Абайдың қара сөздерінің тәлім - тәрбиелік сипатын айтып түсіндіру
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Абайдың қара сөздерінің тәлім-тәрбиелік сипатын түсіндіру, негізгі идеяларын талдату.
Дамытушылық
Ақын жанын толқытқан әлеуметтік-философиялық ойлар арқылы оқушылардың пайымын, талдау дағдысын дамыту.
Тәрбиелік
Адал еңбекке, кәсіптің түрлі саласын игеруге, жауапкершілік пен ізденіске баулу.
Кіріспе: Қара сөздің табиғаты
Абайдың қара сөздерінің саны — 45. «Қара сөз» ұғымы арабтың «ғақлия» сөзімен мәндес: ол көркем сөз, дана сөз, асыл сөз деген мағынаны білдіреді.
Қара сөздер көркем әңгіме жанрына жатпайды. Дегенмен оларды даналық сөздер, мақала, ғылыми-философиялық шолулар ретінде қарастыруға болады.
Қара сөздер алғаш рет 1948 жылы Семей қаласында «Абай» журналында жарияланды. Кейін Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз және басқа да көптеген тілдерге аударылды.
Негізгі ұғымдар: түсіндірмелі сөздік
- Ғақлия — көркем сөз, дана сөз, асыл сөз.
- Ләкин — бірақ (Он сегізінші сөз).
- Дәрілхарап — қауіпті, бүлінген (Жиырма бесінші сөз).
- Хикмет — керемет, ғажайып, сыр, ақыл (Жиырма бесінші сөз).
- Дауғасына — талас, тартыс, айтыс (Жиырма бесінші сөз).
- Ғибратлану — үлгі алу, өнеге тұту, сабақ алу (Отыз бірінші сөз).
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
- Амандасу.
- Оқушыларды түгендеу.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Өткен тақырып бойынша сұрақ-жауап, қысқаша қорытындылау, негізгі ұғымдарды еске түсіру.
III. Жаңа сабақты меңгерту
Тақырып түсіндіріліп, видеоролик гиперсілтеме арқылы ашылады. Одан кейін Абайдың 1–4-қара сөздері аудиожазба түрінде тыңдатылып, ауызша талдау жүргізіледі.
Талқылау бағыты: қара сөздегі ой өзегі, автор ұстанымы, тәрбиелік мәні, бүгінгі өмірмен байланысы.
Қорытынды тапсырмалар
1-тапсырма
Абайдың Он жетінші қара сөзін рөлге бөліп оқыңыздар: Ақыл, Жүрек, Қайрат, Ғылым.
2-тапсырма
Абайдың Бесінші қара сөзіндегі мақал-мәтелдерді теріп жазып, мағынасын талдаңыздар:
- Түстік өмірің болса, күндік мал жи.
- Өзіңде жоқ болса, әкең де жат.
- Мал — адамның бауыр еті.
- Малдының беті — жарық, малсыздың беті — шарық.
- Ер азығы мен бөрі азығы жолда.
- Ердің малы елде, еріккенде қолда.
- Берген перде бұзар.
- Алаған қолым — береген.
- Мал тапқан ердің жазығы жоқ.
- Байдан үмітсіз — құдайдан үмітсіз.
- Қарның ашса, қаралы үйге шап.
- Қайраны жоқ көлден без, қайыры жоқ елден без.
3-тапсырма
Абайдың Он екінші, Он бірінші, Он тоғызыншы қара сөздерін оқып, мазмұнын ашыңыздар (идеясы, проблемасы, қорытынды ойы).
4-тапсырма
Оқулықпен жұмыс: 109–112-беттер аралығындағы мәтіннен жасырын сөздерді тауып, сөйлемдерді толықтырыңыздар.
1) Бұл қара сөздер көркем әңгіме емес, алайда оларды _______ _______, мақала, ғылыми, _________ шолулар деп қарастыруға болады.
2) Абай поэзиясында жиі кездесетін “_____” мен “______” ұғымын, оның адам ___________ рөлі мен өмірдегі қызметін өзіндік __________ кең талдап түсіндіреді.
3) ______ қара сөздері өз _______ тарихи шындығынан туған.
4) “Сөз _________ жұртқа сөз айтқанша, __________ танитұғын шошқаны баққан жақсы деген екен ______ ________, сол секілді сөз болады”. — деп аяқтайды.
Бекіту
«Абайды мұқият оқыған адам оның көзқарастары күні бүгінгі нарық экономикасымен де тікелей үндес екенін айқын аңғарар еді. Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас Темірқазық іспетті. Соған қарап тірлігіміздің дұрыс-бұрысын сараптай аламыз. Өйткені жанды жегідей жеп жүрген көп сауалдың жауабын Абай әлқашан айтып кеткен».
Қорытынды ой: Абайдың қара сөздері — адам болмысына бағыт беретін рухани бағдар. Оқушы үшін ол тек мәтін емес, ойлануға, өзін тәрбиелеуге және қоғамға сын көзбен қарауға үйрететін өмірлік сабақ.
Үй тапсырмасы
Жаттау жұмысы
Абайдың қара сөздерін жатқа айту: әр оқушы бір қара сөзден жаттап келеді (мазмұны түсіндіріліп, қысқаша ой түйін жасалады).