Балалардың пікірін тыңдау

Сабақтың мақсаты

Білімдік мақсат

Оқушыларға үйдегі қауіпті заттар мен қауіпсіздік жағдайларын таныстырып, олардан сақтану жолдарын меңгерту.

Дамытушылық мақсат

Оқушылардың адамгершілік қасиеттерін дамытуға жағдай жасау, сөздік қорын байыту, ой-өрісін кеңейту.

Тәрбиелік мақсат

Отбасының қамқорлығын бағалай отырып, өз басын дұрыс ұстай білуге, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I бөлім

Ұйымдастыру

  • Оқушылармен амандасу, назарын сабаққа аудару.
  • «Біз қай сабаққа дайынбыз?» — бір-бірімізге қарап, сәттілік тілейміз.

Психологиялық дайындық

Қайырлы күн деп айтамыз, Түсте бірге қайтамыз. Отбасының гүліміз, Бірге өтер күніміз. Сыныбымыз тап-таза, Бор да дайын тақтада. Ойымызды жинақтап, Отырайық партаға.

II бөлім

Үй тапсырмасын тексеру

  • Мекенжайларын сұрау.
  • Өз бөлмелері туралы әңгімелету.
  • Үйде қандай жұмыстар атқаратынын талқылау.

Қызығушылықты ояту: жұмбақтар

Жұмбақтарды шешу арқылы оқушылардың ойлауын белсендіреміз және қауіпсіздік тақырыбына кіріспе жасаймыз.

Жүрген жерін жалмайды, Тастан басқа қалмайды.

Жауабы: от

Жайда үнсіз тұрады, Біреу келсе «тез жет» деп, Қоңыраудан ұрады, Дабыл қағып безектеп.

Жауабы: телефон

Тоққа тисе мұрты ұзын, Табанымен жалпақ. Киімдердің қыртысын, Береді тез жазып.

Жауабы: үтік

III бөлім

Жаңа сабақты түсіндіру

  • Сөзжұмбақ шешу арқылы тақырыптың негізгі ұғымдарын анықтау.
  • Сұрақтар арқылы оқушылардың ойы мен пікірін тыңдау, жауаптарын толықтыру.
  • Үйде қандай құралдарды қолданатынын, үлкендерге қандай істерде көмектесетінін және ата-анасы жоқ кезде өзін қалай ұстайтынын талқылау.
  • Тұрмыстық құралдарды дұрыс қолданбаудың салдарын анықтау: күйік, жарақат, өрт, тоқ соғу сияқты қауіптер.

Талқылауға арналған сұрақтар

  • Тұрмыстық құралдарды дұрыс қолданбаудан басқа қандай қауіпті жағдайлар болуы мүмкін?
  • Құралдар адамға қолайлылық үшін жасалса да, неге қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін?

Сергіту сәті

Қимыл-қозғалыс

Табиғатым тамаша, Көз тоймайды қараса. Табиғатты қорғаймыз, Жаман бала болмаймыз.

Оқулықпен жұмыс

  • Мәтінді оқу.
  • Мазмұнын айтқызу.
  • Талдау жасау.
  • Суреттерді мұқият қарап, қауіпті көріністерді анықтау.
  • Қауіпті жағдайлардың алдын алу жолдарын ұсыну.
  • Суреттерге байланысты мәтіндерді оқып, талқылау.

Бақылау күнделігі

Оқушылар күнделік арқылы өз ойларын еркін жеткізіп, жұмысына талдау жасайды.

Слайдпен жұмыс

«Үйдегі қауіпті заттар» тақырыбындағы слайдтар арқылы қауіп түрлерін нақтылау және бекіту.

Қорытынды

Сабақты бекіту және бағалау

Қорытынды сұрақтар

  • Бүгін біз қандай қауіпсіздік ережелерімен таныстық?
  • Күнделікті көріп жүрген заттар не үшін қауіпті болуы мүмкін?

Венн диаграммасы

Қауіпті және қауіпсіз әрекеттерді салыстырып, ортақ белгілерін анықтау арқылы ой қорыту.

Үй тапсырмасы

  • Мәтінді түсініп оқу.
  • Қауіпті заттар туралы 2 мақал жазып, жаттап келу.

Бағалау

Оқушылардың белсенділігі, жауаптарының нақтылығы және қауіпсіздік ережелерін қолдана білуі ескеріледі.

Қауіпсіздік мәдениеті