Ананың аты кім

Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы

М.–С. Бабажанов атындағы ЖОББ мектебі

Мұғалім: Әбдрешова Айнагүл Фазылқызы

«Білім – жанып тұрған шырақ» сайыс сабағы

Бұл сабақ – оқушылардың білім-білік дағдыларын байқап, өздерін еркін ұстай білуге үйретуге бағытталған танымдық сайыс. Сонымен қатар шапшаң ойлау қабілетін дамытып, білімге деген қызығушылықты оятуды көздейді.

Мақсаты

  • Оқушылардың білім-білік дағдыларын байқау.
  • Өзін еркін ұстауға дағдыландыру.
  • Шапшаң ойлау қабілеттерін дамыту.
  • Білімге қызығушылықты арттыру.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалім оқушыларға бүгінгі сайыстың мақсатын түсіндіріп, есте сақтау қабілеті мен ой-өрістің кеңдігін байқап көретіндерін айтады.

Мұғалімнің кіріспе сөзі

«Білмеймін» деп қысылма, талабың болса бойыңда.
Өнерлінің ырысы жарқырап жатыр бойында.

Осыдан кейін әр оқушы өзін таныстырады.

Топтар

І топ – «Білімділер»

Ұраны: Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.

ІІ топ – «Ойшылдар»

Ұраны: Кітап – алтын сандық, іші толған қазына-құт. Оқы, оқы, ойыңа тұт.

І кезең: «Көңілді қалам»

Әр топқа жылдам сұрақтар қойылады. Мақсат – тез ойлап, нақты жауап беру.

І топқа сұрақтар

  1. Ертегі оқисың ба?
  2. Қай пәнді жақсы көресің?
  3. Досың кім?
  4. Анаңның аты кім?
  5. Сиырдың төлі қалай аталады?
  6. Жұлдыздар қай кезде пайда болады?
  7. Үй жануарларын ата.
  8. Қызанақтың түсі қандай?
  9. Неше жуан дауысты дыбыс бар?
  10. Балық қайда болады?

ІІ топқа сұрақтар

  1. Жасың нешеде?
  2. Шашыңның түсі қандай?
  3. Бір аптада неше күн бар?
  4. Жыл мезгілдерін ата.
  5. «Т» қандай дыбыс?
  6. Асханада не істейді?
  7. Жапырақ қай кезде сарғаяды?
  8. Тудың түсі қандай?
  9. Қазақстан Республикасының Президенті кім?
  10. Жемістерді ата.

ІІ кезең: «Мықты болсаң, тауып көр»

Мақал-мәтелдің жалғасын табу арқылы оқушылардың тілдік қорын және ойлау жылдамдығын тексереміз.

1)

Оқу – білім ............ бұлағы.
Білім – өмір ............ шырағы.

2)

Оқусыз білім ............ жоқ.
Білімсіз ............ күнің жоқ.

3)

Оқу – ............ білім азығы.
Білім – ............ өмір шырағы.

ІІІ кезең: «Ғажайып сурет»

Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік! Бұл кезеңде оқушылар берілген қиындылардан бір бейне құрастырады.

«Арамызда тапқыр достар көп екен, соларды енді жарыстырып көрелік!»

ІV кезең: «Өлең – сөздің патшасы»

Оқушылар берілген өлеңдерді мәнерлеп оқиды.

Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы.

V кезең: «Ойлы болсаң, озып көр»

Жұмбақ шешу арқылы логикалық ойлау мен тапқырлық сыналады.

VІ кезең: «Сәйкестендіру» тесті

Берілген сөздерді мағынасына қарай дұрыс жұптастыру тапсырмасы орындалады.

І топ

  • 1 Ақ ——— шашын
  • 2 Жора ——— төмен
  • 3 Жауын ——— қараша
  • 4 Жоғары ——— жылы
  • 5 Жып ——— жолдас

ІІ топ

  • 1 Арыстан — боздайды
  • 2 Қой — кісінейді
  • 3 Түйе — мөңірейді
  • 4 Сиыр — маңырайды
  • 5 Жылқы — ақырады

Қорытынды сөз

Балалардың білімі құтты болсын, денсаулығы әрқашан мықты болсын! Білімдерін әрі қарай дамытып, ерінбей еңбек ететін, талапты да жігерлі болсын!