Топтың зейінін сабаққа аудару

Ақтөбе қаласы

Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжі

«Жарықтандыру және жарықтандырғыш тораптар» пәні бойынша өткізілген ашық сабақтың әдістемелік әзірлемесі.

Арнайы пән оқытушысы

Аленова Алтынай Жаулиевна

Сабақ тақырыбы

Жасанды жарық көздері

Сабақтың мақсаттары

Білімділік мақсаты

  • «Жарықтандыру және жарықтандырғыш тораптар» пәні бойынша білім, білік, дағдыларды қалыптастыру.
  • Жасанды жарық көздері туралы жалпы түсінік қалыптастыру; түрлері мен құрылымымен таныстыру.
  • Қолданылуы, артықшылықтары мен кемшіліктері туралы білімді жүйелеу.
  • Өз жетістіктерін талдауға және өзіндік бағалау әрекетін ұйымдастыруға бағыттау.

Тәрбиелік мақсат

  • Адамгершілікке, қазақстандық патриотизмге және өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
  • Еңбек пен мамандықты құрметтеуге, экономикалық сауаттылыққа баулу.
  • Эстетикалық тәрбие беру және әдептілік нормаларын ұстануға тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсат

  • Жеке тұлғалық қабілеттерін дамыту: салыстыру, өз ойын дәл жеткізу, маңызды тұстарды ажырату.
  • Әдебиеттер мен интерактивті ресурстарды тиімді пайдалануға үйрету.

Күтілетін нәтижелер

  • Жасанды жарық көздері туралы жалпы түсінік береді және ерекшеліктеріне қарай түрлерін ажырата алады.
  • Қыздыру шамдарының құрылысын, жұмыс принципін, қолданудағы артықшылықтары мен кемшіліктерін дәлелмен түсіндіреді.
  • Фронтальды, жеке және өзара бақылау арқылы білімін бекітеді.

Алдын ала болуы тиіс білімдер мен дағдылар

  • Ақ жарықтың жіктелуін, вольфрамның физикалық-химиялық қасиеттерін және қолданылуын білу.
  • Жарықтық шамаларды және олардың өлшем бірліктерін ажырата білу.
  • Жарықтандыру электр қондырғыларының түрлері, құрылысы және қолдану кернеуі туралы базалық түсінікке ие болу.

Оқыту әдістері мен технологиялары

Әдіс-тәсілдер

Баяндау Түсіндіру Сұрақ-жауап Жалпылама бақылау Жеке бақылау Өзара бақылау Слайд-көрме Тірек-сызба Өз бетімен жұмыс

Инновациялық оқыту технологиялары

АКТ СТО дамыту ИНСЕРТ стратегиясы

Көрнекіліктер, жабдықтар және оқу материалдары

Интерактивті жабдықтар

  • Интерактивті тақта, компьютер, проектор
  • Шам, патрон, бағалау жетондары

Оқу материалдары

  • Оқу-әдістемелік құрал, дәрістер жиынтығы
  • Плакаттар: «Жарықтандыру электр қондырғылары», «Жарық көздері және шартты белгілері»
  • Интернет-ресурстар, сұрақ бетшелері

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру

3 минут

  1. 1 Топпен амандасу, сабаққа дайындығын тексеру, журнал бойынша түгендеу.
  2. 2 Оқу кабинетінің сабаққа дайындығын тексеру.
  3. 3 Топтың зейінін сабаққа аудару.
  4. 4 Сабақтың тақырыбын тақтаға жазу және мақсаттарын хабарлау.

СТО дамыту (ИНСЕРТ) бойынша жұмыс

Сабақ барысында «Нені білемін?», «Нені білгім келеді?», «Нені білдім?» жоспарымен жұмыс жүргізіледі. Жауап берген білім алушылар жетон арқылы бағаланады.

II. Үй жұмысын тексеру — «Нені білемін?»

7 минут

Үй тапсырмасы интерактивті тақта арқылы «Адасқан сөздердің орнын табу» стратегиясымен тексеріледі. Білім алушыларға тапсырма бетшелері таратылады, ал орындау тақтадағы жылжыту функциясы арқылы жүзеге асады.

Бірнеше білім алушы тақтаға шығып жұмыс орындайды. Нәтижелері бағаланады, қорытынды жасалып, жаңа тақырыпқа өтеді.

Өтпелі сұрақ

Жарықтандыру жүйесінде электр энергиясын жарық энергиясына айналдыратын қандай құрылғы? Осыны тереңірек білгіміз келе ме? Енді «Нені білгім келеді?» жоспары бойынша жаңа сабаққа кірісеміз.

III. Жаңа сабақты түсіндіру

20 минут

Дәріс жоспары

  1. 1 Жасанды жарық көздері туралы жалпы мағлұматтар
  2. 2 Қыздыру шамдары
  3. 3 Газ толтырылған қыздыру шамдары

Түсіндіру форматы

  • Сабақ интерактивті тақтада тірек-сызба көмегімен түсіндіріледі.
  • PowerPoint бағдарламасында слайд-көрме түрінде материал көрсетіледі.

1) Жасанды жарық көздері туралы жалпы мағлұматтар

Жасанды жарық көзі — қандай да бір энергия түрін оптикалық сәулеленуге түрлендіретін құрылғы. Ал электрлік жарық көзі электр энергиясын жарыққа айналдырады. Түрлендіру тәсіліне қарай жарық көздері екі топқа бөлінеді.

Сурет 1. Электрлік шамдар

а — қыздыру; б — люминесцентті; в — жоғары қысымды сынапты.

1

Цоколь

2

Аяқшалар

3

Электрод

4

Ілмек

5

Колба

6

Қыл

7

Түтік

8

Резистор

9

Негізгі электрод

10

Кварц жанарғы

12

Люминофор

13

Шыны түтік