Математикалық ойындар
5–7 сыныптарға арналған факультатив
Тақырыбы: «Математиканың сан сырлары»
Пән
Математика
Формат
Сабақтан тыс факультатив
Мақсатты топ
5–7 сынып оқушылары
Түсінік хат
Қазақстан Республикасы инновациялық даму бағытын ұстанған ел. Сондықтан елімізге жоғары білікті мамандар қажет. Инновациялық даму жаңа ойлауды, алға жоспарлауды, болашаққа қажет идеялар мен технологияларды меңгеруді талап етеді. Мұндай қасиеттер ең алдымен өсіп келе жатқан жас ұрпақтан күтіледі.
Мектеп мұғалімінің басты міндеттерінің бірі — оқушының өзін-өзі дамытуына жағдай жасап, пәнге қызығушылығын ояту. Осы мақсатқа жетудің тиімді жолдарының бірі — оқушылардың математикалық үйірме мен факультатив сабақтарға қатысуы.
Мақсаттар
- Сабақ жоспарынан тыс математикалық мағлұматтар беру.
- Математиканы басқа қырынан таныту.
- Пәнге деген қызығушылықты арттыру.
- Сабақтан тыс тапсырмаларды орындауға дағдыландыру.
- Математикалық интуицияны, логикалық ойлауды, есте сақтауды және есептеу дағдыларын дамыту.
Міндет
Математикадан стандарттан тыс есептерді шығару тәсілдерін меңгерту.
Білім деңгейіне қойылатын талаптар
Оқушылар мыналарды білуі және орындай алуы керек:
- 1 Өлшеуге, шеңбер бойымен қозғалысқа берілген және әзіл есептерді шығара білу.
- 2 Сөзжұмбақ, ребус, әзіл есеп және математикалық ертегілер құрастыра білу.
- 3 Математика мен табиғат арасындағы байланысты көре білу.
7-сыныпқа арналған жоспар
Жалпы көлемі: 34 сағат • Аптасына: 1 сағат
Құрылымы
5 тарау • Логикалық есептер • Тапсырмалар
I тарау. Сандар туралы ғылым
- 1Математика қалай нағыз ғылым болды?
- 2Жай және құрама сандар.
- 3Бөлінудің белгілері.
- 4Ең үлкен ортақ бөлгішті қалай табамыз?
- 5Жас математиктер.
- 6Логикалық есептер. Тапсырмалар.
II тарау. Математикалық ойындар
- 7Шеңберлерден тұрғызылған мұнара.
- 8Сандар мен Ним ойынының айқасы.
- 9Тапсырмалар. Логикалық есептер.
III тарау. Арифметика мен алгебраның дамуы
- 10Нөлдің ашылуы.
- 11Квадриллион дегеніміз не?
- 122 жерде 2 ылғи да 4 бола ма?
- 13Пропорция.
- 14Теріс сандарды кім ойлап тапты және олар не үшін қажет?
- 15Алгебраның тууы.
- 16Логикалық есептер. Тапсырмалар.
IV тарау. Геометрия туралы аңыздар
- 17Геометрия қалай пайда болды?
- 18Геометриялық фигуралардың атаулары туралы.
- 19Дұрыс фигуралар.
- 20Геометриялық мәселелер.
- 21Тапсырмалар. Логикалық есептер.
V тарау. Машина — математиктер
- 22Алғашқы ЭЕМ.
- 23Программа деген не?
- 24Логикалық есептер. Тапсырмалар.
Дайындаған
Білім беру ұйымы
Үшқұлын жалпы негізгі білім беру мектебі
Мұғалім
Махсум Сәулегүл
Математика пәнінің мұғалімі
Ескерту: Бұл материал 5–7 сыныптарға арналған математика пәні бойынша факультатив жоспары ретінде ұсынылады.