Тақырып жолы
Сабақтың тақырыбы
Программа интерфейсімен танысу. Презентация.
Сабақтың мақсат-міндеттері
Білімділік
Оқушыларды Microsoft PowerPoint бағдарламасымен және оның интерфейсімен таныстыру, презентация құруды үйрету.
Дамытушылық
Оқушылардың есте сақтау және зейін қабілеттерін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік
Оқушыларды тазалыққа және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сабақтың типі
Жаңа материалды игерту.
Сабақтың түрі
Дәстүрлі.
Сабақтың әдістері
Түсіндірмелі, сұрақ-жауап.
Оқыту құралдары мен көрнекілігі
- Интерактивті тақта
- Манипулятор (тышқан)
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
- Амандасу
- Түгелдеу
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару
- Оқу құралдарының дайындығын тексеру
II. Жаңа материалды қабылдауға дайындық
Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау.
III. Жаңа материалды түсіндіру
а) Жаңа ұғымға байланысты жұмыс
Бүгін біз Microsoft PowerPoint бағдарламасымен, оның интерфейсімен танысып, презентация жасауды үйренеміз.
Презентация дегеніміз не?
Презентация (ағылшынша presentation — «ұсыну» деген мағынаны білдіреді) — белгілі бір тақырып бойынша жинақталған слайдтар жиынтығы.
Слайд ұғымы
Тақырыптарды, мәтінді, кестелерді, графикалық объектілерді және дыбыстық фрагменттерді қамтитын күрделі объект слайд деп аталады.
Microsoft PowerPoint туралы
Презентация құруға арналған кең таралған офис бағдарламаларының бірі — Microsoft PowerPoint.
Бағдарламаны іске қосу
Microsoft PowerPoint бағдарламасын іске қосу үшін келесі бұйрықтарды орындаймыз:
Бастау → Бағдарламалар → Microsoft Office → Microsoft PowerPoint
PowerPoint интерфейсі (терезе бөліктері)
Microsoft PowerPoint бағдарламасының интерфейсі төмендегі негізгі бөліктерден тұрады:
- 1 Тақырып жолағы
- 2 Мәзір қатары
- 3 Құрал-саймандар тақтасы
- 4 Жұмыс аймағы
- 5 Слайдтың кішірейтілген көрінісі
- 6 Қалып-күй жолағы