Операциялық жүйелерді баптау Сабақтың мақсаты
Сабақтың тақырыбы
Операциялық жүйелерді баптау
Сабақтың мақсаты
1) Білімділік
Оқушыларға операциялық жүйелердің жіктелуі, бума (папка) терезесінің параметрлері, сондай-ақ Басқару тақтасы (Control Panel) бумаларының терезесі туралы толық түсінік беру, көрсету және үйрету.
2) Дамытушылық
Оқушылардың ой-өрісін дамыту, танымдық қызығушылығын арттыру, ізденімпаздыққа баулу, шығармашылық қабілетін жетілдіру. Басқару тақтасы терезесі бойынша практикалық тапсырмаларды өздігінен орындай алу дағдысын қалыптастыру.
3) Тәрбиелік
Жұмыс жылдамдығына, сауаттылыққа, әр сабақта қауіпсіздік ережелерін сақтауға және техникалық құралдарға ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың форматы
Әдістері
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
- Ой қозғау
- Өз бетімен жұмыс
- Жеке жұмыс
- Шығармашылық жұмыс
Түрі және ресурстар
Сабақтың түрі: аралас.
Көрнекілігі:
- Интерактивті тақта, компьютер
- Карточкалар, электрондық оқулық
- MS Office бағдарламалары
- Кітап, дәптер және қосымша құралдар
Пәнаралық байланыс:
Математика, әдебиет, сурет, психология, қазақ тілі.
Сабақтың барысы
- а Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгелдеу, сабаққа жұмылдыру, компьютердің дайындығын бақылау, техникалық қауіпсіздік ережелерін еске салу.
- ә Үй тапсырмасын тексеру және талдау.
- б Бүгінгі сабақтың жоспары мен жұмыс тәртібімен таныстыру.
Үй тапсырмасын тексеруге арналған сұрақтар
- Операциялық жүйе дегеніміз не?
- Операциялық жүйенің құрамына қандай компоненттер кіреді?
- Драйвердің қызметі қандай?
- Интерфейс дегеніміз не?
- Ядро деген не?
- Біртапсырмалы және көптапсырмалы операциялық жүйелердің айырмашылығы қандай?
- Бірпайдаланушы және көппайдаланушы операциялық жүйелер дегеніміз не?
Жауаптар (қысқаша анықтамалар)
Операциялық жүйе
Есептеу процестерін және компьютердің жұмысын басқаратын, пайдаланушы мен аппараттық құралдардың өзара байланысын қамтамасыз ететін бағдарламалар жиынтығы.
ОЖ құрамындағы компоненттер
Жүйелік қызметтік құралдар мен құрылғылармен жұмыс істеуге арналған модульдер (диск, тышқан, принтер сияқты құрылғылармен өзара әрекет) және қолданбалы бағдарламалар (мәтіндік, графикалық, кестелік редакторлар, ойындар және т.б.).
Драйвер
Компьютер құрамындағы әртүрлі құрылғыларды басқаруға арналған арнайы бағдарлама.
Интерфейс
Пайдаланушының компьютермен өзара әрекеттесуін жеңілдететін ыңғайлы орта.
Ядро
Операциялық жүйенің негізгі бөлігі: жүйелік ресурстарды басқаруды ұйымдастырады және командаларды орындауды қамтамасыз етеді.
Біртапсырмалы ОЖ
Пайдаланушыға бір уақытта бір ғана бағдарламаны орындауға мүмкіндік береді.
Көптапсырмалы ОЖ
Бір мезгілде бірнеше бағдарламаны іске қосуға және орындауға мүмкіндік береді.
Бірпайдаланушы ОЖ
Компьютерде бір ғана пайдаланушының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Көппайдаланушы ОЖ
Қуатты компьютер немесе сервер ресурстары арқылы бірнеше пайдаланушының бір мезгілде жұмыс істеуін ұйымдастырады.
Жаңа тақырып: Операциялық жүйені баптау
Пайдаланушының нұсқауымен жүйе сипаттамаларын өзгерту операциялық жүйені баптау деп аталады. Шартты түрде баптауды үш топқа бөлуге болады:
- Бума (папка) терезесінің параметрлерін баптау
- Негізгі мәзірді (Start) баптау
- Басқару тақтасы арқылы жүйені жалпы баптау
1) Бума терезесінің параметрлерін баптау
Қалай ашылады
Бума параметрлерін Түрі → Параметрлер… командасы арқылы баптауға болады. Нәтижесінде екі немесе үш қосымша беттен тұратын диалогтік терезе ашылады.
«Бума (Папка)» қосымша беті
Бір бумадан екінші бумаға өту тәсілін (буманы алмастыру режимін) таңдауға мүмкіндік береді.
«Қарап шығу (Просмотр)» қосымша беті
Көрінбейтін файлдарды көрсету/жасыру параметрлерін орнатады және бума терезесінің жоғарғы бөлігінде файлдың (немесе буманың) толық мекенжайын көрсету жалаушаларын қосады не өшіреді.
«Параметрлер» қосымша беті
Файлдардың жаңа типтерін (жаңа кеңейтулерді) қосуға мүмкіндік береді.
2) Негізгі мәзір мен Тапсырмалар тақтасын баптау
Негізгі мәзірді және Тапсырмалар тақтасын баптау Негізгі мәзір (Баптау → Тапсырмалар тақтасы) арқылы немесе Тапсырмалар тақтасының контекстік мәзіріндегі Қасиеттер командасы арқылы орындалады.
Екі команда да екі қосымша беті бар бір диалогтік терезені ашады. Сол терезеде қажетті параметрлерді өзгертуге болады.
3) Басқару тақтасы арқылы жүйені жалпы баптау
Басқару тақтасы (Control Panel) терезесінде Экран, Қаріптер, Күні мен уақыты, Пернетақта, Тышқан және басқа да көптеген бөлімдер мен белгішелер болады.
Белгішелермен жұмыс
Қажетті белгішені екі рет шертсеңіз, нақты баптау мақсатына сәйкес параметрлерді өзгертуге арналған диалогтік терезе ашылады. Параметрлерді енгізгеннен кейін OK немесе Болдырмау (Отмена) батырмасын басу қажет.
Практикалық бөлім
Тапсырмаларды орындамас бұрын қауіпсіздік ережелерін қысқаша қайталап алыңыздар.
Оқушылар орындайтын тапсырмалар
- Уақыт пен күнді баптау
- Жұмыс үстелін баптау
- Қыстырма бет (қосымша бет) параметрлерін баптау
- Тышқан параметрлерін баптау
- «Пуск» батырмасын баптау
Топтық жұмыс
1-топ
WordPad
2-топ
MS Word
3-топ
Paint
Тапсырмалар пакеті
1-тапсырма
Тапсырмалар карточкалары таратылады. Оқушылар интерактивті тақта арқылы әртүрлі практикалық әрекеттерді орындайды.
2-тапсырма: психологиялық ойын
Қолда бар заттарды пайдаланып, күнделікті өмірден қысқа үзінді немесе шағын скетч құрастырып көрсетіңіздер.
3-тапсырма: тест
Электрондық оқулық арқылы тест тапсырмалары беріледі. Әр оқушы модульдер бойынша тест жұмысын орындайды.
Сергіту сәті
Әр топтың басшысы өз командасына қысқа сергіту жаттығуын ұйымдастырады.
Сабақты бекітуге арналған сұрақтар
- 1 Windows жұмыс үстелінің фондық суретін қалай орнатуға болады?
- 2 Басқару тақтасы бумасының міндеті қандай?
- 3 ОЖ баптау қанша топқа бөлінеді және олардың айырмашылығы неде?
Сабақты қорытындылау
Мұғалімнің қорытынды сөзі
Сендер менің байлығым — оқушыларым,
Үміт еткен мақсатым, бар арманым.
Мен жетпеген шыңдарға сендер жетсең,
Орындалар өмірде бар арманым.
Бағалау
Оқушылардың білімі мен практикалық жұмысы бағаланады.
Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы мұғалімнің нұсқауы бойынша беріледі.