Қасқырды қоюға үйретуге болама
Сабақтың мақсаты
Сабақтың негізгі мақсаты — Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» повесін оқу және жазу арқылы оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, дәлелдеп сөйлеуге және ой қорытуға үйрету.
Осы мақсатқа жеткізетін бағыттар
-
Бір-бірінің пікірін құрметтейтін оқу ортасын қалыптастыру
-
Оқушыға нақты мақсат қоюға мүмкіндік беру
-
Повесті талқылауға белсенді қатысуға үйрету
-
Шығармашылықпен жұмыс істеуге ынталандыру
-
Көркем шығарма авторына деген құрмет сезімін нығайту
-
Айтқан және жазған жауаптарына ой жүгіртіп, рефлексия жасауға дағдыландыру
Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту арқылы оқушылар өз ойын жүйелі тұжырымдауға және өзге көзқарасты сыйлауға үйренеді.
Сабақтың форматы және ресурстар
Сабақтың түрі
Сын тұрғысынан ойлау сабағы
Пәнаралық байланыс
- Қазақ тілі
- Жануартану
- Экология
- Логика
Көрнекіліктер
- Мұхтар Әуезовке арналған буклет, портрет
- Плакаттар және жетондар
- Қасқыр туралы мақал-мәтелдер, жұмбақтар
- Сюжеттік суреттер
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар екі топқа бөлінеді. Дауыс беруге арналған жетондар таратылып, жұмыс ережелері қысқаша еске салынады.
1) Ой шақыру
1 минутБалалар, біз М. Әуезовтің көркем әрі ғажайып «Көксерек» повесімен таныстық. Енді бір сәт осы шығармаға қайта оралып, оқиғаларды көз алдымыздан өткізейік. Ойды қозғайық, ми қыртыстарын іске қосайық.
2) Топтастыру
5 минутТоптастыру — оқушыларды еркін ойлауға және тақырыпты ашық талқылауға бағыттайтын стратегия. Ол жаңа идеяларды жинақтап, бір-бірімен сабақтастыруға көмектеседі.
Жұмыс тәртібі
- Екі топқа «Адам» және «Қасқыр» тақырыпты плакаттар беріледі.
- Осы сөздерге қатысты ойға келген сөздер мен сөз тіркестерін топ болып жазыңыздар.
- Орфографиялық нормаларды сақтаңыздар.
- Берілген уақыт біткенше жазуды тоқтатпаңыздар.
- Уақыт аяқталған соң, топ атынан бір оқушы қорытындыны таныстырады.
«Қасқыр» туралы ықтимал пікірлер
- Түнгі жортуылшы, дала санитары
- Қомағай, ит-құс
- Дала тағысы
- Бөрі, көкжал
- Жыртқыш
3) Кубизм
10 минутКубизм — тақырыпты жан-жақты қарастыруға мүмкіндік беретін стратегия. Кубиктің алты қыры бар: кубик лақтырылады, түскен қырына сәйкес сұраққа жауап беріледі.
Суреттеп беріңіз
Салыстырыңыз
Зерттеңіз
Қолданыңыз
Елестетіңіз
Осы туралы ойлағанда көз алдыңызға не келеді?
Талдаңыз
Талқылауға арналған тапсырмалар
- Көксеректің портретін сипаттаңыз.
- Дала қасқыры мен Көксеректі салыстырыңыз.
- Қасқыр туралы ел адамдары не дейді?
- Құрмаштың ең соңғы ойы қандай болуы мүмкін?
- Көксеректің қатыгездігін қай тұстардан байқадыңыз?
4) Венн диаграммасы
Венн диаграммасы қабысып жатқан үш дөңгелектен тұрады: алдымен әрқайсысының жеке қасиеттері жазылады, кейін ортақ бөлікте екеуіне (немесе үшеуіне) ортақ белгілер көрсетіледі.
5) Еркін жауап
6–7 минутБолжап көріңіз
- Қасқырды қолға үйретуге бола ма?
- Оқиғаны сіз қалай аяқтар едіңіз?
- Құрмаш өліміне кім себеп болды?
- Қасқырды түгел құртып тастауға бола ма?
Талқылау ережесі
Әр жауап дәлелмен айтылсын: мәтіннен мысал келтіру, себеп-салдарды көрсету, қарсы пікірді тыңдау және құрметтеу.
6) Тілдік талдау
2 минутI топқа — жұмбақ
Күш десең, күші бар,
Тіс десең, тісі бар.
Торуылдап ауылды,
Түнде жортар ісі бар.
II топқа — жұмбақ
Белестен шыққан бесті ат,
Бүкір келген желісті ат.
Бейғам елді іздейді,
Малдан күдер үзбейді.
7) Мақалмен қорыту
3 минутЕкі топ қасқыр туралы мақал-мәтелдерді кезекпен айтып жарысады.
- Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар.
- Иттің ұлығанын бөрі естімес, бөрінің ұлығанын таң естімес.
- Ауыл иті ала болса да, бөрі келгенде бірігеді.
- Қасқырды қанша асырасаң да, тоғайға қарап ұлуын қоймайды.
- Қасқырды сұрлығы үшін емес, ұрлығы үшін ұрамыз.
8) Бекіту сұрақтары
- М. Әуезовтің тұңғыш шығармасы қандай?
- М. Әуезовтің туған жері қай өңір?
- «Көксерек» повесінің жазылу тарихы қандай?
- «Көксерек» повесі қай жылы жазылған?
- Повестің тақырыбы қандай?
- Қара ала төбеттің иесі кім?
- Аққасқаның иесі кім?
- Қандай шөп, өсімдік атаулары кездесті?
- Жер-су атауларын атаңыз.
- Көксерек тұңғыш рет қашан ұлыды?
9) Үкім (дауыс беру)
Оқушылар өз жетондарын тиісті жәшіктерге салып, сұрақ бойынша дауыс береді: Құрмаштың өліміне кім айыпты?
A) Құрмаштың өзі
Ә) Қасқыр
Б) Адамдар