Күкірттің тотығу дәрежесі
Тақырып
Күкірт қышқылы
Сабақтың мақсаты
Оқушыларға күкірт қышқылының молекулалық құрылысы, физикалық және химиялық қасиеттері, сондай-ақ халық шаруашылығындағы қолданылуы туралы жүйелі білім беру. Химиялық реакциялар арқылы оның қасиеттерін сипаттап, реакция теңдеулерін сауатты жаза білуге дағдыландыру.
Күкірт қышқылы бойынша оқушылардың іскерлігін дамыту: өз бетімен ізденуін, ой-өрісін, шығармашылық қабілетін арттыру. Оқулықпен дербес жұмыс істеуге және химиялық формулаға сүйене отырып реакция теңдеулерін құрастыра білуге үйрету.
Экологиялық тәрбие беру: күкірт қышқылы мен оның қосылыстарының өмірде және тұрмыста қолданылуын түсіндіру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға баулу және оқушының тұлғалық қалыптасуына жағдай жасау.
Сабақ түрі
Жаңа білімді меңгерту сабағы
Әдістер
- Ақпараттық-кеңейтілген
- Топтық жұмыс
- Сұрақ-жауап
- Сөз-көрнекі тәсіл
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Слайдтар
- Тірек-сызба
- Танымдық тапсырмалар
- Суреттер
Сабақтың барысы
- I Қайталау — оқу анасы
- II Білгенге — маржан
- III Мағынаны табу
- IV Білімді тиянақтау
- V Ой түйіндеу
I. Қайталау — оқу анасы
Өткен тақырыпты еске түсіру үшін қысқа әрі нақты тапсырмалар орындалады.
а) Графикалық диктант (H2S — күкіртсутек)
Төмендегі тұжырымдарға «Иә» немесе «Жоқ» деп жауап беріңіз.
- 1 Күкірттің тотығу дәрежесі −2.
- 2 Бұл — жай зат.
- 3 Өте улы газ.
- 4 Бұл — негіз.
- 5 Жағымсыз иісі бар.
- 6 Күшті қышқылдық қасиет көрсетеді.
- 7 Суда нашар ериді.
- 8 Ауада көгілдір жалын шығарып жанады.
- 9 Заттың құрамында сутектің төрт молекуласы бар.
- 10 Әлсіз қышқылдық қасиет көрсетеді.
ә) Жұмбақ
Түссіз, ауыр, сұйықтық,
Су құйылса, қызып тұр.
Ылғал тартып ауадан,
Күштілігі артып тұр.
Ал, қанеки айтыңдар,
Қай қышқылды айтып тұр?
Кеңес: жұмбақта қышқылдың физикалық қасиеттері мен сумен әрекеттескендегі жылу бөлінуі сипатталған.