Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдеріӨмірде неше түрлі уды іштім, Неше түрлі азапқа, жаным, түстің

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдері

Өмірде неше түрлі уды іштім,
Неше түрлі азапқа, жаным, түстің.
Ағайынның ішінен ала шықса,
Жау ішінде бар ма екен сонан күштің.

Күндейді, бәлен дейді көре алмайды.
Мен кірген қауымға ол ене алмайды.
Ертең жаны шығатын шұбар жылан,
Соныма жылдан артық ере алмайды.

Қара көңіл адалға сене алмайды.
Ақты қара қашан да жеңе алмайды.
Өмір бойы тілеген бір тілегін,
Махмұт бүгін жауына бере алмайды.

Бұл жолда керек емес жанды аяу,
Ол онша ұзақ емес тұр ғой таяу.
Ұлы кеуде ышқынып жан берсе де,
Шынашақта қозғалған қанды қой-ау.

Мен соған сөзсіз әлі-ақ жетем деймін,
Шын досыммен қосылып кетем деймін.
Өткен күнді тек қана әңгіме қып,
Қалған күнде бақытпен өтем деймін.

Ол ойым кешікпей-ақ болуы анық,
Көзім жетті сәулесі күннен жарық.
Шын өмір, шын әділдік сол күнде орнап,
Мен секілді қуанар миллион халық.

Сол кезде сөйлесерміз қаймықпастан,
Көз жыпықтап ет жүрек шайлықпастан.
Өткен күнгі сұрқия сұр жыланды,
Сөз қылып шығарармыз талай дастан.

Кейінгі жас балалар оқып көрер,
Кейде жылап, кей кезде сақ-сақ күлер.
Кім адам, кім айуандық істегенін,
Кімнің дос, кімнің қасын анық білер.

Сонда олар сын көзімен әділ қарар,
Ел жауы кім екенін дәлдеп табар.
Сол жаудың ұрым-бұтақ тұқымына,
Аямай әділет заң балта шабар.

Арманым сол өмірді көрсем екен,
Соған дейін адам боп жүрсем екен.
Өмір бойы тілеген осы тілек,
Сарғайтып сағындырмай келсең екен.

ШҚО Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы,
Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің
10 сынып оқушысы Сағындықова Назерке



Ұқсас жұмыстар

Концептуалды талдау жұмысы
Дүниенін паремиологиялық бейнесін лингвомәдениеттанымдық негізі
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың поэмалары
Cұлтанмахмұт Торайғыровтың ағартушылық идеясы
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы
Сұлтанмахмұт Торайғыров романдары мен өлеңдері
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармалары
Ақын туралы бірер сөз (С.Торайғыров)
Сұлтанмахмұт Торайғыров - алдымен мінез
Сұлтанмахмұт Торайғыров -Айтыс поэмасы
Аурудың тұрақтылығы және даму себебі
Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану
Ақтөбе қаласы бойынша салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Қазақ тiлiн оқытудың, ұйымдастырудың әдiстемелiк ерекшелiктерi
Мәтін және онымен жұмыстың бағдарламалық талаптарын орындаудың негізгі жолы – тілдік талдау
Индустриалды-инновациялық даму жолында Қазақстанның нақты секторын тиімді инвестициялаудың қаржылық механизмі
Әлеуметтік бағдарланған рынок концепциясыны жобаның себебі және әр түрлі елдердегі қолдану салдары
Халық ертегілернің бала дүниетанымын қалыптастырудың маңызы
Желілік жоспарлау мен басқару әдісін қолданғандағы экономикалық талдаудың және бизнес жоспарлаудың стратегиясы және тактикасы