Саңырауқұлақтан жасалған самса нешеу
Сабақтың мақсаты мен құрылымы
Сабақтың мақсаты
Математикалық білім, білік және дағдыларды қалыптастыру, тиянақтау және бақылау.
Сабақтың міндеті
Балалардың пәнге қызығушылығын оятып, оқушылардың белсенділігін арттыру.
Көрнекілігі
Слайдтар.
Сабақтың барысы
- Ертегі сипаттағы қызықты есептер
- Тез есепте!
- Дидактикалық ойындар
- Логикалық есептер
- Есте сақтайық
- Математикалық термин құрастыру
- Қорытынды
I. Ертегі сипаттағы қызықты есептер
Есеп 1
Сюжеттік есепҚызыл Телпек әжесіне еттен, саңырауқұлақтан және орамжапырақтан жасалған барлығы 14 самса әкелді. Орамжапырақтан жасалған самса еттен жасалған самсадан екі есе көп. Еттен жасалған самса саны — 3. Саңырауқұлақтан жасалған самса нешеу?
Шешуі
14 − (2×3 + 3) = 5
Жауабы
Қызыл Телпек әжесіне саңырауқұлақтан жасалған 5 самса әкелді.
Есеп 2
Қысқа есепҚаңбақ шалдың жасы бір ғасырдан төрт есе көп. Оның жасы нешеде?
Шешуі
100 × 4 = 400
Жауабы
Қаңбақ шалдың жасы — 400 жас.
II. Тез есепте!
Торғай нешеу?
Талдан ұшты көп торғай, Емес бірақ көп торғай. Алдында оның бастаушы, Артында оның қостаушы. Және тағы қарасақ, Қайта оны санасақ, Соңында біреу қап келді, Алдында төртеу топ келді, Үшеуі қатар жарысқан, Түзіліп үшеу қалыспан. Ойың жүйрік болса егер, Торғай нешеу, есепкер?
Жауабы
5 торғай.
Қаздар
Көлден ұшты 50 қаз, қайта қонды 20 қаз. Қонбағаны нешеу?
Жауабы
30 қаз.
Алмалар (1)
6 алма бар. Оның 2-ін досың сұрап алды. Өзіңде неше алма қалады?
Жауабы
4 алма.
Жануарлар саны
11 түйе, 5 жылқы, 2 сиыр, 1 ешкі, 2 қоян, 3 түлкі. Барлығы нешеу?
Жауабы
24.
Алмалар (2)
Табақта 55 алма, қолыңда 5 алма. Барлығын қосқанда неше алма болады?
Жауабы
60 алма.
Алмалар (3)
Қолыңда 55 алма бар. Оның 5-ін апаңа, 5-ін атаңа бердің. Өзіңде неше алма қалды?
Жауабы
45 алма.
Асық
100 асықтың 30-ын досың сұрап алды. Өзіңде неше асық қалады?
Жауабы
70 асық.
Ескерту
Бұл жинақта берілген тапсырмалар оқушылардың есептеу жылдамдығын арттыруға, логикалық ойлауын дамытуға және математикаға қызығушылығын күшейтуге бағытталған.