Ару көктем
8 наурыз: аналарға арналған мейірім мерекесі
Бұл мерекенің мақсаты — балаларға 8 наурыздың халықаралық мейрам екенін түсіндіру, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрдайым құрмет көрсете білуге тәрбиелеу.
Жүргізушінің құттықтауы
Қымбатты балалар, сүйікті апалар, аналар! Бүгін біз көктемнің алғашқы мерекесінде әсем залда 8 наурыз — Аналар мерекесін атап өту үшін жиналып отырмыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Ана… Осы қасиетті сөзде қаншама мейірім, қаншама қуаныш бар! Көктемнің бәйшешегіндей құлпырып, күндей күліп жүре беріңіздер!
Өлең жолдары
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Қаймақты сүттей қалқытқан,
Суық болса жөргегі —
Қорғасындай балқытқан.
Айналасына ас қойып,
Өзенді көлдей шалқытқан.
Қолын қатты тигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан.
Құрметті апалар, қадамдарыңызға гүл бітсін! Сіздерге арналған мерекемізді бастаймыз.
Өлең
Бүгін — наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз — адамның
Анаға айтар лебізі.
Балалардың тақпақтары
Нұрасыл
Сіздерден өскен балалар —
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті біздің аналар!
Аяжан
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық!
Құшағына кіргенде
Жылынам бір демде.
Не жетеді көзіңе
Мейірімді күннен де?!
Санжар Жөлекен
Құтты болсын, анашым,
Құтты болсын мерекең!
Дария
Анам менің «Күнім» дейді,
Мен қуансам, күлімдейді.
Қайнар
Ақ анашым, аппақым,
Өзің жайлы тақпағым.
Өзің жайлы әнім де —
Арнадым саған бәрін де.
Амина
Анам менің «Айым» дейді,
Мен мұңайсам, уайым жейді.
Би
«Шөжелерім»
Әжелерге арналған құттықтау
Бүгінгі мерекеде әжелерімізді де құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» деп бекер айтылмаған. Келесі құттықтауларымыз құрметті әжелерге арналады.
Кәусар
Мені жақсы көреді,
Күндей күліп жүреді.
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.
Нұржан
Әлпештеген, аялаған,
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мерекеңмен құттықтаймын.
Мағзұм
Менің әжем мейірбан,
Мені жақсы көреді.
Қажетіне жарасам,
Жас балаша күледі.
Санжар Жолдығали
Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған.
«Анашым» деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам!
Бекжан
Ақ қабақты анашым…
Ойын және кейіпкерлер
Ойын: «Кім тез гүл тереді?»
Ойын барысында балалар гүл теруге жарысады.
Ару көктемнің келуі
Есік қағылып, көк көйлек киген Ару көктем кіріп келеді.
Ару көктем
Мен көңілді көктеммін,
Былтыр келіп кеткенмін.
Көзін ашып бұлақтың,
Түбіне тал еккенмін.
Гүл боп қырда егілем,
Дән боп жерге себілем.
Жаңбыр болып жауам да,
Нұр боп көктен төгілем.
Шуағымды төгіп әлемге,
Жылуын күннің әкелем.
Табиғаттың төсіне
Тіршілігін сыйлаймын.
Жүргізуші
Амансың ба, Ару көктем? Ұлан-байтақ жерімізге қош келдің! Шуағыңды мол төгіп, нұрыңды арттыра бер.
Ару көктем
Мынау менің құшағым толы қыр гүлі. Гүлдей жайнаған қыздарға сыйлағым келіп тұр!
(Гүлдерді таратады.) Осы гүлдей құлпыра беріңдер, аяулы аналар мен әжелер! Мерекелеріңіз құтты болсын!
Ару көктемнің тапсырмалары
1-тапсырма
«Аналарыңа арналған қуаныштарың мен тілектеріңді қалай жеткізесіңдер? Айтып беріңдерші!»
Ананың әрбір сөзі — жылылық. Ананың көз нұры мен мейірімі тастай мұзды да жібітеді. Сүйікті аналар, балаларымыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.
Бану
Анамды мен жақсы көрем,
Айтқан тілін алып жүрем.
Қасымда анам жүргенде,
Шаттанып ойнап күлем.
Назерке
Қуанышы баланың —
Бізді өсірген анашым.
Сая
Сенен өскен балалар —
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті аналар!
Гүлжан
Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған.
Үлкен-кіші демейді,
Сыйлайды оны бар адам.
2-тапсырма
«Ән шашуын, билеріңді көрейін!»
(Музыка ойнайды.)
Көңілді қонақ: Сайқымазақ
Тәрбиеші: «Балалар, бүгін біздің мерекеге тағы бір қонақ келе жатқан сияқты». Көңілді әуен ырғағымен Сайқымазақ кіріп келеді.
Сайқымазақтың сөзі
Жан-жағыма қарасам, қонақтар өте көп екен! Ұлдар да көп, қыздар да көп, апайлар да мұнда көп.
Мен Сайқымазақпын — ақылыма көркім сай.
Ұнаймын жұрттың бәріне: үлкенге де, кішіге.
Бүгін сіздерді құттықтауға келдім: аналарды, қыздарды, сүйікті әжелерді!
Ойын шарты
- Балалар шелектен жуылған бет орамалдарын алып беріп тұрады.
- Әкелер орамалдарды жіпке іледі.
- Бірінші болған топ шелектерін қолдарына алып, орындыққа отырады.
Ән
Аянаның орындауында: «Қошақаным»
Құттықтау сөз
Ата-аналарға құттықтау сөз кезегі беріледі.
Қорытынды құттықтау
Тәрбиеші: «Сүйкімді ғой балалар, өнерлі ғой баршасы! Міне, осындай қойылымды “Достық” балабақшасы көрсетті».
Құрметті аналар мен әжелер! Сіздерді «Еркетай» тобының бүлдіршіндері атынан шын жүректен құттықтаймыз. Аяулы аналарымыз, ардақты әжелеріміз, сүйкімді балаларымыз әрқашан аман болсын!
Ұлдардың хорымен
Достықты біз ойлаймыз,
Бірге күліп ойнаймыз.
Қыздарды да құттықтап,
Мерекені тойлаймыз!
(Ұлдар қыздарға сыйлықтарын табыс етеді.)