Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары
Тақырыбы
Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары
Мақсаты
Оқушыларға қазақ халқының ғасырлар бойғы қиыншылықтарын баяндап, зұлмат жылдары елінің азаттығын аңсаған ұлт зиялыларының еңбегіне тоқталу. Өз елін, жерін қорғайтын, елдік мүддені жоғары қоятын ұрпақ тәрбиелеу.
Көрнекілігі
- «Алаш» тақырыбындағы кітап көрмесі
- Алаш қайраткерлеріне арналған буклет
- «Азаттықты аңсаған Алаш» атты газет
- Алаш туралы нақыл сөздер мен дәйексөздер
Барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Сабақтың мақсаты таныстырылып, оқушылардың назарын тақырыптың тарихи-мағыналық өзегіне бағыттау жүзеге асырылады.
Мұғалімнің кіріспе сөзі
XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын қалыптастыру міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның әр қырынан шыққан тұлғалар еді, алайда ең алдымен дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері болатын.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Тарих толқынында» атты еңбегінде XX ғасыр басындағы қазақ қоғамында зиялы қауымның қалыптасуы ұрпақтар эстафетасы іспетті сипат алғанын атап өтеді.
Өткен ғасыр қазақ халқының тарихында ұлы оқиғалармен есте қалды. Сол кезеңнің ең зобалаң беттері — 1930–1938 жылдар. Бұл уақыт «мың өліп, мың тірілген» халқымыз үшін ауыр да азапты сынақ болды.
Егемен ел, тәуелсіз мемлекет болу жолында өмірін сарп еткен Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев сынды ардақты азаматтар сұрқия саясаттың құрбанына айналды.
Тарихи бөлім
Жүргізуші 1: Алаш партиясы
Алаш партиясы — қазақтың тұңғыш ұлттық-демократиялық партиясы. Ол 1917 жылғы шілдеде Орынборда өткен Бүкілқазақ съезінде құрылды. Көп ұзамай он тараудан тұратын партия бағдарламасының жобасы жасалды. Партияны ұйымдастырушы — Әлихан Бөкейханов.
ХХ ғасырдағы қазақ тарихында терең із қалдырған Алаш партиясының негізгі мақсаты — Ресей федерациялық демократиялық республикасы құрамында қазақ автономиясын құру еді.
Жүргізуші 2: Алашорда үкіметі
Алашорда үкіметі 1917 жылы Орынборда 3–15 желтоқсан аралығында өткен II Бүкілқазақ құрылтайында құрылды. Негізгі мақсат — Алашорда үкіметін жасақтау.
- Төрағасы: Әлихан Бөкейханов
- Ұлт кеңесі: 25 адам
- Астана: Семей
Сол тұста Ресейде орын алған саяси жағдайға байланысты қазақ автономиясын толық жүзеге асыру мүмкін болмады. Күн тәртібінде бостандықтың жауы болған большевизммен күрес мәселесі тұрды. Өздері қолға алған шараларды іске асыру үшін Алашорда үкіметі Кеңеске қарсы күштермен одақтасуға мәжбүр болды. 1918 жылы Азамат соғысының басталуы Алашорда қызметін тоқтатуға әкелді.
Поэзия және рух
Жүргізуші 1
Қазағым, қақтықпа, қамалма,
Ел болар халіңді амалда!
Кетті туы, атты таң, шықты күн,
Сал малды, сал жанды аянба!Не көрсем де Алаш үшін көргенім,
Маған атақ — ұлтым үшін өлгенім.
Мен өлсем де Алаш өлмес, көркейер,
Істей берсін қолдарынан келгенін.
Жүргізуші 2
Алаш туы астында,
Күн сөнгенше сөнбейміз.
Енді Алашты ешкімнің
Қорлығына бермейміз.Өлер жерден кеттік біз,
Жасайды Алаш — өлмейміз.
Жасасын Алаш, жасасын!
Жүргізуші 2: Мәнерлеп оқу
Казымбекова Аружан — «Зар заман»
Оқушы
Кез болған соң кер заман біздің баққа,
Жау жарағын асырып, міндік атқа.
Ел бастайтын ерлерге бұл бір зор сын,
Жаңа талап, жас ұлан, қарап жатпа.Заман-ай!
Азаматы Алаштың аттанатын күн туды.
Тұлпар мініп, ту ұстап, баптанатын күн туды.Ел бастайтын қайдасың, көсемдерім?
Сөз бастайтын қайдасың, шешендерім?
Тәуекелге бел байлап, бастап топты,
Тигізбесін жұртқа жау кеселдерін.Заман-ай!
Бай, қайдасың, ортаға малыңды сал,
Азды-көпті аямай, барыңды сал.
Жаны тәтті жақсылар, қайдасыңдар?
Мұсылманның жолына жаныңды сал.Заман-ай!
Ел қорғайтын қайдасың, батырларым?
Өлең-күйдің шебері, ақындарым?
Азаматтың міндеті — елді қорғау,
Төнгелі тұр басына күшті толғау.Заман-ай!
Түйін
Жүргізуші 1
«Алаш» дегенде рухың сілкініп, ұлттық болмысың оянып, мақтаныш сезімің күшейеді. Сол сезім көкірегіңді кернеп, аспан астын Алаш атымен тұндырып, ән салғың келеді. Ал, Алаштан қалған ән бар ма?
Жүргізуші 1: Қорытынды жолдар
Айбарлы елдің ұлымын ай таңбалы,
Кейіпкері емеспін ертегінің.
Қазақ деген жалғыз ұлы мен боламын,
Жер әлемге жетеді көпке үнім!