Ұлттық құндылықта білім мен тәрбие берудің басым бағыттарының бірі тәрбие жұмыстарының әлеуетін күшейту болып табылады

Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы

Бүгінгі жаһандану үдерісінде ұлттық құндылықтарды, өзіндік болмысымызды және ізгі дәстүрлерімізді сақтау жолындағы күрес – ұлттық сананы қорғау күресі. Осыны ескере отырып, ұлттық тәрбие дегеніміз – жеке тұлғаның ұлттық сана-сезімі мен мінез-құлқының ана тілі, ата тарихы, төл мәдениеті, сондай-ақ ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптасуы.

Тәрбиенің басым бағыты

Ұлттық құндылыққа сүйенген білім мен тәрбие берудегі негізгі бағыттардың бірі – тәрбие жұмыстарының әлеуетін күшейту. Жас ұрпаққа сапалы біліммен қатар саналы тәрбие беру қай кезде де маңызын жоғалтқан емес, бүгін де солай.

Болашаққа инвестиция

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында ұлт Көшбасшысы:

«Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек».

Ұлттың ортақ міндеті

Бүгінгі ұрпақтың тілін, тарихын, ұлттық дәстүрін, ата салтын ұмыта бастауына жол бермеу – баршамыздың ортақ міндетіміз. Халқымыздың асыл қазынасын тиімді пайдалану, салт-дәстүрі мен мәдениетіне құрметпен қарауға үйрету – сөзсіз қажетті іс.

Рухани тәрбиенің мәні

Арғы ата-бабаларымыз жас өренді елін, жерін сүюге үндеп, ұлттық салт-дәстүрмен сусындатуды мұрат тұтқан. Сол рухани үндеу бізге бүгінге дейін жетті. Рухани тәрбиемен нұрланбаған адам алған білімін тек қара басының пайдасына жұмсап, өз мүддесі үшін адамзатқа апат әкелуі де мүмкін. Мұндай мысалдар тарихта аз емес.

Сондықтан ғасырлар бойы жинақталған бай рухани мұра арқылы жастардың бойына адамгершілік, ізгілік қасиеттерін қалыптастырып, оларды Отанға адал азамат етіп тәрбиелеу – ата-ана мен ұстаздар қауымының жауапты міндеті.

№167 мектептің бастауыш сынып оқытушысы

Арысланова Айжан Сейловна