Қар ұлпалары
Білім саласы: Коммуникация
Оқу іс-әрекеті: Сөйлеуді дамыту
Сабақтың мақсаты
Білімділік міндеті
Қыс мезгілі туралы түсініктерін тереңдету; мнемокестені пайдаланып қыстың өзіндік ерекшеліктерін байланыстырып айтып үйрену; тақпақ жаттату.
Дамытушылық міндеті
Тілге тән дыбыстарды дұрыс айтуға, сұрақтарға толық жауап беруге жаттықтыру.
Тәрбиелік міндеті
Достық қарым-қатынасқа, басқа тіршілік иелеріне қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер мен тілдік тірек
Көрнекі құралдар
- Ойыншық қонжық
- Қыс көріністері туралы суреттер
- Мнемокесте
- Тақырып бойынша слайд
Сөздік жұмыс
Қонжық, апан.
Тілдің үш тұғырлығы
- Қонжық
- — медвежонок — little bear
- Қыс
- — зима — winter
Сабақ барысы
Мотивациялық-қозғаушылық кезең
Балалар ортаға шақырылып, жарты шеңберге тұрады.
Шаттық шеңбері
Қайырлы таң, ормандар мен далалар!
Қайырлы таң, достасқан бар балалар!
Қайырлы таң, біздің балабақшамыз!
Қайырлы таң, бізге келген қонақтар!
Сәлеметсіз бе! / Здравствуйте! / Good morning
Сұрақ
Қазір жылдың қай мезгілі? Неліктен олай ойлайсыңдар?
Балалар қазір қыс мезгілі екенін айтып, дәлел келтіреді: күн суық, жерде қар жатыр және т.б.
Ұйымдастырушылық-ізденістік кезең
Ғажайып сәт
Есіктің ар жағынан дыбыс естіледі. Тәрбиеші есікті ашып, ойыншық қонжықты кіргізеді.
Тәрбиеші
— Бұл кім, балалар?
— Қонжық.
Билингвалды компонент
Қонжық — медвежонок — little bear
Диалог
Тәрбиеші: Қонжық, сен қайдан келдің? Қазір барлық аюлар ұйықтап жатыр ғой.
Қонжық: Балалар, мен «қыс» дегеннің не екенін білмеймін. Анам ұйықтап жатқанда ерте оянып кеттім де, сендерге келдім. Маған қыс туралы айтып бересіңдер ме?
Қонжық балалардың жанына жайғасады.
Слайдпен жұмыс
Қыс туралы слайд көрсетіледі. Балалар әр суретке түсініктеме береді: қыста қар жауады, боран соғады және т.б.
Жұмбақ (мнемокесте арқылы)
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.
Бұл не?
Жауабы: қар.
ТРИЗ элементі: «Жақсы — жаман»
Қыстың жақсы жақтары: қар жауады, қар лақтырып ойнаймыз, Аяз ата келеді, шанамен сырғанаймыз, аққала жасаймыз, қардан қамал тұрғызамыз.
Қыстың жаман жақтары: суық, тоңамыз, тайып құлап жарақат алып қалуымыз мүмкін.
Дыбыстық жаттығу
Ыс — ыс — ыс, келді қыс.
Ан — ан — ан, соқты боран.
Тақпақ (мнемокесте арқылы)
Балалар алдымен мнемокестедегі суреттерді атап шығады, кейін сол суреттерді өлең жолдарына айналдырып айтады.
«Қыс»
Тауға шықсам қалың қар,
Сайға түссем қалың қар,
Шырша үсті қалың қар,
Байқаңдар, қар астында,
Ұйықтап жатқан аю бар.
Сергіту сәті
Тоңса біздің қолымыз, қолғап киіп аламыз.
Сарт-сарт-сарт, шапалақ соғамыз.
Тоңса біздің аяғымыз, етік киіп аламыз.
Топ-топ-топ, топылдатып билейміз.
Тоңса біздің денеміз, тонды киіп аламыз.
Зу-зу-зу, шанамен зулаймыз.
Қонжықтың өтініші
Қонжық: «Сендер қысты жақсы біледі екенсіңдер. Бірақ менің анам қысты өмірі көрмеген. Осыны оған қалай жеткіземін?»
Балалар тақтадағы суреттердің ішінен қысқа қатысты бейнелерді таңдап, ақ параққа жапсырып, кесте құрастырады. Қонжықтан оны анасына апарып беруін өтінеді.
Ойын: «Қар ұлпалары»
Тәрбиеші қонжықтың жолай бір уыс «қар ұлпаларын» алып келгенін айтып, балаларға таратады. Балалар алақандарындағы ұлпаларға үрлейді:
- Мұрынмен терең дем алып, ауызбен ұзақ үрлеу.
- Мұрынмен терең дем алып, ауызбен кезек-кезек үрлеу.
Соңында балалар қыс туралы тақпақты тағы бір рет қайталайды.
Рефлексиялық-түзетуші кезең
Сұрақ 1
Бүгін бізге қонаққа кім келді?
Қонжық (медвежонок).
Сұрақ 2
Біз оған не туралы айтып бердік?
Қыс туралы.
Сұрақ 3
Біз оған қалай көмектестік?
Анасына қыс мезгілі туралы суреттерден кесте құрастырып бердік.
Тәрбиеші балаларды мадақтайды: бүгін бәрі белсенді қатысып, толық жауап берді.
Күтілетін нәтиже
Біледі
Қыс мезгілі туралы негізгі түсініктерді.
Игереді
Сұрақтарға толық жауап беруді; кестеге қарап сөйлем құрауды.
Меңгереді
Басқа тіршілік иелеріне қамқорлық сезімін.