Махамбет бес жолды өлең

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Тақырыбы
Халық кегінің күйшісі — Құрманғазы (мәтін авторы: Әбу Сәрсенбаев)
Типі
Жаңа білім беру
Түрі
Топпен жұмыс
Әдістері
«Джиксо», «Бес жолды өлең», топтастыру
Көрнекілігі
Күйшілердің, Әбу Сәрсенбаевтың, Махамбет Өтемісұлының суреттері, таратпа материалдар

Сабақтың мақсаттары

I. Білімдік

Артына өсиет мұра қалдырған Құрманғазы Сағырбайұлы туралы таныстыру. Мәтін авторы Әбу Сәрсенбаев жөнінде мәлімет беру. Мәтінді түсініп оқуға машықтандыру.

II. Дамытушылық

Олардың өмірін, халқына сіңірген еңбегін үлгі ете отырып, оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын және сауатты оқу дағдысын дамыту.

III. Тәрбиелік

Халық күйшілері мен ақындарының өмірін құрметтеуге, сүюге, олардың рухани мұрасын ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыруға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды 3 топқа бөлу, топ жетекшілерін сайлау.
  • Үй тапсырмасын сұрау және қысқаша талдау.

2) Үй тапсырмасын тексеру

1-топ

С. Бердіқұлов туралы зерттеу жұмысы.

2-топ

Мәтін мазмұнын айту.

3-топ

Ғ. Қосанов туралы әңгімелеу.

Үйге берілген тапсырма: С. Бердіқұлов пен Ғ. Қосанов туралы қосымша мәлімет жинап келу және мәтінді түсініп айту.

3) Қызығушылықты ояту

Мұғалім оқушылармен «мамандықтар» тақырыбында қысқа әңгіме жүргізеді: шахтер, күйші, жазушы, спортшы, дәрігер, мұғалім, әнші.

Талқылау сұрағы

Күйші дегеніміз кім? Қандай күйшілерді білесіңдер?

Оқушылардың ықтимал жауаптары: Құрманғазы, Дина, Асылбек Еңсепов, Сәкен Тұрсынбеков және т.б.

4) Жаңа тақырыпқа көшу

Негізгі тұлға

Құрманғазы Сағырбайұлы — қазақ халқының ұлы сазгері, күй өнерінің көрнекті өкілі.

Мәтін авторы

Әбу Сәрсенбаев — Каспий жағасында дүниеге келген қаламгер, «Теңіз жыршысы» атанған, бастауыш сыныптарға арналған оқулықтар жазған. Қазақстанның халық жазушысы. Атырау облысы, Құрманғазы ауданымен байланысты.

5) Мәтінмен жұмыс («Джиксо» әдісі)

Мәтін бөліктерге бөлініп, әр топ өз бөлімін оқып, түсінігін айтады және бөлімге атау береді.

1-топ

«Қой баққан бала»

2-топ

«Махамбет пен Құрманғазының кездесуі»

3-топ

«Махамбетпен қоштасуы»

Қосымша сұрақ

Махамбет Өтемісұлы кім? Оқушылардың жауаптарын тыңдау.

6) Топтық тапсырмалар (мәтіннен дәлел табу)

1-топ

Әңгімедегі табиғат суреттелген жерді тауып, мәнерлеп оқыңдар.

2-топ

Махамбет пен Құрманғазының кездескен тұсын тауып, оқыңдар.

3-топ

Махамбет пен Құрманғазының қоштасқан жерін тауып, оқыңдар.

7) Құрманғазы туралы мәлімет

  • Батыс Қазақстан өңірінде дүниеге келген.
  • Кедей отбасынан шыққан.
  • Ұстазы — Ұзақ күйші.

Құрманғазы күйлерін ұлт-азаттық күрес рухымен сабақтастыра отырып шығарған. Белгілі күйлері: «Түрмеден қашқан», «Адай», «Кішкентай», «Ақсақ киік» және т.б.

8) Дәптермен жұмыс

Сөздік жұмыс (жалпылама)

«Сылти басып»
Ақсай жүріп, ақсаңдай басу.
«Қабырғаң әлі қатпаған, томағаң әлі толмаған»
Әлі жассың, әлі толыспағансың.

9) Сұрақ-жауап арқылы мәтінді талдау

  1. 1 Мәтіндегі баланың ағаш тамырынан жасағаны не?
  2. 2 Құрманғазы кіммен кездесті?
  3. 3 Құрманғазы Махамбетке қандай өтініш айтты?
  4. 4 Махамбет Құрманғазыға қалай жауап берді?
  5. 5 Құрманғазы домбыраны не үшін жасамақ болды?
  6. 6 Бала неге батырмен бірге кеткісі келді?

10) Сабақты қорытындылау

1-топ

Құрманғазы туралы «Бес жолды өлең» құрастыру және топтастыру.

2-топ

Әбу Сәрсенбаев туралы «Бес жолды өлең» құрастыру.

3-топ

Махамбет туралы «Бес жолды өлең» құрастыру.

Мәтіндегі негізгі ойды анықтау. Уақыт қалса, тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер айту.

Бағалау

Текшелер арқылы бағалау.

11) Үй тапсырмасы

  • Мәтінді түсініп оқу.
  • Оқығанын мазмұндап айту.