Гимнастикалық элементтерінің техникасын пластикалық жағынан әдемі жасалуын қалыптастыру

Сабақ туралы мәлімет

Сынып

4-сынып

Құрал-жабдықтар

  • Секундомер
  • Ысқырғыш
  • Доп
  • Таяқша
  • Гимнастикалық құрал-жабдықтар

Сабақтың мақсаты

  • Иілгіштік, ептілік, төзімділік және күшті дамыту.
  • Қимыл-қозғалыс аппаратының дұрыс қалыптасуын жетілдіру.
  • Гимнастикалық элементтерді техникалық дұрыс әрі пластикалық әдемі орындауды қалыптастыру.

Сабақтың тақырыптары

  1. Сап жаттығулары (қауіпсіздік ережелерін сақтау)
  2. Гимнастикаға арналған арнайы дене жаттығулары
  3. Жүреден отырып алға домалап түсу және қайталап отыру
  4. Қозғалмалы ойындар

Мазмұны: дайындық бөлімі

Ұйымдастыру жұмыстары

  • Сапқа тұрғызу
  • Рапорт беру
  • Амандасу
  • Тізім бойынша тексеру
  • Сабақтың тақырыбын түсіндіру

Ескерту: қауіпсіздік ережелерін сақтау — барлық тапсырмаларда негізгі талап.

Жүгіру жаттығулары

  • Жай жүгіру
  • Қол белде, аяқты алға сермеп жүгіру
  • Қол желкеде, тік аяқты артқа сермеп жүгіру
  • Тізені көтере жүгіру
  • Денені бос ұстап, аяқты жиілеп жүгіру

Жүру жаттығулары

  1. Демді қалпына келтіру
  2. Қол желкеде, денені оңға-солға бұру
  3. Қол жоғарыда, аяқтың ұшымен жүру
  4. Қол желкеде, өкшемен жүру
  5. Әр адым сайын алға еңкею
  6. Спорттық жүріспен жүру, қолды жанға созу
  7. Спорттық жүріс
  8. Демді қалпына келтіру

Жалпы дамыту жаттығулары

A) Басты айналдыру

Бастапқы қалып (Б.қ.): аяқ иық көлемінде, қол белде.

  • 1–4 — басты солға айналдыру
  • 5–8 — басты оңға айналдыру

B) Қолды иықтан айналдыру

Бастапқы қалып (Б.қ.): қол иықта, аяқ иық көлемінде.

  • 1–4 — қолды иықтан алға айналдыру
  • 5–8 — қолды иықтан артқа айналдыру