Айдынды мекен - жасыл жай

Фариза Оңғарсынова өлеңі

Күз, саладан,
сайлардан
ұмтылып алға өзендер жатыр бұрқанып,
өр екпінімен жолсыз жақтарға бұлтарып.
Кедергілерді келеке еткендей айбынмен
кездесуге құштар айдынмен
сескенер емес дүниені түгел дәл қазір
кетсе де тұман - бұлт алып.
Ағыныменен құздарға соғып, бас ұрып,
алай да дүлей ақ толқындары шашылып,
тірлікке түгел нәр беріп жатқан арнаға
жетуге ғана асығып,
бұлқынып ағып, буырқанады бейуақта -
тосқауылдардың көптігінен бе - ашынып.
Тұп - тұнық көк көл тұншығып,
арынсыз онда бұйығы, тымық тіршілік!
мөлдіреп мөлтек көрінгенсиды - ау сырт көзге
түбінде бейне тұрғандай балғын гүл шығып,
аласұрғанмен алыс арнаға жете алмай,
қарайды сонау өр ағыстарға
ұмтылған алға құлшынып,
қызығып әрі қымсынып.
Айдынды мекен - жасыл жай,.
алапат толқын екпіні жазғы жасындай.
Талпынып сонау армандай мәңгі арнаға,
далада қанша бастаулар жатыр ашылмай...
Арнасыз, сусыз тіршілік деген бұлыңғыр .
қалғандай бейне сәулесі Күннің шашылмай
су ма едің сен де, қымбаттым,
жүрмін әлі күн
өзіңе деген менің де шөлім басылмай .
Өр ағыстарға тоқтау жоқ,
жолында талай жатса да тосқын жармасып,
өршеленеді алға асып.
Ағыныменен кетеді шайып, өң беріп,
бытқылдың бәрін қашаннан жатқан
шаң басып.
... Сарқылмас, солмас тасқындар солай ағады
тірліктің мәңгі арналарымен жалғасып.



Ұқсас жұмыстар

Табиғи қорықтар
Қазақстан қорықтары - еліміздің ұлттық мұрасы
Қарқаралы тауларындағы туристік базалардың және емдеусауықтыру орындарының сипаттамасы
Барсакелмес қорығы туралы
Іле Алатауының кіші алматы шатқалындағы көрікті жерлер
Көккөл сарқырамасы
Өлең сөздің патшасы
Шалкиіздің өзін біз көбінесе лирикалық мені арқылы танимыз
Шалкиіз жыраудың шығармашылығымен таныстыру, толғауларының мәнін көрсету
Тұңғыш Президенттің өмірбаяны
ҚОҢЫРБАЙҰЛЫ АҒЫБАЙ жайлы жайлы жайлы жайлы
БАЙМЫРЗАҰЛЫ БАЛУАН ШОЛАҚ жайлы жайлы жайлы
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ туралы жайлы
Ұлы Жібек жолы жайлы жайлы
Жұмыспен қамтылған халық санын жай арифметикалық орташа шама әдісімен талдау
ЖАСЫЛ АРАЖЕГІШ
қонақ жайлылық индустриясы
Педагогика тарихында оқушыларға эстетикалық тәрбие беру жайлы ой-пікірлер
Баймырзаұлы Балуан Шолақ жайлы жайлы
Қоңырбайұлы, Ағыбай жайлы жайлы жайлы