Лагерь сөзінің мағынасын ашу
Іс-шара туралы мәлімет
- Қала
- Қарағанды
- Мектеп
- №23 ЖББО
- Мұғалім
- Лапиева Гулайым Қаппаровна, бастауыш сынып мұғалімі
- Тақырып
- «Қазақстан – менің болашағым» фестивалі аясындағы жазғы сауықтыру лагерінің (III кезең) жабылу салтанаты
Мақсаты
-
1
«Лагерь» сөзінің мағынасын ашу; Отан, Қазақстан, туған жер, ел туралы түсініктерді қалыптастыру; балалық шақтың ең қызықты күндерін жадыда сақтау.
-
2
Ой-өрісті дамыту, шығармашылықты және есте сақтау қабілетін арттыру.
-
3
Сыйластыққа, ізгілікке, Отанды сүюге; елін-жерін қорғауға; табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Барысы
Топ таныстыру
1, 2, 3 — бойға жинап күш.
Демаламыз қызық біз.
«Атамекен» (ән орындау).
«Лагерь» ұғымы: мағынасы мен құндылықтары
Лагерь — баланың жан-жақты дамуына жағдай жасайтын орта: жаңа достар, таза ауа, табиғат аясындағы шаттық күндер, белсенді тіршілік, суға шомылу, денсаулық пен бақытқа толы жаз.
- Жарқын әсер
- Шаттық күн
- Табиғат
- Жаңа достар
- Таза ауа
- Денсаулық
Жаз туралы өлең шумақтары
Атың қандай жаз деген,
Мағынасы бар мәз деген.
Бар тіршілік масайрап,
Күй толқыды сөзбенен.
Балалар да мәз болып,
Үйге мүлде кірмейді.
Көлге аққу, қаз қонып,
Жазсыз өмір сүрмейді.
Жаз болса, жердің жүзі жайнап тұрған,
Ән шырқап бұлбұл құстар сайрап тұрған.
Болғанда қырық күн шілде, сарша тамыз,
Ыстық боп, жердің жүзі қайнап тұрған.
«Балдырған» тiлегi
Балалықтың бақытын байытқан жер — аман болсын.
Балалардың тәтті ұйқысы бұзылмасын.
Берекелі, бейбіт күн мәңгі болсын.
«Бейбітшілік» (ән орындау).
Қызығушылықты ояту: «Отан» ұғымы
Сұрақ: Отан деген не?
Оқушылар алфавит бойынша реттік нөмірлерді сәйкестендіріп, цифрограмманы шешеді.
3 38 11 7 38 19
Біздің
20 25 1 18 37 17 37 11
Отанымыз –
15 1 11 1 15 24 25 1 18
Қазақстан.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
«Отан» — бұл: туған жер, атамекен, туған ел, мектеп, өз қаламыз — Қарағанды, және ортақ шаңырағымыз — Қазақстан.
Демалушыларды мадақтау
Жәнібек — салмақты, сабырлы, жүрген ортасына қадірлі.
Бақтияр — инабатты, ибалы, кішіпейіл, достарына сыйлы.
Лейла — ықыласты, ынталы, мінезі жайдары.
Дидара — ортаға беделді, өсек пен өтірікке жақын емес.
Сонымен қатар басқа балалар да бір-біріне жылы лебіз айтып, өзара мадақтауларын білдірді.
«Балалық» әні орындалады.
Қорытынды: түстер арқылы өзін-өзі тану
Әр демалушы өзіне ұнаған түсті таңдап, осы демалыс барысында қандай қасиеттерімен көзге түскенін анықтады. Түстердің мағынасы төмендегідей:
-
Қызыл
Ізденімпаз
-
Сары
Данышпан
-
Көгілдір
Шығармашыл
-
Сарғыш
Өнерпаз
-
Жасыл
Ойшыл
Марапаттау
Лагерь демалушыларының ішінен үздік демалушылар, үздік суретшілер, спортшылар және белсенді қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.