Екібастұз қаласы, Шиқылдақ ауылы, Комсомол жалпы орта мектебі даярлық тобының мұғаліміАдилхан ЖанаргулТақырыбы

Екібастұз қаласы • Шиқылдақ ауылы

Комсомол жалпы орта мектебі • Даярлық тобы

Мұғалімі: Адилхан Жанаргүл

Сандар әлеміне саяхат

1–10 сандарын қайталау сабағы. Балалардың сандар қатары туралы түсінігін кеңейтіп, 10 санының орнын бекіту және қарапайым есептерді шығаруға үйрету.

Мақсаты

  • 1–10 сандарын тура және кері санауды қайталау.
  • 10 санының сандар қатарындағы орнын түсіндіру және бекіту.
  • Қарапайым есептерді шығару дағдысын дамыту.

Әдіс-тәсілдер

  • Ой қозғау
  • Сұрақ-жауап
  • Ойын тапсырмалар
  • Жеке және топтық жұмыс

Көрнекіліктер

1–10 дейінгі сандар жиынтығы, 10 саны мен цифрының жазылу үлгісі, суреттер, таратпа карточкалар, сәбіз муляждары, математика дәптері.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі — «Шаттық шеңбері»

Армысың, асыл күн!

Армысың, көк аспан!

Армысың, жан досым!

Армысыз, қонақтар!

2) Қызықтыру кезеңі — «Себеттегі құпия»

Тақтаның алдында себет тұрады. Балаларға: «Себетті ашып, ішінде не бар екенін көргілерің келе ме?» — деген сұрақ қойылады. Себетті ашу үшін бірнеше тапсырманы орындау қажет.

Сұрақтар

  • Қазір жылдың қай мезгілі? (Қыс)
  • Қыс мезгілінің ерекшелігі неде?
  • Бір аптада неше күн бар? (7)

Апта күндері

Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі, Бейсенбі, Жұма, Сенбі, Жексенбі.

Өлеңді қайталау

Дүйсенбіде — доп ойнадым далада.

Сейсенбіде — серуендедім қалада.

Сәрсенбіде — сурет салдым сәндетіп.

Бейсенбіде — би биледім әндетіп.

Жұма күні — жидек тердім.

Сенбіде — кино көрдім.

Жексенбіде — үйде болдым, дем алдым.

Осылайша өте шықты бір апта.

3) Негізгі бөлім — «Сәбіз тапсырмалары»

Себет ашылған соң ішінде сәбіздер бар екені анықталады. Балаларға: «Қоян нені жақсы көреді?» деген сұрақ қойылады. Сәбіздерді бірге санаймыз: барлығы 10 сәбіз. Әр сәбізде жеке тапсырма бар.

  1. 1-сәбіз — Санаймыз

    Дағды: тура және кері санау

    1–10 дейінгі сандарды тура және кері санау.

  2. 2-сәбіз — «Шатасқан сандар» ойыны

    Қозғалыс + зейін

    Балаларға 1–10 сандары таратылады. Музыка ойнағанда жүгіріп, билейді. Музыка тоқтағанда 1–10 саны бойынша ретімен тұрып қалады.

  3. 3-сәбіз — Көрші сандар

    Түсінік: сан қатары

    8, 9, 7 сандарының көршілерін атау.

  4. 4-сәбіз — Жазу жұмысы

    Жаттығу: графика

    Алдарындағы қағазға 1-ден 10-ға дейінгі сандарды жазу.

  5. 5-сәбіз — Есептер шығару

    Жеке жұмыс

    Балаларға жеке есеп карточкалары таратылып, есептер шығарылады.

  6. 6-сәбіз — Сергіту сәті

    Қимыл-қозғалыс

    Шынығамыз жастай біз,

    Жаттығуды бастаймыз.

    Бір, екі, үш — бір, екі, үш,

    Бойымызға жинап күш.

    Шынығамыз жастай біз,

    Жаттығуды бастаймыз.

  7. 7-сәбіз — Логикалық есептер

    Ойлау қабілеті

    Ағашта 5 құс отыр. Оның 2-еуі ұшып кетті. Ағашта неше құс қалды? (3)

    Себетте 2 алма, табақта 3 алма бар. Қоссақ, барлығы неше алма болады? (5)

  8. 8-сәбіз — Санамақ

    Тіл дамыту

    1 — дегенім білеу

    2 — дегенім егеу

    3 — дегенім үстел

    4 — дегенім төсек

    5 — дегенім бесік

    6 — дегенім асық

    7 — дегенім желке

    8 — дегенім серке

    9 — дегенім торқа

    10 — дегенім оймақ

  9. 9-сәбіз — Дәптермен жұмыс

    Бекіту

    Математика дәптерімен тапсырмаларды орындау.

  10. 10-сәбіз — Тосын сый

    Қорытынды

    Балаларға кәмпиттер таратылады.

Назарларыңызға рахмет!