Римдіктердің қандай жетістіктерін білесің

Сабақтың тақырыбы

Ежелгі рим қоғамы римдік мәдениеттен қалай көрініс табады?

Сабақтың мақсаты

  • Ежелгі Рим мәдениетінің ерекшеліктерін және оның әлемдік мәдениетке әсерін анықтау.

Жетістік критерийлері

  • Плебейлер мен патрицийлер арасындағы күрестің себептерін дұрыс анықтайды.
  • Ежелгі римдіктердің әлемдік мәдениетке қосқан үлесін дұрыс анықтайды.

Сабақтың түрі

Зерттеу арқылы жаңа материалды меңгеру сабағы.

Құндылықтарды дарыту

Түрлі елдердің мәдениетіне құрмет қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Өнер, әдебиет.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар Римнің қала-мемлекет және империя ретінде өсуіне әсер еткен тарихи факторларды талқылау кезінде академиялық тілді қолданады.

Пәнге тән лексика және терминология

империя республика плебейлер патрицийлер принципат доминат трибун сенат Цезарь

Жазылым мен диалогқа пайдалы тіркестер

  • … болғандықтан, римдіктер қуатты бола бастады.
  • … арқасында Рим әскері күшейе бастады.

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар 6-сыныпта Мысыр мен Грекияның ежелгі өркениеттері бөлімін аяқтап, ежелгі әлем өркениеттері мен олардың мәдениеті, Жерорта теңізі өңіріндегі өркениеттердің гүлденуі, сондай-ақ осы империялардың күшею себептері туралы білімге сүйенеді.

Сабақтың кезеңдері мен іс-әрекеттер

Сабақтың басы

5 минут

ПСМ: суреттер арқылы ой қозғау

Оқушыларға римдік мәдениетке қатысты суреттер топтамасын көрсетіңіз: мифология, сәулет өнері, дін және т.б.

  • Бұл суреттер бір-бірімен қалай байланысты?
  • Римдіктердің қандай жетістіктерін білесіңдер (су бұрқақтары, моншалар, амфитеатрлар, жолдар және т.б.)?

Дифференциация

Оқушылар суреттерді пайдаланып, алдыңғы білімдеріне сүйене отырып қысқа әңгімелер құрастырады.

Бүгінгі сабақта біз рим қоғамының құрылымы, Римнің және Империяның басқарылуы, патрицийлер мен плебейлердің құқықтары, сондай-ақ ежелгі римдіктердің жетістіктері туралы білеміз.

Сабақтың ортасы

25 минут

Мұғалімнің түсіндірмесі: Рим қоғамының құрамы

Рим қоғамы патрицийлер мен плебейлерден тұрды. Патрицийлер — ақсүйектер: олар белгілі рим тайпаларынан шыққан, Ромулмен бірге қаланы жеті төбеде құрғандар деп есептелді. Плебейлер — кейін келген тұрғындар, атақты әулеттен шықпағандар. Дегенмен уақыт өте келе плебейлер арасынан да өз тайпалары, тектері және бай отбасылары қалыптасып, олар да билікке ұмтылды.

Уақыт өте плебейлер саны патрицийлерден көбейіп, олардың арасында саяси және әлеуметтік күрес күшейді.

Тапсырма 2: Иллюстрациялармен жұмыс (жұптық)

Ежелгі Рим сәулет құрылыстарының суреттерін зерттеңіздер: Траян бағанасы, Рим форумы, Колизей, Пантеон, Сатурн ғибадатханасының бағаналары.

  • Суреттер сіздерге қалай әсер етті?
  • Мұндай нәтижеге қалай қол жеткізілді?
  • Рим құрылысшылары әлемдік сәулет өнеріне қандай үлес қосты?

Жетістік критерийі

Оқушылар рим мәдениетінің еуропалық өркениетке қосқан үлесін дұрыс анықтайды.

Тапсырма 3: Интернет-ресурстармен жұмыс (топтық)

Әр топ өз бағыты бойынша ерекшеліктерді анықтап, қорытынды ретінде постерді толтырады.

1-топ

Сәулет және мүсін өнері

2-топ

Бейнелеу өнері, поэзия

3-топ

Ойын-сауық (гладиаторлар шайқасы), римдік құқық

Дереккөзді талдау алгоритмі

Мәдениет ескерткіштерін тарихи дереккөз ретінде талдауда төмендегі рет сақталады:

  1. 1 Ескерткіштің атауы мен түрі
  2. 2 Әлеуметтік құбылыстармен байланысы
  3. 3 Ескерткіштің маңыздылығы

Талқылау сұрақтары

  • Рим мәдениеті қай елдің мәдениетімен көбірек ұқсайды?
  • Бұл ұқсастықтар қандай тарихи байланыстармен түсіндіріледі?
  • Римдіктер сәулет құрылыстары арқылы нені көрсеткісі келді?

Оқу мәтіні: Рим сәулеті мен инженериясы

Рим — «Мәңгі қала» атанған, әлемдегі ең көне қалалардың бірі. Ежелгі римдіктер аса шебер құрылысшылар болды. Олар әктас ерітіндісінен, қиыршық тастан және жанартаулық құмнан бетон жасауды үйренді. Бетонның арқасында көлемді әрі берік ғимараттар тұрғызу мүмкіндігі артты.

Рим империясында 80 000 км-ден астам тас жол салынды: олар ұзын, түзу және берік болды. Терең аңғарлар, шатқалдар немесе батпақты алқаптар арқылы алып тас көпірлер тұрғызылды. Олардың ішіндегі бір виадуктің ұзындығы 132 км-ге дейін жеткені айтылады.

Су құбыры жүйелері арқылы су таулардан немесе төбелерден тартылып, виадуктердің үстімен қалаларға жеткізілді.

Мектеп туралы мәлімет

Мектеп
Орал қ., ФМБ НЗМ
Мұғалім
Букаева Б. С.

Негізгі сұрақ

Ежелгі рим қоғамы римдік мәдениеттен қалай көрініс табады?