Оқушыларды квадрат теңдеуді шешуде Виет теоремасын пайдалануға дағдыландыру
Сабақтың тақырыбы
Виет теоремасы
Сабақтың мақсаты
- Квадрат теңдеу түбірлерінің формуласын қайталау.
- Квадрат теңдеуді шешуде Виет теоремасын қолдануға дағдыландыру.
- Квадрат теңдеудің коэффициенттері мен түбірлері арасындағы тәуелділікті түсіндіру.
Тәрбиелік және дамытушылық мақсаттар
Тәрбиелік
- Оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру.
- Өздігінен шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық
- Алған білімді әртүрлі жағдайда қолдана білуге дағдыландыру.
- Ойлау қабілетін дамыту: өз ойын жүйелеу, тез шешім қабылдау, ұқсастық пен қарама-қайшылықты байқау.
Сабақтың жүру әдістері және көрнекілігі
Әдістер
- Әңгіме
- Сұхбат
- Өзіндік жұмыс
Көрнекілік
Интерактивті тақта.
Сабақ барысы
-
1
Ұйымдастыру бөлімі
Сабаққа дайындық, оқушылардың назарын шоғырландыру.
-
2
Үй тапсырмасын тексеру
Өз бетімен тексеру және қысқаша талдау.
-
3
Өткен тақырыпты қайталау
Екі оқушы тақтада жұмыс жасайды.
Тапсырма
Кестедегі бос орындарды толтыру.
-
4
Жаңа сабақты түсіндіру
Тапсырма
Теңдеуді шешу.
-
5
Кроссворд арқылы бекіту
Оқушылар теориялық және практикалық білімдерін пайдаланып кроссворд шешеді.
-
6
Тарихи дерек
Француз математигі Франсуа Виет туралы қысқаша мәлімет.
-
7
Бекіту: есептер шығару
№148, №149 (1–6).
-
8
Кері теореманы түсіндіру
Түбірлер арқылы теңдеуді құрастыру идеясы.
-
9
Виет теоремасының қасиеттері
Ауызша талқылау арқылы негізгі қасиеттерді қорытындылау.
-
10
Үйге тапсырма
№150–154 есептер.
-
11
Қорытынды тест және рефлексия
Кесте арқылы талдау: квадрат теңдеудің түбірлері мен коэффициенттері арасындағы байланысты байқауға көмектесті ме? Ойларың мен болжамдарыңды айтыңдар.
Негізгі идея: коэффициенттер мен түбірлер арасындағы байланыс
Бүгінгі сабақта квадрат теңдеудің коэффициенттері мен түбірлері арасындағы тәуелділікпен танысамыз. Теңдеуді шешу барысында түбірлер туралы маңызды ақпараттың коэффициенттерде «жасырын» болатынын байқайсыңдар.
Теорема (Виет теоремасы)
Келтірілген квадрат теңдеудің түбірлерінің қосындысы қарама-қарсы таңбамен алынған екінші коэффициентіне тең, ал түбірлерінің көбейтіндісі бос мүшесіне тең.
Дәлелдеуін келесі сабақта сендердің көмектеріңмен бірге қарастырамыз. Бұл тұжырым француз математигі Франсуа Виеттің атымен Виет теоремасы деп аталады.
Салыстыру және қорытынды
Өздерің жасаған болжамды оқулықтағы теоремамен салыстырыңдар. Ұқсастықтар мен айырмашылықтарды атап, қорытынды шығарыңдар.
Кроссворд сұрақтары
Теорияны бекіту үшін төмендегі сұрақтарға жауап беріп, кроссвордты толтырыңдар.
- ax² + bx + c = 0 теңдеуі қалай аталады?
- Квадрат теңдеудің түбірлер формуласы бойынша түбір астындағы өрнек қалай аталады?
- Квадрат теңдеуде a және b қалай аталады?
- Квадрат теңдеудің дербес түрі қалай аталады?
Материалдар
- «Виет теоремасы» бойынша презентация/жүктеме.
- «Виет теоремасы» слайдтары (жүктеу үшін).