Балалар қәзір бізде қандай сабақ

Пәні: Ана тілі

Тақырыбы: «Ана — біздің күніміз, біз — ананың гүліміз»

Оқылымдар (сыныптарға бөлінісі)

  • 1-сынып:С. Қалиев — «Әже»
  • 2-сынып:Ж. Смақов — «Айтшы, әжетай!»
  • 3-сынып:М. Сүндетов — «Қайырымдылық»
  • 4-сынып:Б. Бұлқышев — «Ана»

Көрнекілігі

Мультимедиалық көрсетілім (презентация және бейнематериалдар).

Негізгі сұрақ

Тақырыптардың ұқсастығы неде? Оқушылар «ана», «әже», «мейірім», «қайырымдылық» ұғымдарының ортақ мәнін табады.

Сабақтың мақсаты

Білімдік

  • Оқуға, мәнерлеп оқуға және мәтінді рольге бөліп оқуға үйрету.

Дамытушылық

  • Тіл дамыту, сөз қорын молайту.
  • Балалардың эмоциялық-танымдық қабілеттерін жетілдіру.

Тәрбиелік

  • Ананың пейілі мен махаббатын сезіндіру.
  • Үлкендерге ізетті болуға баулу.

Түзете-дамыту

  • Қимылдарға еліктеу қабілеттерін және танымдық белсенділікті қалыптастыру.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру: «Бақыт шеңбері»

Жылы сөз, сенім және ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Шаттық өлеңі

Амансың ба, алтын күн!

Амансың ба, көк аспан!

Амансың ба, достарым!

Сендерді көрсем, қуанам!

Сабаққа кіріспе сұрақтар

  • Сендердің қолдарыңнан бәрі келеді.
  • Қазір бізде қандай сабақ?
  • «Ана тілі» бізге нені үйретеді?

«Ана тілі» туралы өлең

Менің атым — Ана тілі,

Орным көптен дара тұр.

Мені жақсы игерсең,

Боласың шешен оратор.

Атқаратын көп ісім —

Кеңейтем ой-өрісің.

Әңгіме, ертек, жырымды

Көп оқыңдар ол үшін.

II. Бүгінгі мәтіндермен танысу

Оқушылар төмендегі шығармалармен жұмыс жасайды (сынып деңгейіне қарай):

1-сынып

С. Қалиев

«Әже»

2-сынып

Ж. Смақов

«Айтшы, әжетай!»

3-сынып

М. Сүндетов

«Қайырымдылық»

4-сынып

Б. Бұлқышев

«Ана»

Талқылау

Осы тақырыптардың ортақ өзегі — отбасы жылуы, ананың мейірімі, әженің тәрбиесі және қайырымдылық.

III. Дәйек сөз

«Адамда не жақсы қасиет болса, бәрі күннің көзі мен ананың сүтінен алынған қасиет».

Ғабит Мүсрепов

IV. Артикуляциялық жаттығу

Дыбыстармен жұмыс

  • А — дегенім алма, өседі биік талда.
  • Б — дегенім балық, суда жүзеді қалқып.
  • С — дегенім аққан су.
  • Г — дегенім гүл, бүр жарыпты гүл.

Мақсаты

Дыбыстарды анық айту, тілдің икемділігін арттыру, мәнерлі оқуға дайындау.

V. Сөздік жұмыс

Сөз Мағынасы
Өрген Жалғасқан, өріле байланысқан.
Ақтабан Жылқының атауы (ақ табанды).
Қаракөл қой Қойдың бір түрі.
Бәкене Аласа, тапал.
Қақ Іркіліп қалған жауын суы.
Уанбай шырылдап Көнбей жылап-сықтау.

VI. С. Қалиевтің «Әже» өлеңі бойынша жұмыс

Оқылым

  • Өлеңді мұғалім мәнерлеп оқып береді.
  • Оқушылар мазмұнына сай жауап береді.

Сұрақтар

  • Әжелеріңе қалай көмектесесіңдер?
  • Өлең кімнің атынан айтылған?

VII. Тіл дамыту

Жаңылтпаш-ұйқастар

Жа-жа-жа, менің атым — Қожа.

Жу-жу-жу, сен қолыңды жу.

Же-же-же, қандай жақсы әже.

Же-же-же, әже берді көже.

Туыстық атаулар

Отбасында татулық болғаны жақсы. Туыстық атауларды еске түсірейік:

Әкем — Атам

Анам — Ағатайым

Інім — Апатайым

Сіңлім — Нағашым

Әжем — Жездем

Қарындасым — Жеңгем

Бөле — Жиен ағам

VIII. Ж. Смақовтың «Айтшы, әжетай!» өлеңі бойынша жұмыс

Өлең оқушының көмегімен диалог түрінде рольге бөліп, мәнерлеп оқылады.

IX. Сергіту сәті

Әкем менің — қауыншы,

Анам менің — сауыншы,

Ағам менің — егінші,

Жеңгем менің — тігінші,

Әжем менің — ол аспаз,

Атам менің — ол ұста,

Бәрі-бәрі жұмыста.

Отырмаймын мен текке,

Кеттім мен де мектепке!

X. М. Сүндетовтің «Қайырымдылық» әңгімесі бойынша жұмыс

Мәтін рольге бөлініп оқылады. Әр кейіпкердің мінезі мен әрекетіне баға беріледі.

XI. Ойын: «Сөз ойла, тез ойла!»

Мақал-мәтелдердегі тиісті сөздерді тауып, орнына қойып толықтыру.

XII. Б. Бұлқышевтың «Ана» шығармасы бойынша жұмыс

Оқылым тәсілі

Оқушылар мәтінді ретімен оқып, сұрақтарға жауапты мәтіннен тауып айтады.

Талқылау сұрақтары

  • Қай жолдарында анаға деген махаббаттың құдіреті айтылған?
  • Қазақ әйелі қандай болуы керек?

XIII. Сергіту сәті: ән

«Құттықтаймын, мама, туған күніңмен!»

XIV. Сәйкестендіру тапсырмасы

Негізгі ұғымдар мен олардың мазмұнын сәйкестендіру арқылы қорытындылау тапсырмасы орындалады.

XV. Мультфильм көрсету: «Көкек» (ненец халқының ертегісі)

Ертегі бойынша мультфильм көрсетіліп, негізгі ойы талданады.

Түйін

Әр ананың арманы —

Баласы жақсы болғаны.

Орындалса сол тілек,

Орындалар қалғаны.

XVI. Үй жұмысы (шығармашылық жұмыс)

Өлең құрастырып келу. Берілген үлгі жолдарын толықтыру:

.................... данасың

.................... панасың

.................... баласың

.................... анашым

XVII. Бағалау және қорытынды

Бағалау

Оқушылардың мәнерлеп оқуы, белсенділігі, жауаптарының толықтығы ескеріледі.

Қорытындылау

Сабақтың негізгі ойы: ана мен әженің мейірімі — тәрбиенің бастауы, ал қайырымдылық — адамдықтың өлшемі.