Оқушыларға бүкіләлемдік тартылыс заңы туралы мысалдар келтіре кең көлемде мағлұмат беру, мазмұнды есептер шығаруға пайдалана алу іскерлігін жетілдіру
Сабақ тақырыбы
§15. Бүкіләлемдік тартылыс заңы (презентациямен)
Білімділік мақсаты
Оқушыларға бүкіләлемдік тартылыс заңы туралы мысалдар арқылы кең көлемде мәлімет беру және мазмұнды есептер шығаруда қолдану дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік мақсаты
Оқушыларды жауапкершілікке, ұқыптылыққа және жан-жақтылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты
Оқушылардың зейінін, зердесін, логикалық ойлау қабілетін және шапшаңдығын дамыту.
Сабақ туралы мәлімет
- Сабақ түрі
- Ашық сабақ
- Сабақ әдістері
- Сұрақ–жауап, ой қозғау, есептер шығару
- Пәнаралық байланыс
- Математика, геометрия, астрономия
- Қолданылатын құралдар
- Кеспе қағаздар, интерактивті тақта
Сабақтың құрылымы
-
1
Қызығушылықты ояту
-
2
Мағынасын ажырату
-
3
Ой-толғаныс
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу
- Оқушыларды түгендеу
- Оқушыларды сабаққа дайындау
II. Үй тапсырмасын сұрау
Блиц-турнир
III. Жаңа сабақты түсіндіру
§15. Бүкіләлемдік тартылыс заңы
IV–VII. Қорытынды бөлім
- IV. Жаңа сабақты бекіту
- V. Қорытынды (ширату)
- VI. Бағалау
- VII. Үй тапсырмасы
§15. Бүкіләлемдік тартылыс заңы: негізгі ұғымдар
1) Гравитациялық өзара әрекет
Шексіз ғарыш кеңістігінде де, Жер бетінде де кез келген екі дененің арасында өзара тартылыс күші әсер етеді. Бұл күш бүкіләлемдік тартылыс күші немесе гравитациялық күш деп аталады.
Бүкіләлемдік тартылыс заңын ғылымға алғаш енгізген — Исаак Ньютон. Бұл идеяға түрткі болған оқиға ретінде Ньютонның басына алманың құлауы жиі айтылады.
Тартылыс тек Жерге ғана тән емес: Күн де планеталарды өзіне тартады. И. Кеплер мен Р. Гук екі дененің арасындағы тартылыс күші олардың арақашықтығының квадратына кері пропорционал болатынын көрсеткен. Ньютон Кеплер ашқан планеталардың қозғалыс заңдарын пайдаланып, бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдады.
2) Айдың Жерді айналуы және центрге тартқыш үдеу
- Айдың Жерді айналу периоды: T = 27,3 тәулік
- Жер мен Айдың арақашықтығы: R = 384 000 км
- Тақырыптық ұғым: центрге тартқыш үдеу
3) Тартылыс күшінің тәуелділігі
Тартылыс күші өзара тартылатын екі дененің массаларына пропорционал.