Нағашы жұрт дегенді қалай түсінесің
Сабақ тақырыбы: «Туған-туысқандар»
Бұл сабақта оқушылар туыстық атауларды, олардың мәнін және отбасылық байланыстардың қоғамдағы орнын ойын арқылы меңгереді. Сабақ «Алтын сақа» ойынының желісімен құрылып, әр кезең тапсырмамен бекітіледі.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сабақ «Алтын сақа» ойыны түрінде өтеді. Қонақтар, көрермендер және ойынға қатысушы оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы «табалдырықтан аттап», кезеңдер бойынша алға жылжиды.
Ескерту
Алғашқы сұрақтар үй тапсырмасына негізделеді. Жауап берген оқушылар ойынға қатысады, қалғандары көрермен болып, мәтін мазмұнын айтуға дайындалады.
ІІ. Өткенді пысықтау
Сұрақтар
- 1.Отбасыны неге «шағын қоғам» дейміз?
- 2.«Отбасының басшысы» дегенді қалай түсінесің?
- 3.Туған-туыспен қарым-қатынасты қалай түсінесің?
- 4.Өз отбасыңа қандай көмек бересің?
Көрермендерге тапсырма
Көрермен болып қалатын оқушылар өткен мәтіннің мазмұнын қысқаша әңгімелейді және «табалдырық» сұрақтарына жауап береді.
ІІІ. Жаңа сабақ
«Әудем жер» тапсырмалары
Отбасы мүшелерінің рөлін ажырату және ортақ ұғымды табу.
1) Көмекші
Бала, қыз, немере, келін, қарындас, іні, бауыр.
2) Басшы
Кенже ұл немесе ата-анасына қарайласатын бала (ұл не қыз).
3) Ортақ қасиет
Барлығына ортақ ұғым: адам.
«Жеті ата»
Ата – әке – немере – шөбере – шөпшек – немене – туажат (жекжат, жүрежат).
Шығармашылық тапсырма
«Ана» туралы шағын әңгіме құрастыр.
Уақыт өте келе бір үйдің адамдары жақындығын сақтай отырып, туыстық байланыстарын кеңейтеді. Осылайша олар бір-біріне туған-туыс болып келеді.
Енді «Туған-туысқандар» мәтінімен танысамыз: оқушылар мәтінді іштей оқиды, кейін әр топ кезекпен дауыстап оқиды.
Сөздік жұмысы
Жиен
Нағашы жұрт үшін сен жиенсің, өйткені сол елдің қызынан туғансың.
Бажа
Апалы-сіңілілі немесе туыстас қыздарға үйленген жігіттер бір-біріне бажа болады.
Жезде
Апаңның күйеуі саған жезде болады.
Әр топ мәтіннен түсінгенін айтады, кейін мазмұны қысқаша қорытындыланады.
«Қозы көш»
Кезең 2- 1.Жігіт адамның неше жұрты бар? Оларды ата.
- 2.Өз жұрты дегенді қалай түсінесің? Оған кімдер кіреді?
- 3.Нағашы жұрт дегенді қалай түсінесің?
«Беласар»
Кезең 3- 1.Жиен, жиеншар деп кімді айтады?
- 2.Бөле деген кім? Сенің бөлең бар ма?
«Жолайырық»
Кезең 4- 1.Құда, құдағи, құдаша, құда бала деп кімдерді айтамыз?
Топтық жұмыстар
1) Мақал-мәтел
Туыстық туралы мақал-мәтел айтып, мағынасын түсіндір.
2) RAFT әдісі
Белгілі бір адамға хат жаз.
3) Көрініс
Аңыз әңгімеден шағын сахналық көрініс көрсет.
4) Топтау
«Туған-туысқандарға» қатысты атауларды топтастыр.
Қорытындылау
Оқушылардың туыстық атауларды қаншалықты меңгергені сұрақтар арқылы тексеріледі.
Жедел сұрақтар
- 1. Оның шешесі — менің апам. Сонда ол маған қандай туыс? (жиен)
- 2. Оның әкесі — менің нағашым. Сонда мен оған қандай туыспын? (жиен)
- 3. Екеуміздің аналарымыз бірге туған. Біз қандай туыспыз? (бөле)
- 4. Оның ағасы маған жезде. Мен оған кім болам? (құдаша)
- 5. Ол бізге күйеу бала. Біз оған кім боламыз? (қайын апа, қайын аға)
Талқылау: бүгін біз не туралы білдік? Қандай туыстық атауларды үйрендік?
Бағалау және үй тапсырмасы
Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы, жауаптарының нақтылығы және топтық жұмыстағы белсенділігі бағаланады.
Үй тапсырмасы
- Мәтінді оқу.
- Жеті атаны толық жатқа білу.
- Өз ата-бабаларың туралы шағын шежіре құрастыру.