Қазақ тіліҰзақ мерзімді жоспар бөлімі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі
Астана – мәдениет пен өнер ордасы
Қазақ тілі
6-сынып
Сабақтың тақырыбы
Астана – тарихи мекен
Бұл сабақта оқушылар Астананың тарихи мәнін түсініп, тақырыпқа қатысты тілдік қолданыстарды жүйелейді.
Сабақтың мақсаттары
Мәтінмен жұмыс
- Тақырыпқа байланысты мәтіннің мазмұнын толық меңгереді.
- Мәтіндегі негізгі ойды ажыратып, маңызды ақпаратты саралайды.
Тілдік дағдылар
- Неологизмдер мен термин сөздердің қолданылу аясын түсінеді.
- Неологизмдер мен терминдерді ажыратып, орынды қолдана біледі.
Бағалау критерийлері
- Мәтінде көтерілген мәселені түсінеді және талдай алады.
- Тақырыпқа байланысты неологизмдер мен термин сөздерді орынды қолданады.
Тілдік мақсаттар
Пәнге тән лексика
Этнос
Сауда-экономикалық орталық
Автомобиль жолы
Құндылықтарды игерту
Оқушылар ел астанасының мемлекет үшін маңызын пайымдап, Астананың тарихи-мәдени рөлін бағамдайды. Өз ойларын дәлелді түрде жеткізуге дағдыланады.
Пәнаралық байланыс
- Дүниетану
- География
Бастапқы білім
Оқушылар бұған дейін «Астана қаласына саяхат» тақырыбы бойынша өткен сабақтарда қалыптасқан білімдерін қолданады.
Қосымша материал
«Астана – тарихи мекен» тақырыбы бойынша жүктелетін материалдар: мәтін, тапсырмалар және сөздікпен жұмыс үлгілері.