Жақсы деген немене, жаман деген немене
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Экология
Қызылорда қаласы, «Сыр – сұлуы» мектепке дейінгі кіші орталық мекемесі. Ортаңғы топ тәрбиешісі: Баймбетова Айгүл Сұлтанбекқызы.
Білім беру саласы
Әлеуметтік орта
Тақырыбы
«Жақсы деген немене, жаман деген немене?»
Мақсаты
Тәртіп пен жауапкершілік
- Табиғат аясында жүріс-тұрыс нормалары мен ережелерін сақтауға үйрету.
- «Болады» және «болмайды», «қалаймын» және «керек» ұғымдарын ажырата білуге дағдыландыру.
- «Жақсы» мен «жаман» әрекеттердің мәнін түсіндіру.
Экологиялық түсінік
- Өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігі туралы білімін кеңейту.
- Адамның табиғаттағы әрекеті мен қоршаған ортаның жағдайы арасындағы өзара байланысты түсіндіру.
Әдіс-тәсілдер
- Әңгімелесу
- Сұрақ-жауап
- Ойын
Көрнекілігі
- Дидактикалық материалдар
- Үлестірмелі суреттер
Тірек ой
Жақсылық көрсең біреуден — «Мен қандаймын?» деп ойла.
Жамандық көрсең біреуден — «Мен қандаймын?» деп ойла.
Сабақ барысы
Ұйымдастырушылық-қызықтырушылық кезең
Балаларды орнына жайғастырып, назарын сабаққа аудару. Тірек ой арқылы әр баланы өзін-өзі бағамдауға жетелеу.
Іздену-ұйымдастыру кезеңі: әңгімелесу
Балалармен «жақсы» және «жаман» ұғымдарының мағынасын талқылау, күнделікті өмірдегі нақты әрекеттер арқылы қорытындыға келу.
Бағыттаушы сұрақтар
- «Жақсы» деген сөзді қалай түсінесіңдер? Ал «жаман» дегенді ше?
- Бүгінгі оқу іс-әрекетінде ненің жақсы, ненің жаман екенін қалай ажыратамыз?
- Ағаштарды сындыруға, гүлдерді жұлуға бола ма?
- Көшеде қоқыс тастап, айналаны ластауға бола ма?
- Автобуста немесе көшеде айқайлап сөйлеп, үлкендерге орын бермей, әдепсіздік көрсетуге бола ма?
Қорытынды: бәрін бүлдіріп, қиратып, бұзып жүретін адамдарды әдепсіз, тәртіпсіз деп атаймыз. Жақсы бала атану үшін әдепті, қамқор, шыншыл, тәрбиелі болу керек.
Ойын: «Мен қандаймын?»
Мақсаты
Балалардың адам бойындағы жақсы қасиеттерді танып, айта білуіне ықпал ету.
Ойын барысы
- 1 Балалар шеңберге тұрады.
- 2 Доп бір-біріне беріледі.
- 3 Допты алған бала келесі бала туралы жағымды пікір айтады.
Мысал сөз тіркестері
- Жұлдызай, сен әдемі әрі ақылды қызсың.
- Жасұлан, сен тәртіпті әрі ұқыпты баласың.