Модуль бойынша оқушылардың сөздік қорын қалыптастыру
Сабақ: Қазақ тілі (1-сынып)
Тақырып
Бассейнде
Оқыту мақсаты
- Модуль бойынша оқушылардың сөздік қорын қалыптастыру.
- Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі қолдану арқылы оқушыларды тілдесімге жетелеу.
Күтілетін нәтиже
Топтық жұмыс арқылы оқушылар сыныптағы қарым-қатынасты көрсетеді және жаңа модуль сөздерін белсенді сөздік қорында қолдана алады.
Оқу мақсаттары (оқушы деңгейлері)
A деңгейі
ТүсінуТақырып бойынша жаңа сөздердің мағынасын ажырата алады және айта алады.
B деңгейі
ҚолдануСөз тіркестерін құрастыра алады және «кімде?», «неде?» сұрақтарына жауап бере алады.
C деңгейі
ТілдесімЖұппен және топпен жұмыс барысында шағын диалог құра алады, бұйрық рай формасын қолдана алады.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Жұмыс форматы: сыныппен
1) Амандасу
Мұғалім оқушылармен амандасады.
2) Психологиялық дайындық
- Оқушыларды басқа тілдік атмосфераға енгізеді.
- Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастырады.
Кезекшімен сұхбат
Сұрақ
Бүгін сынып түгел ме?
Сұрақ
Сабаққа дайындық қандай деңгейде?
Кіріспе бөлім
Мақсаты: қызығушылықты ояту, жаңа тақырыпқа шығу
Білу: визуалды таныстыру
Слайд арқылы суреттер топтамасын көрсетеді және сөздік жұмысын жүргізеді. Негізгі сөздер:
Мақсат — оқушыларды тілдесімге баулу және жаңа сөздерді белсенді қолдануға ынталандыру.
Әдіс: «Алтын балықтар аквариумы»
Мұғалім әдістің ережесімен таныстырады және тапсырманы ұйымдастырады.
Оқулық
161-бет, 2-тапсырма
Қолдану: «Стоп-кадр» тапсырмасы
«Шомылуға керекті заттар» тақырыбы бойынша оқушыларды «кімде?» және «неде?» сұрақтарына дұрыс жауап беруге дағдыландырады.
Оқулық
161-бет, 3-тапсырма
Қолдау және бақылау
Мұғалім оқушылардың қиындықтары мен түсінбеушіліктерін дер кезінде анықтап, қажет жерде көмек көрсетеді және оқу әрекетін тұрақты бақылап отырады.