Дауысты дыбыс ата

Сабақтың тақырыбы

«Төлдер» (35–36-жаттығу)

Сабақтың мақсаты

  1. 1 Оқушыларға жіңішке дауысты дыбыстар туралы түсінік беру; төрт түлік туралы білімін кеңейтіп, малдың пайдасын ұғындыру.
  2. 2 Жіңішке дауысты дыбыстардың қолданылуын жазба жұмыс барысында нақтылау; ой-өрісін кеңейтіп, тілін дамыту.
  3. 3 Еңбекқорлыққа, үй жануарларына сүйіспеншілік пен қамқорлыққа тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар

  • Үй жануарларының суреттері
  • Слайдтар

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Әңгімелеу

Пәнаралық байланыс

Дүниетану Математика Музыка

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, оқу құралдарын түгендеу, сыныптың оқу жұмысына дайындығын бақылау.

II. Психологиялық дайындық

Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Баршаңызға құрметпен,
Бас иеміз біз.

III. Үй тапсырмасын тексеру

Тапсырма

«Қозы» өлеңін жатқа айту.

Пысықтау сұрақтары

  • Әліпбиде неше әріп бар?
  • Дыбыс деген не?
  • Әріп деген не?
  • Сөз неден құралады?
  • Дыбыстар нешеге бөлінеді?
  • Дауысты дыбыстарды ата.
  • Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
  • Жуан дауысты дыбыстарды ата.

IV. Жаңа сабақ

Суретпен жұмыс

1) Жуан дауысты дыбыстарға қатысты сөздер

Ата, бота, ұя, ыдыс. Оқушылар суретті тауып, жуан айтылатын сөздерді талдайды.

2) Жіңішке дауысты дыбыстарға қатысты сөздер

Өрмекші, үкі, әже. Мұғалім жіңішке дауысты дыбыстардың ерекшелігін түсіндіреді.

Талдау қадамдары

  1. 1 Буынға бөлу.
  2. 2 Дауысты дыбыстарды атау.
  3. 3 Ережені айту.
Жіңішке дауысты дыбыстар: ә е ө і ү

35-жаттығу (ауызша)

Мен даламның ұлымын

Тапсырма: жіңішке айтылған сөздерді тауып, талдау.

Сергіту сәті (слайд)

Домбыраның күйіне,
Қане, биле, балақан,
Қосылайық биіне — (2 рет)
Шапалақтап алақан.

Биле, талдай бұралып,
Қанатын қақ қаз болып,
Өнеріңе қуанып — (2 рет)
Қол соқсын ел мәз болып.

V. Дәптермен жұмыс

36-жаттығу

Жаңылтпашты көшіріп жазу.

Жаңылтпаш

Қойымыз семіз,
Қозымыз егіз.
Өзіңіз келіп,
Көрсеңіз дейміз.

Талдау және байланыстыру

  • Жіңішке айтылған сөздердегі жіңішке дауысты дыбыстардың санын анықтау.
  • Венн диаграммасы арқылы «Жуан» және «Жіңішке» дыбыстарды салыстыру.
  • Математикамен байланыстыру: сандық салыстыру және қорытындылау.

Жуан

Салыстыру нәтижесіне сүйеніп толтырылады.

Ұқсастығы

Екеуі де дауысты дыбыстардың түрлері.

Жіңішке

Салыстыру нәтижесіне сүйеніп толтырылады.

VI. Ойын: «Малдардың төлін тауып, атын ата»

Оқушылар төлдерді сәйкестендіріп, атауын атайды. Осы бөлімде бүгін жылқының төлі құлыншақ және түйенің төлі ботақан туралы өлең оқылады.

VII. Кітаппен жұмыс

«Төлдер» өлеңі

  • Мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
  • Оқушылардың тізбектеп оқуы.
  • Жіңішке айтылған сөздерден жіңішке дауысты дыбыстарды табу.

Тірек сұрақ

Өлеңдегі жіңішке айтылған сөздерден жіңішке дауысты дыбыстарды атап бер.

VIII. Танымдық мәлімет

Жылқы туралы

Атаулары

Жорға, сужорға, жүйрік, тұлпар, қазанат, сәйгүлік, дүлділ, арғымақ.

Қасиеті

Жүйрік, шыдамды.

Өсу кезеңдері

Құлын, жабағы, тай, құнан, байтал, дөнен, бесті, бие, ат, сәурік, айғыр.

Жүрісі

Аяң, жүріс, жорға, жортақ, бүлкек, желіс, бөкен желіс, шоқыта жүру, шабыс.

Сипаты (түсі)

Торы, күрең, жирен, ақбоз, боз, көк, шұбар, т.б.

Ет тағамдары

Қазы-қарта, жал-жая.

Дыбыстауы және шақыру

Жылқы кісінейді: и-и-и, о-о-о.

Жылқыны шақыру: «құрау-құрау».

Жылқы атасы: Қамбар ата.

Түйе туралы

Қасиеті

Күшті, жүйрік, шыдамды.

Атаулары

Желмая, нар, аруана, жампоз, үлек, нарқоспақ.

Өсу кезеңдері

Бота, тайлақ, буыршын, буырлыш, науша, бұзбаша, інген, атан, бура.

Дыбыстауы және шақыру

Түйе боздайды: бө-бө-бө.

Түйені шақыру: «көс-көс».

Түйе атасы: Ойсылқара.

IX. Қорытынды

Ойын: «Кім жылдам?»

Төрт түлік туралы білімді пысықтау:

«Түйеде өркеш жоқ»

Өркештегі сұрақ: төрт түліктің пайдасы.

«Жылқының құйрығы жоқ»

Құйрықтағы тапсырма: мал аталарын ата.

«Сиырдың мүйізі жоқ»

Мүйіздегі тапсырма: жіңішке дауысты дыбыстарды ата.

X. Үйге тапсырма

  • «Төлдер» өлеңін және ережені жаттау.
  • Жіңішке айтылатын сөздерден 5 сөз жазып келу.

XI. Бағалау

Оқушылардың жұмысы бағаланып, белсенді қатысқан оқушылар марапатталады.

Қызылорда қаласы, №268 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі — Ошақбаева Айкүн Бисенқызы