Біздің ана тіліміз қай тіл

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Тақырыбы

«Үш бақытым»

Әдістері

  • Сұрақ-жауап
  • Түсіндіру
  • Әңгімелеу
  • Ой шақыру

Көрнекілігі

Суреттер Кесте Нақыл сөздер

Сабақтың мақсаты

1) Мәнерлеп оқу және мағына

Өлең мазмұнын түсініп, мәнерлеп оқуға үйрету арқылы ана тілімізді құрметтеудің маңызын ұғындыру.

2) Сөздік қорды дамыту

Оқушының сөз байлығын жетілдіріп, тілдегі сөз мағыналарының алуан түрлілігіне назар аударту.

3) Тәрбиелік бағыт

Оқушыларды өз ана тілін құрметтеуге және сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды сабаққа дайындау.

2) Жаңа сабақ

Өлеңді мәнерлеп оқу, мағынасын ашу, сұрақ-жауап арқылы талдау.

  • М. Мақатаевтың өлеңі неліктен «Үш бақытым» деп аталған?
  • Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап алу.

Тақырыпты жетелейтін сұрақтар арқылы тіл құндылығын ашу.

  • Біздің ана тіліміз қай тіл?
  • «Ана тіл» ұғымын қалай түсінесің?
  • Мемлекеттік тіл қашан қабылданды?
  • Тіл әдебі туралы не білеміз?

Қосымша бағыт

  • Автор туралы әңгімелеу.
  • «Үш тұғырлы тіл» туралы пікір алмасу.

Проблемалық сұрақ

Елбасының «Үш тұғырлы тіл» туралы жолдауында қандай тілдер көрсетілген? Олардың қажеттілігі неде?

Бекіту

Тіл туралы жұмбақтарды шешу арқылы алған білімді бекіту.

3) Сабақты қорытындылау

Тіл туралы мақал-мәтелдер айтқызып, оқушы ойын жинақтау.

4) Үй тапсырмасы

«Үш бақытым» өлеңін жаттау.

«Үш бақытым»

Мұқағали Мақатаев

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Кім мықты? – десе біреу, Отан дер ем.
…Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай-ақ кел дағы от ал менен.

Тапсырмалар

1-тапсырма

Сұрақтарға жауап бер:

  • М. Мақатаевтың өлеңі неліктен «Үш бақытым» деп аталған?
  • Өлеңді мәнерлеп оқы және жаттап ал.

2-тапсырма

Ойыңды қысқа әрі нақты жаз:

  • «Ана тіл» дегенді қалай түсінесің?
  • Мемлекеттік тіл қашан қабылданды?
  • Тіл әдебі туралы не білеміз?

3-тапсырма

Мақалдың мағынасын аш:

«Өзге тілді үйренсең, өркендейді адамдық».

Себебі

...............................................................

Дереккөз және авторлық мәлімет

Мекеме

  • Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Түрксіб ауылы
  • Антон Макаренко атындағы орта мектеп

Жауапты тұлға

Директордың бастауыш сыныптардағы оқу ісі жөніндегі орынбасары және бастауыш сынып мұғалімі:

Нұрғазиева Гүлназ Ұйқасқызы

Ескерту

«Үш бақытым» материалы жүктеуге ұсынылған.