Картинаға ену
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Білім беру саласы
Қатынас, шығармашылық
Бөлімі
Тіл дамыту, сурет салу
Тақырыбы
«Қыс қызығы»
Мақсаты
Балалардың шығармашылық қабілетін арттыру, картина бойынша әңгіме құрастыру дағдыларын жетілдіру.
Міндеттері
Білімділік
- Картинадан нақты нысанды бөліп алып, оған дұрыс ат қоя білу.
- Жұмбақтың мазмұнын ашып, шешімін табуға үйрену.
Дамытушылық
- Монологтік сөйлеуді дамыту.
- Нысандарды сызба арқылы байланыстырып, сол бойынша шығармашылық әңгіме құрастыру.
- Зейін, ес, байқампаздық, қиял және шығармашылықты дамыту.
Тәрбиелік
- Достыққа тәрбиелеу.
- Бір-бірін тыңдай білуге дағдыландыру.
- Мейірімділік пен өзара қолдауды қалыптастыру.
Технология
ТРИЗ
Құрал-жабдықтар
- «Қысқы ойындар» картинасы
- Нысандардың үлгілері
- Мольберт
- Сиқырлы таяқша
- Сиқыршылардың суреттері
- Сиқырлы фломастер
Тілдік материал
Сөздік жұмыс
Тіл байлығын кеңейту
- қыс қатты
- аязды
- қар сықырлайды
- жылтыр
- тайғақ
Билингвальды компонент (қаз. — рус.)
- қыс қатты
- железная зима
- аязды
- морозная
- қар сықырлайды
- скрепучий снег
- жылтыр
- блестящий
- тайғақ
- скользкий
Алдын ала жасалатын жұмыс
- Табиғат құбылыстарын бақылау.
- Қыс мезгілі және қысқы ойындар туралы иллюстрацияларды қарастыру.
- Әдеби материалдар оқу: А. Құнанбаев — «Қыс», Н. Жанаев — «Қыста», орыс халық ертегілері — «Екі аяз», «Аяз».
- «Қыс келді» тақырыбы бойынша әңгімелесу.
- Қыс туралы жұмбақтар мен мақал-мәтелдер оқу.
- «Біз қыста қалай ойнаймыз?» тақырыбы бойынша балалардың өз тәжірибесінен әңгіме құрату.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
1) Шаттық шеңбері
Айтылым (тәрбиеші/топ)
– Сәлем, Күн!
– Сәлем, Жел!
– Сәлем, Жер!
– Сәлем саған, туған ел!
– Балалар, бүгінгі әңгімеміздің тақырыбын жұмбақ шешу арқылы анықтаймыз.
Балалардың әрекеті
Өлең жолдарын бірге қайталайды, мұқият тыңдап, жұмбақтың шешуін табады.
Жұмбақ
Шанамен зырлап желетін,
Шаңғы, коньки тебетін.
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
2) Әңгімелесу және бағыттау сұрақтары
- Неліктен «Қыстың қамын жаз ойла», «Мұрныңды аяздан сақта» деп айтады?
- Қыста табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Қыс қандай болады? (аязды, боранды, тайғақ, қарлы)
- Қандай қысқы ойын түрлерін білесіңдер?
Бүгін балаларға «Қыс қызығы» картинасы арқылы әңгіме құрастыру ұсынылады: суреттен нысандарды табу, сипаттау, байланыстыру және шығармашылық ойды толық мәтінге айналдыру.
3) «Дүрбі» ойыны: картинаны зерттеу
Сиқыршы: «Бәрін бөл»
Балалар «дүрбіні» қолына алып, картинаны мұқият қарайды. Міндет — суреттегі нысандарды бөліп көрсету және атау.
Жетелеуші сұрақтар
- Суретте қай жыл мезгілі бейнеленген? Оны неден байқадыңдар?
- Ауа райы қандай?
- Суретте кімдер мен нелер бар?
- Ересектер не істеп жүр?
- Балалар не істеп жүр?
- Олар қалай киінген?
- Суретші көңіл күйді қалай көрсеткен?
4) Сергіту сәті: «Аққала»
Қар жауғанда топ бала,
Соқтық келіп аққала.
Мұрны сәбіз, үп-үшкір,
Көзі көмір қап-қара.
Көне шелек басында,
Сыпырғышы қолында.
Мұзайдынын аршуға,
Келгендей-ақ ол мұнда.
5) «Дос іздеймін» ойыны: нысандарды байланыстыру
Сиқыршы: «Бәрін қос»
Міндет — нысандарды өзара байланыстырып, жұп немесе топ құру арқылы мағыналы байланыстар табу.
Мысал байланыстар
- бала — шана
- балалар — аққала
- бала — коньки
- ересектер — шаңғы
- қар — ағаш
6) «Картинаға ену»: сиқырлы саяхат
Сиқыршылар
- «Бәрін естимін»
- «Бәрін қолыммен сипаймын»
Балалар көзін жұмып, «сиқырлы кілемге» отырып, ойша картина ішіне енеді.
Шығармашылық тапсырмалар
- Қазір не істеп тұрсыңдар?
- Нені естіп тұрсыңдар?
- Нені сезіп тұрсыңдар? (аяз, қардың сықыры, жел)
- Қандай иіс, қандай дыбыс бар?
7) Сергіту сәті: «Боран»
Боран гуілдеп соғады,
Айналаны орады.
Басында — тымақ,
Үстінде — тон.
Қайсар қалай тоңады?
Аяғында — саптама,
Өзіне дәл, шақ қана.
Қолда — қамшы, астында — ат,
Мақта, мейлі мақтама.
Қайсар бейне атамдай,
Қой қайырған шопандай.
8) Топқа оралу
Балалар көздерін жұмып, сиқыршылардан қайтадан топқа «қайтарып қоюды» өтінеді. Ойша саяхат аяқталады.
9) Қорытынды шығармашылық тапсырма: «Уақыт көлігімен»
Сиқыршы: «Уақыт көлігімен»
Әр бала картинадағы бір кейіпкерді таңдап, сол кейіпкердің атынан әңгіме құрайды: бұрын не болды, қазір не болып жатыр, кейін не болады.
Талаптар
- Әңгімеге тақырып қою.
- Басталуын, дамуын, аяқталуын алдын ала ойластыру.
- Бір-бірінің сөзін қайталамауға тырысу.
- Ойды түсінікті, жүйелі жеткізу.
Нәтиже
Балалар қыс тақырыбы бойынша сөздік қорын қолданып, нысандарды сипаттап, байланысын құрып, толыққанды шығармашылық әңгіме айта алады.