Шайқастар терезесі
Сабақтың тақырыбы
1837–1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқулықтан тыс тарихи шығармалар, құжаттар мен деректерге сүйене отырып, ұлт-азаттық қозғалыстың алғышарттарын, сипатын, ерекшелігін және мақсатын ашу. Кенесары Қасымұлының батыр, хан, көсем әрі дипломат ретінде халықтың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен мемлекет қайраткері екенін таныту. «Ұлт-азаттық қозғалыс» және «тәуелсіздік» ұғымдарын қалыптастырып, оқушыларды жан-жақты талдауға баулу.
Дамытушылық
1837–1847 жылдардағы қозғалысты қорытындылай отырып, сұрақтарға жауап беру үдерісінде әлеуметтік-экономикалық және саяси дамудың күрделі кешендерін талдауға, тарихи құбылыстар арасындағы байланыстарды анықтауға, идеологиялық құбылыстардың мәнін ашуға үйрету.
Тәрбиелік
Кенесарыдай ер тұлғаның ерлігін дәріптей отырып, оқушылардың ұлттық санасын күшейту, жеріне және еліне сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру. Өз көзқарасын дәлелдей алатын, қоғамның саяси дамуын түсінетін, демократиялық қоғам құндылықтарын құрметтейтін тұлға қалыптастыру.
Сабақтың түрі
Білімді бекіту сабағы
Көрнекілігі
Тұсаукесер
Пәнаралық байланыс
География, қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы
Сабақ «Ойлан, тап!» ойыны арқылы ұйымдастырылады: терезелердің артында тапсырмалар жасырылған. Оқушы бір терезені таңдап, сұраққа жауап береді. Ойлануға берілетін уақыт — 30 секунд. Жауап болмаса, келесі ойыншы жауап бере алады.
Бағалау өлшемдері
- 3 — 10 ұпай
- 4 — 20 ұпай
- 5 — 25 ұпайдан жоғары
Жаңа тақырыпты меңгеру
Тапсырмалар келесі «терезелер» бойынша жасырылып беріледі: Билік, Дипломатия, Әскер, Экономика, Хронология, Шайқастар, Тұлғалар.
Тұлғалар
-
Кіші жүздің Ресей империясының қол астына өтуін жүзеге асырған хан кім?
Жауап: Әбілқайыр хан
-
Кенесары Қасымұлы Орта жүздің қай ханының немересі?
Жауап: Абылай хан
-
Қазақ даласында отаршылдық езгіге қарсы 14 жылға созылған көтерілістің басшысы кім?
Жауап: Сырым Датұлы
Хронология
-
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс қашан болды?
Жауап: 1837–1847 жж.
-
Кенесары қашан хан болып сайланды?
Жауап: 1841 жыл
-
Кенесары ханға Долгов пен Герн басқарған елшілік қашан келді?
Жауап: 1845 жыл
Шайқастар
-
1838 жылы Кенесары жасақтары қай бекіністі өртке орады?
Жауап: Ақмола бекінісі
-
1847 жылы сәуірде көтерілісшілер Кекіліксеңгір жерінде кімдермен шайқасты?
Жауап: Қырғыздармен
-
Кенесары хан қай жердегі шайқаста қаза тапты?
Жауап: Тоқмақ шайқасы
Билік
-
Қазақ даласы қай генерал-губернаторлыққа бағындырылды?
Жауап: Орынбор генерал-губернаторлығы
-
1842 жылы Орынбор генерал-губернаторлығына кім тағайындалды?
Жауап: В. Обручев
-
Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс қай жүздердің аумағын қамтыды?
Жауап: Үш жүздің аумағын қамтыды
Дипломатия
-
Кенесары Батыс Сібір генерал-губернаторына жазған хатында қандай талаптар қойды?
Жауап: Ақтау бекінісі мен Ақмола приказының күшін жою; қазақ жерінің тұтастығын қалпына келтіру.
-
Долгов пен Герн елшілігі қойған шарттардың түпкі мақсаты қандай болды?
Жауап: Кенесарының хан лауазымын иеленуге құқығы жоқ екенін жеткізу
-
Патшалық Ресейдің отарлау саясатына қарсы 1837–1847 жж. ұлт-азаттық қозғалысты кім басқарды?
Жауап: Кенесары Қасымұлы — хан, қазақтардың патшалық Ресей мен Қоқан хандығына қарсы ұлт-азаттық қозғалысының басшысы
Тосын сый
10 ұпай — сыйлық
Экономика
-
Мал өсірушілерден қандай салық жиналды?
Жауап: Зекет
-
Ұшыр салығын кімдер төледі?
Жауап: Егіншілер
-
Керуендер қандай салық төледі?
Жауап: Баж салығы
Әскер
-
Кенесарының тұрақты әскері қанша сарбаздан тұрды?
Жауап: 20 мың
-
Мергенбасы қандай әскер түрін басқарды?
Жауап: Мергендер жасағын
-
Өлім жазасына қандай жауынгерлер кесілді?
Жауап: Сатқындық жасаған және әскери күзетте ұйықтап қалған сарбаздар
Практикалық жұмыс
Картамен жұмыс
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың негізгі шайқас алаңдарын картадан көрсету.
Сызбамен жұмыс
Венн диаграммасын толтыру: Сырым Датұлы бастаған көтеріліс пен Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысты салыстыру.
Бекіту
- Негізгі нүктелерді картаға белгілеу.
- Оқиғалардың тарихи маңызын анықтап, қорытынды жасау.
Үй тапсырмасы және бағалау
Үй тапсырмасы
Тест тапсырмаларын орындау.
Бағалау
Ойын барысында және практикалық тапсырмалар кезінде жиналған ұпайлар негізінде бағаланады.