Жазбаша баған түрінде қосу және азайту тәсілін алгоритмін қолдануды үйренуді қалыптастыру

Сабақтың тақырыбы

Разрядтан екі рет аттап өту арқылы қосу және азайтудың жазбаша тәсілі

Сабақтың мақсаты

Білімділік
Жазбаша баған түрінде қосу және азайту тәсілдерінің алгоритмін қолдануды үйренуді қалыптастыру.
Дамытушылық
Оқушылардың ойлау қабілетін және пәнге қызығушылығын арттыру; іскерліктерін, өз бетімен еңбектену дағдыларын дамыту; жеке оқушылардың білім-білік дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік
Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа, дәлдікке және ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар разрядтан екі рет аттап өту жағдайында жазбаша бағанмен қосу және азайту алгоритмін қолдануды меңгереді.

Сабақ түрі

Пысықтау сабағы

Сабақ типі

Білім мен дағдыны қалыптастыру

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Слайд-презентациялар
  • Бағалау парақтары
  • Деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу және кіріспе

Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Сабаққа ешкім ермек үшін келмейді. Есеп-қисап пен сан-цифрларды меңгеру үшін келеміз. Бүгін есептеудің түрлі жолдарын көрсетіп, оларды түсіндіріп өтемін. Сабақ басталмас бұрын, бір-бірімізге деген жақсы көңіл-күйімізді білдірейік.

Психологиялық ахуал

Ойға толсын санамыз,

Бестік болсын бағамыз.

Баласындай бір үйдің,

Тату болсын арамыз.

Оқушылар құшақтасып көріседі, қол алысып амандасады.

Білімді өзектендіру

I. Ауызша есеп

Оқушылардың есептеу дағдыларын жылдамдатуға арналған қысқа тапсырмалар орындалады.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Оқушылар қарсы отырған жұппен дәптер алмасып, тапсырмаларды өзара тексереді.

№4 есептер:

  • 458 + 167=
  • 954 − 486=
  • 991 − 777=
  • 275 + 146=
  • 721 − 549=
  • 768 − 689=
  • 522 + 245=
  • 658 + 173=
  • 666 − 297=

Қызығушылықты ояту

Ой қозғау: «Адасқан әріптер»

Оқушылар берілген әріптерден сөз құрап, топтарға бөлінеді.

Топтарға бөлу

  • 1) «Жүйрік» тобы

    к, ү, ж, і, р, й

  • 2) «Ойшыл» тобы

    л, й, о, ш, ы

  • 3) «Тапқыр» тобы

    р, а, п, т, ы, қ

Топтық жұмыс

1) Разрядтар бойынша орындау

Қосу және азайту амалдарын разрядтар бойынша ретімен орындау.

2) Разрядтан аттап өту арқылы орындау

Разрядтан аттап өтуді қажет ететін жағдайларды анықтап, амалдарды алгоритм бойынша орындау.

3) Тексеру және дәлелдеу

Нәтижені кері амал арқылы немесе бағалау тәсілдерімен тексеру.

Негізгі идея

Разрядтан екі рет аттап өту арқылы қосу және азайтудың жазбаша тәсілін дұрыс қолдану үшін алгоритм қадамдарын ретімен орындау және әр қадамды тексеру маңызды.