Дос сөзі
Ашық сабақ туралы мәлімет
- Мектеп
- Бейнеу ауданы Ж. Қалдығараев атындағы орта мектеп
- Мұғалім
- Бастауыш сынып мұғалімі Сағындықова Ботагөз
- Пән
- Ана тілі
- Тақырып
- Н. Ғабдуллин. «Дос сөзі»
Сабақтың мақсаты
-
1
Тақырыпты өмірмен байланыстыра отырып, мазмұнын ашу.
-
2
Оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру, ойлау жүйесін жетілдіру.
-
3
Адамға мінездеме бере отырып, адамгершілік қасиеттерді тани білуге және оларды өз бойынан табуға ұмтылуға баулу.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа назар аударту және жұмыс ырғағын қалыптастыру
- Оқушыларды түгендеу.
- Оқушылардың сабаққа зейінін аудару.
- «Қазір қандай сабақ болады?» сұрағы арқылы пәнді анықтау (Ана тілі).
2) Үй тапсырмасын бекіту
Т. Айбергенов — «Өсіп келе жатырмын»
Жұмыс түрлері
- Үй тапсырмасын сұрау: өлеңді жатқа айту.
- Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.
- Оқушылардың болашақ мамандық туралы пікірін тыңдау.
Қайталау сұрақтары
- 1 Өлеңнің авторы кім?
- 2 Жылдан-жылға есейіп келе жатқанда, өскенде кім болғыларың келеді?
Қорытынды: оқушылардың барлығы үй тапсырмасына дайын екені анықталып, жаңа сабаққа өтеді.
3) Жаңа сабақ
Н. Ғабдуллин — «Дос сөзі»
Тақырыпты ашу
Жаңа тақырыпты анықтау үшін ребус шешіледі. Оқушылар жауабын дәлелдеп айтады.
Қорытынды: ребус жауабы — «Дос сөзі».
Сыныппен талқылау: «Бәріміздің досымыз бар ма?» — сұрағы арқылы тақырып өмірмен байланыстырылады.
Автор туралы
Нығмет Ғабдуллин 1927 жылы Көкшетау өңірінде туған. Қазақ жазушысы әрі әдебиетші.
Дәптермен жұмыс
Оқушылар дәптерлеріне күннің жадын және тақырыпты жазады:
Күннің жады
Тақырып: Нығмет Ғабдуллин. «Дос сөзі»
Ой қозғау: «Дос қандай болу керек?»
Оқушылар хронологиялық кестені толтыра отырып, досқа тән қасиеттерді атайды.
Осы тұжырым арқылы әңгіменің негізгі идеясына бағыт беріледі.
Оқулықпен жұмыс
- Әңгімені 4 оқушы кезекпен оқиды.
- Оқылымнан кейін мазмұны талқыланады.
Сұрақ-жауап
- 1 Мәтін не туралы?
- 2 Әсет пен Нұрлан кімдер?
- 3 Олар қандай дос болды?
- 4 Нұрлан Әсетті не үшін сынады?
- 5 Әсет Нұрланның сынын қалай қабылдады?
- 6 Әсет өз кінәсін мойындады ма?
- 7 Әсет Нұрланнан қалай өш алмақ болды?