Ахмет БайтұрсыновЯ, Құдайым аққа жақ, Өзіңе аян: мен нақақ
Ахмет Байтұрсынов
Я, Құдайым аққа жақ,
Өзіңе аян: мен нақақ.
Аққа деген жолымның
Абыройын ашпай, жап.
Аят пенен хадисте
Адал ниет, ақ іске,
Жаңылмасам, жоқ еді
Жаза тартсын деген бап.
Мені ұстатып, айдатып,
Зағырданды қайнатып,
Масайрасып, мәз болып,
Қуанғанды өзің тап!
Аз күндікке алданып,
Аз нәрсеге жалданып,
Адасқанын Алаштың
Түзу жолға түсір, хақ!
Жақын жерден жау шығып,
Мақұл сөзден дау шығып,
Дұшпан ұстап қолымнан,
Иттер тістеп тонымнан,
Маған тосу болған шақ.
Тұтқын болып тарығып,
Жалғыз жатып зарығып,
Ашу қысып, ойды алып,
Өт жайылып, бойды алып,
Дерт жүрекке толған шақ.
Қатты айтты деп кектемей,
Сыйынғанды тек демей,
Он екі имам әулие,
Жиырма сегіз әнбие,
Қолда, өңшең аруақ!
Қара балуан Жәнібек!
Қаз дауысты Қазыбек!
Жетім қалған халқыңа,
Тұлға болып артыңа,
Кім тиянақ қазық ед?
Құнсыз болып еріміз,
Жесір болып жеріміз,
Жан менікі дей алмай,
Мал менікі дей алмай,
Ит пен құсқа азық ек.
Барын салып таласқа,
Арын сатып қалашқа,
Жұрт болалық деген жоқ,
Жұрт қайғысын жеген жоқ,
Іріп - шіріп, азып ек.
Мұны көріп көзіміз,
Бірігер деп сөзіміз,
Кен болар деп балшықты,
Көл болар деп шалшықты,
Біз үмітпен қазып ек.
Дәреті жоқ аяқтар,
Қорсылдаған саяқтар
Былғамасын қасыңды,
Қасиетті басыңды! -
Дегеніміз болмаса,
Қазаққа не жазып ек?!
Байлаттырған қолымды,
Бөгеттірген жолымды,
Жақыным бар, жатым бар,
Хабарлана жатыңдар!
Мен сендерге жүгіндім,
Төресі әділ - қазы деп!
Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері, өмірбаяны
Ұлттың ұлы ұстазы: А.Байтұрсынұлының 130 жылдығына арналған әдістемелік құрал
Мырза Хайдар Дулаттың «Тарих-и Рашидиі» әдеби жәдігер
Қамар сұлу
Сұлтанмахмұт Торайғыров романдары мен өлеңдері
Ақын туралы бірер сөз (С.Торайғыров)
Қожа Ахметтің өмірбаян өрнектері
Кітаби ақындардың шығармалығындағы Ясауи сопылық ілімінің көріністерін ашу, талдау, саралау
Ахмет Байтұрсынотың ғалымдық, ақындық, қайраткерлік істері
Қазақ ойшылдары дін туралы пәні семинар сабақтың әдістемелік нұсқауы
Ислам діні - араб мәдениетінің бастауы
Бу қазандықтары мен шаң дайындау жүйелері есебі
ТҮМЕН ҰЛЫ МҮДЕ ҚАҒАН
Диалектика — даму мен ең жалпы байланыс жөніндегі ілім
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар
Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауын тексерулерді ұйымдастыру мен жүргiзу ережесi
Бухгалтерлік есептің концепциялары мен принциптері
Қожа Ахмет Яссауи туралы
Қабатты гидравликалық жару және ұңғылардың түптік аймаққа әсер ету
Қаржы-несие мекемелері рыноктық экономиканың негізгі элементі ретінде
Тергеушінің тергеу бөлімінің бастығымен және анықтау органдарымен өзара әрекеттесуі