұсынылады. Таңдалған жеміс түріне қарай топтарға біріктіріледі.

2) Білімдерін тексеру (оттек тақырыбы)

2 минут

Оттек туралы білімдерін нақтылау мақсатында төмендегі сұрақтар қойылады:

  1. «Оттек» атауы латын тілінен аударғанда қандай мағына береді?
  2. Атмосферадағы оттектің көлемдік үлесі (пайыздық мөлшері) қанша?
  3. Оттекті бос күйінде алғаш алған ғалымдар кімдер?
  4. Оттек атомында неше электрон бар?
  5. Өнеркәсіпте оттекті қандай шикізаттан алады?
  6. Зертханада оттекті қандай заттардан (немесе қандай реакциялар арқылы) алады?
  7. Оттек атомдарынан тұратын, оттектен басқа жай зат қалай аталады?

3) Ой шақыру

1 минут

Интербелсенді тақтадағы формулалар:

  • CuO
  • H2S
  • FeO
  • MnO2
  • H2O

Тапсырма

Барлығына ортақ қандай белгі байқап тұрсыңдар?

Жетелеуші сұрақ

Артық формуланы сызып, қалғандарын атаңдар.

Ескерту

Қажет болған жағдайда сабақтың толық нұсқасын жүктеу мүмкіндігі қарастырылады.