Біз сендерді көргенімізге қуаныштымыз
Сабақтың тақырыбы мен мақсаттары
Тақырып
- 5 цифры туралы өткенді бекіту.
- 4 пен 5 сандарын салыстыру.
- Кеңістікте бағдарлау: алдында, үстінде, астында, артында.
Оқу мақсаты
- 5 көлеміндегі заттарды санау қабілетін нығайту.
- Цифрды заттардың санымен сәйкестендіруді үйрету.
- Айналадағы заттардың сұлбасынан геометриялық пішіндерді көре білуге үйрету.
Бекітілетін ұғымдар
Шаттық шеңбері
Балалар бір-біріне жылы көңіл сыйлап, шеңберге тұрады.
Қане, қане тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық. Құрып болсақ шеңберді, Алақанды ұрайық. Біз ақылды баламыз, Айтқан тілді аламыз. Достарымды көргенде, Қуана қарсы аламыз.
Сюжеттік кіріспе: Әли мен Айямен танысу
Балалар, сендер «Балапан» арнасындағы мультфильмдерді көргенді ұнатасыңдар ма? Қай мультфильмді ерекше жақсы көресіңдер?
Бүгін мен жұмысқа келе жатқанда, жолымнан екі сүйкімді бүлдіршін кездесті. Олар кім екенін білгілерің келе ме?
Жұмбақ
Атасы мен әжесіне қонаққа барады. Олардың сүйікті достары — Ақтөс, ботақан және көжек. Олар кімдер? Жауабы: Әли мен Айя
Ендеше, Әли мен Айяны ортаға шақырайық.
Серуенге шақыру және алғашқы кездесу
Диалог
- Әли мен Айя: «Сәлем, балалар! Қалайсыңдар? Біз сендерді көргенімізге қуаныштымыз.»
- Әли мен Айя: «Бүгінгі күніміз қызықты өтуі үшін сендерді табиғат аясына серуенге шақырамыз. Бізбен бірге барасыңдар ма?»
- Балалар: «Әрине!»
Назар аудару
Серуен барысында балалар реттік санауды (бірінші, екінші, үшінші) қолданады және кеңістіктік ұғымдарды іс жүзінде бекітеді.
Кездесу: Көжек
Сұрақ: Көжек нешінші болып кездесті?
Жауап: Бірінші.
Сипаттау: Көжек қандай?
Ақ, жұмсақ.
Көжектің ұсынысы: «Мен сендермен ойын ойнағым келеді!»
Ойын: «Өз үйшігіңді тап»
Музыка ойнап тұрады. Музыка тоқтаған кезде әр бала қолындағы санға сәйкес, үйшіктің есігіндегі санды тауып, өз үйшігіне тұрады.
Ойын бірнеше рет қайталанады.
Көжек: «Сендермен ойнаған маған ұнады. Мені де өздеріңмен бірге алып кетесіңдер ме?» Балалар: «Жарайды!»
Естелікке көжекпен бірге суретке түсіп алайық.
Екінші кездесу: Ботақан және кеңістікте бағдарлау
Кездесу
- Ботақан: «Сәлем, балалар! Қайда жол тарттыңдар?»
- Балалар: «Серуенге!»
- Сұрақ: Көжек бірінші, ал ботақан нешінші болып кездесті?
- Жауап: Екінші.
Тапсырма: «Ойыншықтарды сөрелерге орналастыр»
Ботақан ойыншықтарды жинауға қиналады. Балалар көмектесіп, заттарды нұсқаулық бойынша орналастырады.
Орналастыру ережелері
- Алма — жоғарыға.
- Ит — төменге.
- Доп — солға.
- Қуыршақ — оңға.
Бекіту сұрақтары
- Алма қай жерде тұр?
- Ит қай жерде орналасқан?
- Доп қай жақта тұр?
- Қуыршақ қай жаққа қойылды?
Ботақан: «Рахмет, балалар! Енді ойыннан кейін ойыншықтарымды міндетті түрде жинаймын. Мені де өздеріңмен бірге алып кетесіңдер ме?» Балалар: «Жарайды!»
Үшінші кездесу: Ақтөс және геометриялық пішіндер
Реттік санау
Көжек — бірінші, ботақан — екінші. Ал Ақтөс нешінші болып кездесті? Жауап: Үшінші
Ақтөспен тапсырма
Ақтөс: «Сәлеметсіңдер ме, балалар! Жағдайларың қалай? Сендер өте ақылдысыңдар.»
Сұрақ: Ақтөстің сүйікті асы қандай?
Жауап: Сүйек.
Ақтөстің сүйектері шашылып қалыпты. Олар бір-біріне ұқсай ма? Несімен ерекшеленеді?
Жауап: Түсі және пішіні бойынша.
Қыздарға
Бір себетке үшбұрыш пішінді сүйектерді жинау.
Ұлдарға
Екінші себетке дөңгелек пішінді сүйектерді жинау.
Соңында себеттердегі сүйектерді бірге санаймыз және кімнің шапшаң болғанын анықтаймыз.
Ақтөс: «Жарайсыңдар! Рахмет, балалар!»
Қорытынды бөлім: ән, қоштасу және шығармашылық жұмыс
«Санамақ» әні
Серуенде Әли мен Айяның барлық достарымен кездесіп, қызықты ойындар ойнадық. Ендеше достарымызға арнап «Санамақ» әнін бірге айтайық.
Балабақшаға қайту
Енді балабақшаға қайтатын уақыт келді. Достарымызбен қоштасайық.
Ойлау тапсырмасы: өзеннен өту
Алдымыздан өзен кездесті. Одан қалай өтеміз? Ұзын және қысқа жіптерді пайдаланып, шешімін бірге табайық.
Тосын сый және құрастыру жұмысы
Тобымызда тосын сый күтіп тұр. Бүгінгі керемет күннен естелік болсын: геометриялық пішіндерді пайдаланып, Әли мен Айяның суретін құрастырайық.
Рефлексия сұрақтары
- Серуен сендерге ұнады ма?
- Біз кімдермен бірге серуенге шықтық?
- Жолда кімдерді кездестірдік?
- Қай ойын немесе тапсырма саған көбірек ұнады?
Ендеше Әли мен Айяны өз еліне шығарып салайық. Олардың бізге әкелген сыйлықтары бар екен.
Мәлімет
- Ақтөбе қаласы, №51 «Жарқын бала» МДҰ.
- Тәрбиеші: Сабитова Альмира Сабитовна.