Ойлауды ұйымдастыру
БҚО, Ақжайық ауданы
Мерген ауылы, Мерген орта жалпы білім беретін мектебі. Бастауыш сынып мұғалімі: Нигметова Маншук Ханзадақызы.
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сабақтың тақырыбы
Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі.
Сабақтың типі
БиС технологиясы бойынша жаңа тақырыпты түсіндіру.
Технология
БиС технологиясы, «Ауызша сабақ – 1» картасы.
Көрнекіліктер
- Матрица
- Тірек сөздер
- Сын тұрғысынан сұрақтар
- Қарама-қарсы сұрақтар
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын хабарлау.
Әдіс-тәсіл: БиС технологиясы.
II. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Мұғалім жаңа тақырыпқа қысқаша кіріспе мәлімет береді.
а) Қабылдауды ұйымдастыру: тірек сөздермен жұмыс
- Оқушылар тақтадағы тірек сөздерді 1 минут ішінде оқып, есте сақтайды.
- Уақыт аяқталған соң блок жабылады.
- Оқушылар есте қалған сөздерді дәптерге жазады.
- Жазылған сөздердің саны матрицаға енгізіледі.
- Блок қайта ашылып, ұмыт қалған сөздер дәптерге толықтырылады.
Егер оқушы 7 сөзді тез есте сақтап жазса, бұл ТКШ (төменгі көрсеткіш шектігі) деңгейіндегі тапсырманың орындалғанын білдіреді. Келесі сабақта АКШ (аралық көрсеткіш шектігі) деңгейіне өту ұсынылады, яғни 14 сөз беріледі. Бұл кезең жаңа сөзді есте сақтауды дамытуға бағытталған.
ООМ (оқушылардың партада отыруына қарай) бойынша матрицаға бірінші баға енгізіледі.
Тірек сөздер
III. Карта: ойлауды ұйымдастыру
Мәтінмен жұмыс: оқушыларға 3 минут беріледі. Олар мәтінді оқып, ішінен тірек сөздерді табады және тақырыптың мазмұнын ашуы тиіс.
Оқушыларға мәтінді мұқият оқуға нұсқау беріледі, өйткені сұрау кезінде мұғалім ұсақ детальдарға да назар аударатынын ескертеді.
Қарама-қарсы сұрақтар
- Жануарлар қандай топтарға бөлінеді?
- Аңдарды қандай екі топқа бөлеміз?
- Ағаштың жапырағымен және шөппен қоректенетін жануарларды қалай атаймыз?
- Шөпқоректілерге қандай жануарлар жатады?
- Ақбөкен қандай жануар?
- Оның тұмсығы қандай болады?
- Денесі қандай?
- Ақбөкендер қайда жайылады?
- Олар немен қоректенеді?