Салынған постерді топ арасында түсіндіру
Баянауыл ауданы білім беру бөлімі
Е. Бекмаханов атындағы жалпы орта білім беру мектебі (коммуналдық мемлекеттік мекеме)
Пән
Тарих (9-сынып)
Мұғалім
Бажикова Бахыт Амантаевна
Тақырып
1930 жылдардағы аштық және шаруалар көтерілісі
Білімділік мақсаты
Оқушыларға 1930 жылдардағы шаруалар көтерілісі мен ашаршылық туралы түсіндіру, тарихи шындықты ашу.
Дамытушылық мақсаты
Топтық жұмыс арқылы оқушылардың бірлесе жұмыс жасау дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты
Ашаршылық зұлматының қазақ халқы үшін аса ауыр оқиға екенін ұғындыра отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі
Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап
- Топтық жұмыс
- АКТ
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру
- Амандасу.
- Оқушыларды түгендеу.
II. Үй тапсырмасын тексеру
«Иә — жоқ» ойыны арқылы білімді бекіту.
| № | Тұжырым | Жауап |
|---|---|---|
| 1 | 1927 жылғы желтоқсанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағыты жарияланды. | Иә |
| 2 | «Кіші Қазан» идеясының авторы Тұрар Рысқұлов. |
Жоқ
Дұрысы: Г. Голощекин
|
| 3 | 1929 жылы Қазақстанда МТС (машина-трактор станциясы) құрыла бастады. | Иә |
| 4 | Ұжымдастыруға Ресейден 1204 адам келді. | Иә |
| 5 | Торғай ауданында 1 млн малдан 98 мыңы ғана қалды. | Иә |
| 6 | «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» ұраны ұжымдастыру кезеңінде көтерілді. | Иә |
| 7 | 1932 жылғы ақпанда Шу ауданында 400 киіз үйден қала үлгісіндегі поселке тігілді. | Иә |
| 8 | Голощекин ауылдарға 4800 уәкіл жіберді. | Иә |
| 9 | «Кіші Қазан» идеясын қолдаған адам — Ә. Бөкейханов. |
Жоқ
Дұрысы: И. Сталин
|
| 10 | 1931 жылғы қазанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру 75% деңгейінде орындалды. |
Жоқ
Дұрысы: 65%
|
| 11 | Шұбартау ауданында етке малдың 80%-ы өткізілді. | Иә |
| 12 | Астықты аудандарда колхозды ұйымдастыру формасы — жерді бірлесіп өңдеу мен шөп шабу серіктестігі болды. | Жоқ |
| 13 | Ұжымдастырушыларға көмекке 8 мың белсенді жіберілді. | Иә |
| 14 | 1928 жылы шаруалардың малын кәмпескелеу туралы заң шықты. | Жоқ |
III. Жаңа сабақ
Тақырыпқа шығу
- Үлестірмелі қағаздар таратылады.
- Суретте не бейнеленгені және оның не туралы екені сұралады.
- Оқушылар тақырыпты дәптерге жазады.
Негізгі жұмыс форматы
Оқушылар тарихи дерекке сүйене отырып, талдау, салыстыру және қорытынды жасау дағдыларын қолданады.
Ескерту
Тақырыптың мазмұны ауыр екенін ескере отырып, сыныпта қауіпсіз әрі құрметті пікір алмасу мәдениеті сақталады.
Тапсырмалар тізбегі
-
1
Оқулықтағы материалмен танысу.
-
2
«1930 жылдардағы аштық және шаруалар көтерілісі» тақырыбы бойынша постер дайындау.
-
3
Дайын постерді топ ішінде түсіндіріп қорғау.
-
4
1930 жылдардағы шаруалар көтерілісіне қатысты оқиғаларды хронология бойынша жазу.
-
5
Тақырып бойынша сәйкестендіру тапсырмасын орындау.
-
6
Тақырыпқа қатысты өз ойын қысқаша жазу (пікір/түйін).
-
7
Топ ішіндегі оқушылардың қорытындысы (талқылау нәтижесі).
Қорытынды бөлім
«Даңқ аллеясы»: сабақ соңында оқушылар маңызды ұғымдар мен негізгі тұжырымдарды қысқаша атап, ортақ нәтижені жинақтайды.