Жорғалаушыларды зерттейтін ғылым
Биология · 7-сынып
Сабақ (слайдпен)
Сабақтың тақырыбы
Жыландар: сарыбас жылан және сұр жылан.
Білімділік
Оқушыларға жыландардың құрылысы туралы түсіндіру; олардың улы аппараты, уының әсері, жылан шаққан жағдайда көрсетілетін алғашқы көмек және жыландардың маңызы туралы білімдерін толықтыру.
Дамытушылық
Тест жұмыстары мен сұрақ-жауап арқылы ой-өрісті кеңейту, есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
Жорғалаушылардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын түсіндіріп, оларды қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері
- Сұрақ-жауап әдісі
- СТО стратегиясы
Көрнекіліктер
- Оқулық
- Плакат
- Видеопроектор
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу
- Оқушыларды түгендеу
- Топқа бөлу
II. Үй тапсырмасын тексеру
1-тапсырма · Сұрақ-жауап
- Жорғалаушыларды зерттейтін ғылым қалай аталады?
- Жорғалаушылардың қанша түрі бар?
- Жорғалаушылардың тері жамылғысы қандай? Мұндай түзіліс не үшін қажет?
- Жорғалаушылардың қаңқасы неше бөлімнен тұрады?
- Жорғалаушылардың қандай бұлшықеттері жақсы дамыған?
- Жорғалаушылардың жүрегінің құрылысы қосмекенділерге ұқсас, бірақ қандай ерекшелігі бар?
- Жорғалаушылардың сезім мүшелерін ата.
- Жорғалаушылардың қаңқасында алғаш рет пайда болған бөлім қайсы?
2-тапсырма · Тест
1) Жорғалаушыларды зерттейтін ғылым:
- а) зоология
- ә) герпетология
- б) биология
2) Жорғалаушылардың жүрегі неше қуысты?
- а) 3
- ә) 4
- б) 2
3) Жорғалаушылар не арқылы тыныс алады?
- а) бүйрек
- ә) жүрек
- б) өкпе
4) Жорғалаушылардың терісі қандай?
- а) тегіс, безді
- ә) ірі қабыршақты
- б) мүйізді қабыршақты
5) Жорғалаушылар қалай көбейеді?
- а) жұмыртқа және тірілей
- ә) уылдырық
- б) дернәсіл
III. Жаңа сабақ
Жаңа сабақтың жоспары:
- Жыландар
- Жыландар мен кесірткелердің ұқсастығы және айырмашылығы
- Жыланның улы аппараты және уының әсері
- Улы жылан шаққан жағдайда көрсетілетін алғашқы көмек
- Жыландардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы