Оқушылардың суидиалдық мінез - құлқының алдын алу
№2 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернаты
Бастауыш сынып мұғалімі: Қалыбаева Нұрсұлу
Ата-ана мен оқушы арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктері
Ата-аналарға арналған топтық тренинг бағдарламасы. Тренинг ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністікті күшейтуге, ынтымақтастықты дамытуға және тәрбиелік үдерістегі тиімді тәсілдерді талқылауға бағытталған.
Тақырыбы
Ата-ана мен оқушы арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктері.
Қатысушылар
Ата-аналар, оқушылар.
Жұмыс түрі
Топтық жұмыс.
Көрнекіліктер
Тақта, бейнеслайд.
Мақсаты
Ата-аналар мен оқушылардың көңіл күйін жақсарту, бірлесе жұмыс істеу жүйесін дамыту, ой қозғау және әдістемелік қолдау көрсету.
Міндеттері
Мектеп, ата-ана және әлеуметтік ортаның оқушы тұлғасын қалыптастыруға бағытталған саналы іс-әрекеттерінің үйлесімін табу; бәсекеге қабілетті, білім-білікпен қаруланған, шығармашыл тұлғаны тәрбиелеуге ықпал ету.
Күтілетін нәтиже
- Ата-ана өз баласы туралы мазалап жүрген сұрақтарына мұғаліммен бірге жауап таба алады.
- Ата-ананың мектепке және мұғалімге деген сенімі нығаяды.
- Мектеп пен ата-ана ынтымақтастығы нәтижесінде тәрбиелі, білімді, ұлтжанды, жаңа заманға сай тұлға қалыптасады.
Тренинг барысы
Әр бөлім қатысушылардың ашық пікір алмасуына, бірін-бірі қолдауға және практикалық қорытынды жасауға бағытталған.
Құрылым
6 бөлім + қорытынды
1) Сәлемдесу рәсімі: «Жүректен жүрекке»
Қатысушылардың эмоционалдық байланысын орнатуға арналған кіріспе бөлім.
Иә, Алла, көрдім бе, көрмедім бе?!
Иә, Тәңірім, бердің бе, бермедің бе?!
Шырылдаған үніңнен айналайын,
Шыныменен өмірге келгенің бе?!
Қызым болсаң – қырымда құралайсың,
Ұлым болсаң – ұлы бір мұрадайсың.
Естисің бе, есі жоқ, ей, дүние,
Менен неге сүйінші сұрамайсың?!
2) Сұрақ-жауап: «Мадақтау мен жазалау»
Ата-аналар мен оқушыларға сұрақтар таратылып, жауаптар ортаға салынады. Мақсат — мадақтау мен жазалаудың баланың мінез-құлқы мен оқу мотивациясына әсерін түсіну.
3) «Жанұя бақыты»
Әр ата-ана «бақыт» ұғымын өз тәжірибесі арқылы сипаттап, отбасындағы құндылықтар туралы бөліседі.
4) Оқушылардың суицидалдық мінез-құлқының алдын алу
Баланың психологиялық қауіпсіздігін күшейту, тәуекел белгілерін дер кезінде байқау және қолдау көрсету мәдениетін қалыптастыруға бағытталған талқылау.
5) «Сөйлемді аяқта…»
Қатысушылар баланың тәрбиелік ортасы мен оның болашақ мінез-құлқы арасындағы байланысты пайымдайды.
Егер баланы үнемі сынап отырса, оның оқуға құлқы болмайды.
Егер балаға үнемі күлсе, ол бұйығы болып кетеді.
Егер баланы үнемі мақтап отырса, ол өз қадірін түсініп, соған сай әрекет етеді.
Егер бала төзімділікте өссе, ол басқаларды түсінуге тырысады.
Егер бала адалдықта өссе, ол адал болып жетіледі.
Егер бала қауіпсіз ортада өссе, ол адамдарға сеніммен қарайды.
Егер бала кекшілдікте өссе, ол қатігез болып қалыптасады.
Егер бала түсіністік пен сүйіспеншілікте өссе, ол әлемнен махаббат табуды үйренеді.
6) «Сиқырлы жүрек» (әнмен сергіту)
Барлығы бірге ән айтып, жылы әсермен бөліседі. Соңында естелік суретке түсу ұсынылады.
Қорытынды сөз
Ұрпақ тәрбиесі — адамзат дамуының бағыт-бағдарын айқындайтын ерекше құбылыс. Кез келген мемлекеттің дамуындағы өзгерістер мен жаңалықтар да, адам мінез-құлқындағы кемшіліктер мен келеңсіздіктер де түптеп келгенде ұрпақ тәрбиесіне келіп тіреледі.
Сондықтан ең алдымен ата-бабадан қалған ұлттық мәдениет, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, тіпті ұлттық музыка негізінде келешек ұрпақты тәрбиелеу маңызды. Ғасырлар бойы қалыптасқан халықтық тәрбие жолы бүгінгі тәрбиелеу үдерісінде кеңінен орын алуы тиіс.
Бұл — мемлекет келешегінің мызғымас кепілі.
Материалдың толық нұсқасын жүктеу
Жүктеу